Сабақтың технологиялық картасы (жоспары) Топ Күні 1 негізгі фо-1 03. 03



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі0,52 Mb.
#46757
түріСабақ
1   2

Сабақ мазмұны

Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері



Қосымшалар, өзгерістер




  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау

  3. Жаңа тақырып бойынша қосымша ақпарат беру

  4. Сабақты бекіту

  5. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау

  6. Үйге тапсырма беру, жұмыс орнын жинақтау




1.

Барысы:

Ұйымдастыру

а) Кабинеттің гигиеналық тазалығын тексеру;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;



в) Сабақтың мақсатымен таныстыру.




2.

Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау Білім аукционы



  1. Деректер қоры дегеніміз не?

  2. Мәліметтер қорына қандай талаптар қойылады?

  3. Сұраныс дегеніміз не?

  4. Макрос деп нені айтады?

  5. Кестелер арасындағы байланыс қандай мүмкіндіктерді береді?

  6. MS Access-ті қалай іске қосады?

  7. Кесте құрудың неше әдісін білесің?

  8. Есеп дегеніміз не?

  9. Сұранысты құрудың неше әдісі бар?

  10. Форма дегеніміз не?

  11. Иерархиялық мәліметтер қоры дегеніміз не?

  12. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?

  13. Деректер қорын қалай құрамыз?

  14. Мәліметтер қорын басқару дегеніміз не?

  15. MS Access-тің қандай негізгі өрістерін білесің?




3.

Жаңа сабақты түсіндіру

VIII бөлім. Power Point 2013 презентациясы.

Курс тақырыбы: 8.1. Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.

Сабақтың тақырыбы №6 2013 программасы Power Point туралы негізгі түсінік.




4.

Сабақты бекіту

І .Тәжірибелік жұмыс

8-наурыз мейрамына байланысты слайд жасау.

ІІ. Сұрақтар.

  1. MS Power Point-ты іске қосудың әдістері

  2. MS Power Point-ң экрандық интерфейсі қандай?

  3. Презентацияны қалай безендіруге болады?

  4. Презентацияны баспаға шығару үшін қандай командаларды орындаймыз?

  5. Анимациялардың қандай түрлерін білесің?




5.

Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау

Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын.






6.

Үйге тапсырма

Инфоматика негіздері Байжұманов М.Қ. 85-96 бет





Оқытушы __________ А.Б.Калымжанова



Дәріс №6

Пән: Информатика

VIII бөлім. Power Point 2013 презентациясы.

Курс тақырыбы: 8.1. Power Point 2013 программасы туралы негізгі түсінік.

Сабақтың тақырыбы №6 2013 программасы Power Point туралы негізгі түсінік.

Презентациялар құру. Microsoft PowerPoint - Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтарға, қағазға үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялык көріністерді бейнелей алатын презентация дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің салтанатты ашылуы т.с.с. әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

MS PowerPoint программасын іске қосу. MS PowerPoint программасын тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылған бос менюдің Программалар => Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Менің компьютерім немесе сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығын тышқанды екі рет шерту арқылыда іске асыруға болады. MS PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады.

Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру. Презентация құру кезінде автомазмұн шебері таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады. Автомазмұн шебері көмегімен: Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; Қызмет бабы бойынша баяндамалар; Мекеменің жұмыс істеу жөнінде мағұлмат; Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есептер;

Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft PowerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұхбат терезеде - Автомазмұн шеберінің ішінен - өрісін таңдағанда Автомазмұн шебері Іске қосылады. Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл => Құру командасын орындап, ашылған сұхбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісін шерту жеткілікті.

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру. MS PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа тағы екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация кұрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. MS PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.


MS PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін MS PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары, Презентациялар, Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентация құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде Файл => құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде үш батырма көмегімен презентациялар тізімінің ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

PowerPoint программасын Іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Құру өрісіндегі Жаңа презентация опциясын таңдау арқылы;

Файл => Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы астарлы бетінде Жаңа презентация шарт белгісін таңдау арқылы;

Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады. Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда слайд құру сұхбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

MS PowerPoint, программасында слайдттар белгіленуінің 24-түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң, тышқанның сол жақ батырмасын таңдаған варианттың үстіне әкеліп екі рет шертеміз.


Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу

Шаблон көмегімен немесе бос презентация құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғары жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады. Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, т.б. өзгертуге яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат => Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе форматтау тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, сурет, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.


  • Кірістіру => Сурет командасын орындап:

  • Картинкалар => Microsoft Clip Gallery объектілерін;

  • Файлдан =>файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;

  • Автофигуралар => әртүрлі автофигуралар;

  • Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма, WordArt объектілерін, сканерден көшірме, Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу => Объект командасын орындап ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады. Слайдқа MS Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол үшін MS Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп, Түзету => Көшіру командасын орындау арқылы, буферге аламыз. MS PowerPoint программасына оралып, Түзету => Кірістіру немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.
MS PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері мен слайдтарды безендірулер

MS PowerPoint программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдттардан тұратын презентациялармен жұмыс Істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар; Слайдтар режимі; Құрылымдық режимі; Слайдтарды сұрыптау режимі; Бетке ескертпе жазу режимі; Слайдтарды көрсету режимі;

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.

Слайдтар режимі - презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтін енгізуге және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.

Құрылымдық режим - презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай аламыз.

Слайдтарды сұрыптау режимінде - презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.

Бетке ескертпе жазу режимі - презентация кезінде баяндаманы колдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге өткен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғары бөлігінде орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

Слайдтарды көрсету режимінде - дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді. Осы режимдердің біріне көшу үшін, түр командасының ішкі менюдегі қажетті режимінің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті.



Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері. Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіндер толық көрінетін болғандықтан, оның мазмұнын анықтап, тексере отырып, өз қалауымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу үшін, Құрылымдық режим батырмасын шерту жеткілікті.

Презентацияларды безендіру. PowerPoint программа- сында презентацияны безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндігі бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Презентацияны шаблон арқылы безенідіру кезінде, барлық слайдтағы элементтер арнайы бір түрлі түстер схемасына сәйкес болады. Ал өз қалауымызша слайдтың безендіру элементтерінің түстерін, құю тәсілін таңдай аламыз. Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз. Ал, басқа программалардан буферге алып, енгізілген объектілерді сол программаның өзіне кайта оралып безендіруге тура келеді.

MS PowerPoint программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру. Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады. Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылы құрылған презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса, стандарттар саймандар тақтасындағы безендіруді қолдану батырмасьн шертеміз немесе Формат - Безендіруді қолдану командасын орындай аламыз. Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келетін, форматталынған мәтін және графикалық элементтерден тұратын бірнеше шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану сұхбат терезесі ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып, қажетті шаблонды таңдап алған соң, қолдану батырмасын шертеміз. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді орындай отырып, басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.

MS PowerPoint программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып, безендіру арқылы, презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның түрлерін бере аламыз. Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайындалады.



Слайдтарды безендіру элементтері. Әрбір адамның өз қалауынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынандай элементтерін тағайындауға болады:

  • Слайд белгіленуі. Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастырылған мәтін, сурет, диаграмма формасын айтуға болады.

  • Түрлі түстер схемасы. Түстердің кең мөлшерлі спектірінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон. Слайдтағы түстер тен біртүсті ғана болуы міндетті емес.

Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациалық түрде қанықтыра отырып, түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.

Слайдтың осы элементтері, яғни слайд белгіленуі, түрлі түстер схемасы, фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып, өз шаблонымызды құруға болады.

Анимациялармен жұмыс

MS PowerPoint-тағы анимация деп- слайдтағы объектілердің шығу ретін айтамыз. Слайдты әрбір объектінің анимация параметрлері өз алдына жеке бапталынады. Топталынған объектілер бір объекті болып есептелінеді де, анимация оларға бірге жасалынады. Мәтіндік объектілерді әрбір азат жолды, әрбір сөзді және әрбір әріпті жеке анимациялауға болады. Бірақ анимация әсерінің сипаты тұтасымен алынған мәтіндік объектіге қолданылады. Мысалы, слайдтағы бір азат жолға сол жақтан ұшып шығу (Вылет слева), екіншісіне Жоғарыдан пайда болу (Вылет сверху) анимацияларын тағайындай алмаймыз. Басқа қолданбалардан импортталған мәтінге де анимация әсерлерін қолдануға болады.


Оқытушы __________ А.Б.Калымжанова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет