Сабақтың тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыру,топпен жұмыс істей білуге,сауатты жазуға тәрбиелеу



Дата12.03.2018
өлшемі45,51 Kb.
#39216
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік

Сабақтың мақсаты: Шығыс септіктің жалғауларымен және сұрақтарымен таныстыру,оның жалғаулары түбір сөзге үндестік заңына сәйкес жалғанатынын аңғарту,оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың білімділігі: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту.Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.

Сабақтың дамытушылығы: Жаттығулар орындата отырып,шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту,оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыру,топпен жұмыс істей білуге,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ,ертегі және саяхат сабақ

Сабақтың әдістері: Семантикалық карта,топпен жұмыс,екі жақты күнделік

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту.

Ертегі «Септіктің жеті ұлы»

Қазақ тілінде неше септік бар?

Септік жалғаулары дегеніміз не?

Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

«Септіктер»ассоциация құру.

II.Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс



67-жаттығу.Өлеңді көшіріп жаз.

Жаңбырдан соң көңілді,

Аспаннан нұр төгілді.

Сергіп қалды жер беті,

Кемпірқосақ керілді.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.Олардың қай септікте тұрғанын айт.



Ережені меңгерту.

Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен ?кімдерден? неден ?нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.

Шығыс септігі атау септікке –нан, –нен,- дан, -ден, -тан, -тен жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды шығыс септік жалғаулары деп атайды.

Атау септіктің ауылына саяхат

68-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.

Қымыздың бапталып,күтілуі үлкен жұмыс.Ол негізінен жылқы терісінен,емен,арша сияқты ағаштан жасалған ыдыстарда дайындалады.Теріден жасалған ыдыстың үлкенін саба,кішісін мес ,торсық деп атайды.Қымыз аршамен,тобылғымен немесе қайың қабығымен жиі-жиі ысталып,майланып отырады.

Қымыз-әрі сусын,әрі тағам,дертке шипа,жанға қуат.

(«Жеті қазына» кітабынан)



Iлік септіктің ауылына саяхат

69-жаттығу.Мақалдарды көшіріп жаз.

1.Ақыл жастан шығар,асыл тастан шығар.

2.Отан оттан да ыстық.

3.Бір жеңнен қол шығар,бір жағадан бас шығар.

4.Барлық өнерден сөз өнері күшті.

Бір-біріңе түсіндіре отырып,сөйлем мүшесіне талда.Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.

Мақалдардың мағынасын түсіндір.

Барыс септіктің ауылына саяхат

70-жаттығу.Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді тап.Бұл сөздерге шығыс септік жалғауларының әр түрлі жалғану себебін түсіндір.

................................... -нан

................................... -нен

.................................... -тан

.................................... -тен

.................................... -дан

.................................... -ден

Сергіту сәті

Зат есім септеледі жеті түрде,

Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.

Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой

Жатта соны,ойнап күлме босқа жүрме

Атау,ілік,барыс,жатыс,шығыс,көмектес

Жаттап алсаң балақай

Зат есімді септе тез.

Табыс септіктің ауылына саяхат

71-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазып,шешуін тап.

Аттан биік,

Қойдан аласа.

Шешуі: «Ертоқым»

Жатыс септіктің ауылына саяхат

72-жаттығу.Адасқан буындарды өз орындарына қойып,сөз құра.Сонда аюдың туған күніне қандай қонақтар келгенін біле аласың.Келесі беттегі суретке қарап,аюдың туған күні туралы ертегі құра.

-рік- түл- рыс- ба- кі- жол -ке -қыр –қас



Дәптермен жұмыс

Шығыс септіктің ауылына саяхат

Топпен жұмыс.

I-топ: Өлеңді мәнерлеп оқы,шығыс септікте тұрған сөздерді тауып,жалғауларын белгіле.

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

II-топ: Шығыс септігінде тұрған сөзді тап,қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

III-топ: Жұмбақты шеш,шығыс септікте тұрған сөздердің астын сызып,сұрақ қой.

Орманнан жалпақ даладан

Бал іздеп біраз жортады.

Кіп-кішкене арадан,

Үп-үлкен боп қорқады.

Көмектес септіктің ауылына саяхат

Екі жақты түсіндірме күнделігін толтыру.

Мақалдарды көшіріп жазу.Сөйлем мүшесіне талдау.Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айту.Мақалдардың мағынасын ашу.



Мақалдар Мағынасы

Тамшыдан-тама дария болар.

Көпшіліктен береке кетпес,берекелі жерден мереке кетпес.

Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.



Тест жұмысы

Семантикалық картамен жұмыс.

Ойын «Гүлдің табақшасы»

Үйге тапсырма беру.78-жаттығу



Оқушыларды бағалау.

Сабақты қорытындылау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет