Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Дата08.09.2017
өлшемі25,55 Kb.
#30124
түріСабақ
Қызылорда обылысы .Арал ауданы.Қаратерең ауылы

Дүйсенғалиева Жанар Иманғалиқызы

№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім «Бауырсақ» .

Мақсаты: а) білімділігі: « Бауырсақ » ертегісінің қойылымын көрсету арқылы оқушылардың

танымдық белсенділігін арттыру, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.



ә) Дамытушылығы : Оқушыларды өнерге бейімдеп, сөздік қорын, әдістік қабілеттерін арттыру.

б) Тәрбиелігі : Оқушыларға нан туралы тақпақтар жаттата отырып,нанды қадірлей білуге

тәрбиелеу.



Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап,жаңа сөздер мағынасын түсіндіру,сергіту.

Сабақтың көрнекілігі :Орманды мекендеген аңдар суреті, ағаштар,ертегі бейнефильмі.

Сабақтың барысы: |.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сынып оқушыларымен амандасу.

ә) Сынып журналын толтыру.

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері:

II.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар өткен сабақта қандай сурет салып келуге тапсырдым?

-Өткен сабақ бойынша ыдыс-аяақтармен жемістерден құралған натюрморт салып келу болатын.

- Оқушылардың салып келген суреттерін көрсету, тақтаға ілу.

-Балалар, егер суретте, ыдыстар ,гүлдер мен жемістерді ,маталарды бейнеленсе, бейнелеу

өнерінің бұл жанрын натюрморт деп атайды.



III. Жаңа сабақ: Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім « Бауырсақ».

1.Суретті көрсету арқылы тақырыпты ашу.

-Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Бұл қандай ертегі деп ойлайсыңдар?



2.Қызығушылығын ояту:
ЕРТЕГІ


IV. Мағынаны тану: Ал, балалар «Бауырсақ » деген не? Қалай түсінеміз? Не деп ойлаймыз?

-Бауырсақ, дегеніміз , балалар нан. Күз айы болғанда , жайқалып піскен бидайды камбайыншы

орады. Арнайы құбырмен машинаға құяды. Одан кейін дерменші бидайды ұн етіп тартып,

қапқа қаптайды. Қапталған ұнды наубайханаға жібереді. Мұның барлығы да адамдардың

еңбегі арқылы жасалады екен.

V. Нан туралы білетін тақпақтарын сұрау.

1-бала. Нан- ардақты , адал ас,

Кәрі-жас наннан аттамас

Ақ дастархан үстінде

Қол жумай оны ұстамас.

2-Бала. Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан,

Дастарханнан нан кетсе.

Береке кетер астыңнан.
3- Бала. Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп ,

Торғайларға тастаңдар.

-Міне балалар, нан дастарханға көп адамның еңбегімен келеді. Сондықтан біз оны қадірлей

білуміз керек.



VI. «Бауырсақ » ертегісінің бейнефильмін көрсету:

VII. «Бауырсақ » ертегісінің суретін салдыру.

VIII. Сергіту сәті: «Бауырсақ» ерртегісі көрініс.

Қортындылау: Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты қортындылау.

1.Бүгінгі өткен ертегінің тақырыбы қандай?

2.Ертегіде қандай кейіпкерлерді аңдарды білеміз?

3. Осы ертегіде қу айлакер қандай аң?



4. Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: «Бауырсақ» ертегінің мазмұнын түсіну,суретін салып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет