Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Савилхан Меруерт
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы.Ұлттық валютамыз -теңге
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау
Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс,ЖИГСО -1
Сабақтың көрнекілігі: ҚР. картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру (1 минут)
1) Амандасу.
2) Оқушылар назарын сабақ барысына аудару.
3).Психологиялық дайындық.
ІІ Үй тапсырмасың сұрау.Футбол ойыны
1) Қазақстан Республикасы қандай мемлекет
Жауабы: (Тәуелсіз,егемен)
2) Қазақстан республикасымен шекаралас мемлекеттер
Жауабы: (Ресей,Қытай,Өзбекстан,Қырғызстан,Тәжікстан)
3) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
Жауабы: (Елтаңба,ту,әнұран)
4) Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды?
Жауабы: (1995 жылы 30 тамыз)
5) Тұңғыш қазақ ғарышкері
Жауабы: (Тоқтар Әубәкіров)
6) Қазақстанда тұратын қанша ұлт өкілдері бар ?
Жауабы: (130 астам)
7) Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Жауабы: (1941-1945 ж)
8) Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
Жауабы: (Екі жағдайда: 1 ) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда;)
І.Миға шабуыл
Төл туындысы
ҚР валютасы
ТЕҢГЕ
дизайнері
Тимур Сулейменов
Кіші Ази Грекия
1993 ж 15 қараша
Алтын,күміс
Англия
Қағаз,тиын
Сабақты төмендегі сөзбен бастау: «Ұлттық валюта ретінде теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ.Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі,өз заманының нысаны».
Н.Ә.Назарбаев
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспар:
1). Нумизматика дегеніміз не?
2). Теңгенің шығу тарихы
3).Қазақ жеріндегі ақша түрлері
4). Қазақстан республикасының ұлттық ақшасы –теңге
Мағынаны тану
Сыныпты жанұя тобынан жұмыс тобына жіберу.Оқулықпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру.
Нумизматика
Ақша туралы
Қазақ жеріндегі ақша
Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы –теңге
Оқушылар оқыпболған соң, жұмыс тобынан жанұя тобына келеді.Жанұя тобында жұпта, топта талқылайды да, спикерлері шығып түсінгенін айтады.
Енді топтар бір –біріне сұрақтар қояды.
Ақша қандай қызмет атқарады?
Ақшына қайда жинауға болады?
Қазақ теңгесі қайда басылды?
Ертедегі сауда қалай жасалған?
Мұғалім : Нумизматика – табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым.
Нумизматиканың негізін салушы – веналық коллекционер,
оқымысты И. И. Эккель (1734 - 1798)
Пегуния латын тілінде ақша деген мағына білдіреді
Айырбас сауда түрлері:
Меланезия – акула тістері
Монғолдар – кірпіш шай
Көшпелілер – мал және мал терісі
Әр елдің өзінің ұлттық ақша бірлігі яғни валютасы болады.
Сәйкестендіру .
|
|
Америка
|
|
|
Ресей
|
|
|
Қазақстан
|
|
|
Қытай
|
|
|
Өзбекстан
|
Достарыңызбен бөлісу: |