Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін,қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту; әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру; оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
Міндеті: Оқу сапасын ( дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;ақын –жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін , негізгі мазмұнын білгізу;Оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау; оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуын,сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Өзектілігі:
1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.
2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.
Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |