Бекітемін:
Күні: 17.03.17
Сыныбы: 10 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:«Power Point» бағдарламасында презентация құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту.
Міндеттері:
Білімділік Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып
презентация құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық
мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,
уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсундіру-көрсету,жобалық қызмет, жұптық жұмыс,
деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сабақтың қолданылатын көрнекілігі:электрондық оқулық,слайд-фильм,
интернеттен алынған суреттер.
Пән-аралық байланысы:қазақ тілі,ағылшын тілі,бенелеу өнері.
Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі:сыныптың сабаққа дайындығын тексеру,жұптастыру.
II.Үй жұмысын тексеру:
1. сұрақ-жауап арқылы (слайдтарды қолдану)
- Power Point не үшін арналған бағдарлама?
- Power Point-ты іске қалай қосуға болады?
- Power Point меню құрамы неден тұрады?
- Слайд дегеніміз не?
-Слайд-фильм(презентация) деп нені атайды?
-Слайдтарды қалай қосуға болады?
- Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?
-Графикалық объектілерді орналастыру қалай жүзеге асырылады?
2. 10- сыныпқа арналған электрондық оқулықтан тапсырмаларды орындау:
1-тапсырма:Қандай бағдарлама слайдтарды жасауға және өңдеуге арналған?(Тиісту бағдарламаны таңдау)
2-тапсырма:Тапсырмалар аймағы үстеліндегі Түстер сұлбалары қосымшасын ашып слайдқа түрлі қалыптарды қолданып көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |