ІІ-тур: «Адасқан әріптер!»Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.
«Интернет» тобына«Модем» тобына
•ЕОДМЕ •ИМРКООНФ
•ОНТИРМО •АКЬЛУКТОЯЛР
•РСУИВ •ИТНРНЕТЕ
•ЫШТАҚН •ЕРНПЕАҚТАТ
•РИНПРЕТ •ОЛОКНАК
•ҚАПРАТА •МЕАРКА
Дұрыс жауаптары:
•МОДЕМ •МИКРОФОН
•МОНИТОР •КАЛЬКУЛЯТОР
•ВИРУС •ИНТЕРНЕТ
•ТЫШҚАН •ПЕРНЕТАҚТА
•ПРИНТЕР •КОЛОНКА
•АҚПАРАТ •КАМЕРА
ІІІ-тур: «Мақал-сөз мәйегі!»бұл бөлімде топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі интерактивті тақтада, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс шешілген мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
6. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
7. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
ІV-тур: «Бәрін білгім келеді!»Интерактивті тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың тақырыбына сай сұрақтар беріледі. Ұяшықтардағы сұрақтарға дұрыс жауап берген топ ұяшық ұпайын ала алады, егер жауабы дұрыс болмаса келесі топ жауап беріп ұпайын иеленуге құқылы.
1. Ғалымдар:
10 ұпай – Компьютердің атасы? (Чарльз Бэббидж)
20 ұпай - 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым? (Блез Паскаль)
30 ұпай – Ең алғашқы программист кім? (Ада Лавлейс)
2. Тарих:
10 ұпай - Бұл санау құрылғыларын Римдіктер «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар «соробан»деп ал біздің елімізде не деп атаған?(шоттар)
20 ұпай - ЭНИАК машинасын кімдер, қайда, қай жылы құрастырды? (АҚШ-та, Пенсильван университетінде, 1943-1946жж)
30 ұпай - Ақпарат сөзі қайдан шықты? Мағынасы қандай? (латыннан, түсіндіру, баяндау)
3 Әртүрлі:
10 ұпай – Биыл Ұлы Жеңіске неше жыл болады? (70 жыл)
20 ұпай – Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986ж, 16-17 желтоқсан)
30 ұпай – Теңгенің туылған күні (15 қараша 1993ж)
Ғалымдар
|
10
|
20
|
30
|
Тарих
|
10
|
20
|
30
|
Әр-түрлі
|
10
|
20
|
30
|
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.-деп
Достарыңызбен бөлісу: |