Сабақты талдау Күні



бет1/2
Дата19.01.2023
өлшемі80 Kb.
#165879
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Сентябрь 1




«МИРАС» КОЛЛЕДЖІ МЕКЕМЕСІ

Сабақты талдау





Күні:

16.09.2022ж

Пән мұғалімі:

Тамара Махалқызы

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Курс, тобы:

МТ – 201(г)

Сабақтың тақырыбы:

Қуыршақ театрымен ертегі сомдау

Сабақтың мақсаттары:

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

Сабақтың түрі:

Тәжірибелік сабақ

Сабаққа қатысу мақсаты:

Топ тыңдаушыларының бағыттары мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері болғандықтан олармен жұмыс жүргізу, сабақ беру әдістемесін көру, тәжірибе алмасу.

Сабақ барысы:

Топ тыңдаушыларымен сәлемдесіп, түгелдеп алды және алдыңғы білімдерін есте қайта жаңғыртып, пысықтау сұрақтарын қойып, жауаптарын толықтырды.

Ұйымдастыру:

Сынып бөлмесінің тазалығына, топ тыңдаушыларының сабаққа қатысымдылығына назар аударды.

Үй тапсырмасын тексеру:

Үй жұмысын сұрап, толықтыру мақсатында қосымша сұрақтарға жауап алды.

Топтың сабаққа дайындығы:

Топ тыңдаушылары сабаққа белсенді қатысып отырды.

Ескертпелер

Оқытушы пікірі

Сабақты жоспарлағанда білім алушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

Сабақ барысында топ тыңдаушыларының толық сабаққа қатысуы ескерілген және әр тыңдаушы берілген тапсырмаларға өз деңгейлеріне қарай қатысып отырды.

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Сабақ тәжірибелік, сахналастырылған сабақ болғандықттан үй тапсырмасы да қамтылған.

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма?

Топ тыңдаушыларының түгел қатысуы;
Тапсырма орындау барысында әр тыңдаушының деңгейі ескерілген;
Өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік берілуі;
Өзара кері байланыс беруде ұсыныс айту қолданды

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Әр тапсырма берілген уақыт аралығында орындалу керектігі айтылды және берілген тапсырмалар оқу мақсатына бағытталған.

Оқытушы жұмысының жүйесі

Пән мұғалімі тақырыпты жоспарлау барысында жүйелілікке назар аударған

Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде сұрақтар қоя жүріп, кейіпкер мінездемесін беруде қимыл-әрекеттерге назар аудару керектігін айта жүріп, топ тыңдаушыларының шағын топта жұмыс жасау үшін тапсырма берді. Тапсырма қуыршақ театрымен ертегі сомдау болғандықтан, әр топ өз кейіпкерлерімен танысып, ертегі мазмұнын өзара талдау жасап алуды тапсырды.

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды?
Топтық, жеке

Тапсырма сахналастыру болғандықтан шағын топтарда жұмыс жасау тапсырылды. Әр топтағы студенттер өзара тыңдап, талдау жасады..

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма?

Берілген тапсырманы орындау барысында топ тыңдаушылары белсене қатысты.

Сынып бөлмесінде қандай құрал - жабдықтары пайдаланылды?

Сынып бөлмесінде қолданған құрал-жабдықтары A4 форматты парақтар мен маркер, қалам қолданылды.

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Пән мұғалімі топ тыңдаушыларының өзара түсінулеріне, бір-бірін тыңдап, пікірлерін тыңдауына және өзара айтылған ұсыныстары мен кеңестеріне назар аударып жүрді.

Бағалау:

Шағын топта жұмыс жүргізілгендіктен, топтық бағалау жүргізілді.

Үй тапсырмасын беру

Өз беттерімен орындау үшін берілген тапсырма әрбір тыңдаушының ізденуіне бағытталды.

Сабақ кемшіліктері

Сабақтың қызықты өтуі кемшіліктерін білдірмеді.

Оқытушы көздеген мақсатына жетті ме?

Оқу мақсатына қол жеткізілген әрбір сабақ нәтижелі деп білемін.

Сабақ бойынша қорытынды пікір: пән мұғалімінің топ тыңдаушыларымен жүргізген сабағына риза болдым және қазақ әдебиеті адамды әдемілікке жетелейтін пән екеніне тағы да көзім жетті.


Ұсыныстар: Әрбір сабаққа сәттілік тілеймін.

Сабаққа қатысушы _____________Мырзатаева Гулсара________________________


Талдаумен таныстым ___________Тамара Махалқызы__________________________

УЧРЕЖДЕНИЕ КОЛЛЕДЖ " МИРАС»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет