Сабақтың тапқырыбы: «Қар». Бауыржан Жақып.
Сабақтың мақсаты: өлеңді оқу кезіндегі балалардың сезімдерін қоса талдауға мүмкіндік беру. Өлең мазмұны арқылы таныс, таныс емес сөздерді талдау.
Сабақтың мақсаты:
Автормен таныстыру. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру.
Қар туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.
Табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, іздену.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс келбеті суреттері, автор портреті, ойынға қажетті суреттер мен сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Қазақ тілі
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Бауыржан Жақыптың «Қар» өлеңінің мағынасын түсінуіне, табиғаттың керемет тылсым күшін, кардың әдемілігін тануына мүмкіндік туғызу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдерін, жазу мәдениетін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: қысқы табиғатты тамашалау арқылы әр жыл мезгілінің өзгешілігін өзінше бағалауға, әсемдікті, әлемділікті түсінуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: балалар салған суретер. Қыс келбетін бейнелейтін суреттер. «Қыс келбеті» этюдінен үзінді.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ашық сабақты хабарлау.
Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Видео ролик «Қыс» (1 мин.)
- Балалар осы бейнероликтен не көрдіңдер?
- Не түсіндіңдер?
Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?
- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қыс» Міржақып Дулатов.
«Галереяға саяхат» әдісі арқылы оқушылардың бейнелеу өнері, еңбек сабақтарында орындаған жұмыстарынан ұйымдастыру.
Үйге қандай тапсырма берілген? Міржақып Дулатов. «Қыс» мәтіні.
Сұрақтар:
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
3. Бірінші бөлімде жазушы қай мезгілді суреттеген?
4. Екінші бөлімде қыстың қай кезеңін суреттеген?
5. Үшінші бөлімде қыстың қай кезеңін суреттеген?
- Балалар мәтінде бізге таныс емес қандай сөздер берілген?
Сөздік жұмыс
Бек қиын – өте қиын
Шилі бет – бетін үсік шалған
Балалар берілген мәтіннің бөлімдері бойынша салған суреттерін қорғайды.
- Қыс мезгілінің
- Орман ішіндегі қоянның
- Үй жануарлары мен жылқышылардың.
«Галереяға саяхат» көрме ұйымдастырылады.
Қалған балалардың суреттерін қонақтарға көрсетеміз.
Ортаға «Ақша қар» шығып балаларға әкелген «Аққала» сыйлығын сыйлап, би билейді.
Аққала тапсырмалары.
Сұрақтар:
Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгіліндегі қиындық туғызып жатқан не екен?
(Қалың қары, ысқырып соққан аязы, үскірік бораны, күннің қысқалығы, өзен-көлдердің мұз болып қатуы, т.б.)
-Жақсы жағы қандай? ( Қыста ғана ойналатын ойын түрлері, қардан кейінгі таза ауасы, Жаңа жыл мерекесі )
- Аққала неден жасалады?
- Аққала ақ қардан жасалады.
- Қар деген не?
- Балалар қыста күн суық болады. Сонда жоғары көтерілген бу бірден майда мұз түйірлеріне айналады. Олар бір-біріне жабысып, мұз болып, жерге қыс мезгілінде аппақ қар жауады. Қар - қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын - шашын.
-Аққаламен би. «Қар жауды».
ІV. Жаңа сабақ
Мағынаны тану. «Қар» Бауыржан Жақып
Сонымен, балалар сабақтың тақырыбы қалай болуы мүмкін? «Қар»
Автордың өмірбаяны . Жақып Бауыржан Өміржанұлы (1 мамыр 1963 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора ауылы)
Енді осы қар туралы Бауыржан Жақыптың өлеңін оқып, «топтастыруымыздағы» қар түрлері бар ма екен, жоқ болса, тағы да қосып жазалық.
Өлеңді тыңдау
Өлеңді шумақпен оқушыларға тізбектетіп оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Әр шумақты оқыған оқушы қандай қар түрі суреттелгенін айтады және өздері құрастырған «топтастыруға» қосады немесе егер бар болса, бояп қояды.
үлпек ақша күрті
Қар
үркек жұлдыз
мамық қасат омбы
Қардың түрлерін кім біледі?
Қар түрлері:
Ақша қар-жаңа жауған таза қар.
Алақанат қар-бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Анжыр қар-қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы қар.
Бозқырау қар-күзгі күні тоңазудан болатын шық.
Қырау қар-суық күзде тоңазыған дымкыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Омбы қар –ат бауырлайтын қалың қар.
Ұлпа қар-жеңіл үлпек қар.
Үйме қар-боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
Үрме қар-жел үрлеп, жиынтықтан тығыз қар.
Ақша қар – жаңа жауған таза қарды айтамыз.
Жапалақ қар – ірі түйіршікті қар.
Мұздақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Қыстың көркі - қар» демекші, жер-дүниені аппақ мамыққа орап жатқан қардың да өзіндік әсемдіктері бар, өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік. Қардың әр түіршігі алты бұрышты болып келеді, сондай-ақ бір-біріне ұқсамайды. Мұндай алты бұрыштар тек қарда ғана емес, ара ұяларында да кездеседі. Ал олар қалай пайда болады, бұл –әзірге жұмбағы көп мәселе.
- Ендеше болашақта қар ұлпасын, болмаса араның ұясын зерттеймін десеңдер, бұл әлі ешкімге сырын ашпаған ғылым екен. Ойланыңдар!
VІ. Слайд көру, балардың даладағы ойындары.
Енді балалар қыс туралы өлең, тақпақтар айтып, қатармен жарысып көрейік.
VІІ. Әр бала өзін-өзі бағалайды.
Кері байланыс:
- Не білдім? Не түсіндім? Не қызық болды?
- Маған сабақ өте ұнады
- Мен сабақта жақсы жауап бердім
- Мен өзіме бес қойдым
VІІІ. Б. Жақып «Қар». Өлеңін жаттау, қар түрлерінің суретін салып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |