Дамытпалы сабақ
Сабақтың тақрыбы. Көбелек пен ебелек.
Сабақтың мақсаттары: А) Білімділігі:
Оқушылар мәтінді негізгі оқйды, идеяны ұғыну арқылы мысалдардың мазмұнын меңгереді. өбелек пен ебелек туралы білімдерін кеңейеді. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушылар сұрақ қою арқылы жан – жақты ойлауға үйренеді;
Ә) Дамытушылығы: Дәлелді сөйлей білуге үйренеді. Ой - өрістерін, тілін, сөздік қорын, тілдерін дамытады;
Б) Тәрбиелігі: Қорқақ, тиянақсыз, жеңілтек, ақылсыз, мақтаншақ, тұрақсыз, сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, батыл, тұрақты, өз ісіне болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Жаңа білімді бекітусабағы.
Қолданылатын стратегиялар: "Ой шақыру","Ассоциация", Венн диаграммасы.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ.
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, тірексызба, карточка,тест, перфокарта, топпн жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті сурет, автордың суреті.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындалу.
2) Үй тапсырмасын сұрау (карточка, перфокарта, тест).
"Бәйге" атты ойын түрінде сұралады.
1. а)Мұхтар Мағауин кім?
ә) Мағжан күшікпен қай кезде танысты? б) Күшіу қай жердеотыр екен?
2.а) Мағжан мен күшік қалай табысып достасты?
ә) Ертеңінде Мағжан күшікті таба алады ма? б) Күшік қошаудан неліктен шыға алмады?
3.а) Мағжан күшіктіқалай шығарады?
ә) Мағжан күшікке қандай қамқорлық жасап жүреді? б) Екеуінің достығын қалай бағалайсыңдар?
Үй тапсырмасын қорту: Сонымен Мағжан қандай бала?
Мағжан: - қайрымды, мейрімді, достыққа адал, сөзінде тұра білетін ақылды бала.
3) Сергіту сәті: (жерлес ақын Ұ.Есдәулетовтің "Көбелек " өлені.)
4) Жаңа сабақ. Жаңа сабақты бастамас бұрын, кімнің шығармасы екенін сөзжұмбақ шешу арқылы тауып алайық.
1. "Сен ғылымға" (өлеңнің авторы)
2"Сүт қалай ұйықтады?" (өлеңнің авторы)
3.Дүниедегі асыл жан.
4. Түнде жарық ететін не?
Олай болса, біз бүгін Ш.Смаханұлының "Көбелек пен ебелек" мысалымен танысамыз.
1) Мысал деген не еді?
2) Шоқаның қандай мысалымен таныспыз."Тәкәппәр".
3) Онда балықтың қандай қасиеті сыналып еді? (мақтаншақтығы)
Олай болса, біз "Көбелек пен ебелек" мысалының мазмұнын меңгере отырып, ақын көбелек пен ебелектің қандай қасиеттерін сынайтынын біліп, мысалды өз сөзімзбен әңгімелеуге үйренеміз.
5) Ассоциация. Көбелек пен ебелек туралы не білеміз, еске түсірейік.(Көбелекжәндіе, ұшады, түсі әртүрлі, жүйрік, гүл тозаңдандырады. Ебелек – шөп, малжейді.)
6) Оқулық пен жұмыс. Оқып беру.
7) Өз беттерімен оқыту (түртіп алу стратегиясы)
8) Сөздік жұмысы:
Тымық –ашық;
Қолпаштау – жақтау;
Реуішті – ұқсас;
Желқабыз – керемет.
9) Рөлді бөліп оқу.
10) Талдау.
А) Бір күні кімдер кездеседі?
Ә) Ебелек көбелекке қандай ақыл айтады?
Б) Көбелек не деді?
В) Екеуінің әңгімесі неге үзілді?
Г) Ақын көбелек пен ебелектің қандай қасиеттерін сынайды.
11) тауып оқу.
12) Енді көбелек пен ебелектің сөздерін тірек сызбаға түсірейік.
Жүйрік еді құйын еді
Бірге жүрейік Көбелек тату – тәтті тұрайық
Аға (сен) жаға (мен)
Шатсың, көңілдісің
Қанаты бар Ебелек таланттысың
Серісің терісің
Бір жерге қыстайық
13) Тірек сызбаны пайдалана отырып, ебелек пен көбелек салыстырайық (Венн диаграммасы).
Көбелек Ебелек
Жәндік, қорқақ, шөп,
Жүйрік, тиянақсыз, мал
Гүл тозаңдандырады мақтаншақ, жнеді
жеңілтек,
ақылсыз,
тұрақсыз
14) Топпен жұмыс.
а) Мысалды оқу алқылы нені сезіндің?
ә) Қандай қылықтарды аулақ жүруіміз керек?
б) Мысалдан негізгі ой түйдіңдер?
в) Мысалдағы негізгі ой не екен?
15) Қортыңды: Олай болса, сендер не егеменді еліміздің құлпырып келе жатқан болашағысындар жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қылықтардан аулақ болып, көбелек пен ебелек сияқты ұшып – қонбай, тиянақты, орнықты, батыл, сөзімізді тұра білетін азамат болып өсейік.
16) Үйге: 1) Мысалды түсініп оқу.
2) Нақыл сөздерді дәптерге жазып келу.
3) Рөлге бөліп оқуға дағдылау, сахналауға әзірлеу.
17) Бағалау.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылы.
Достарыңызбен бөлісу: |