ІІІ. Ой толғаныс. «Топтастыру» стратегиясы
кітап Бәйтерек
сағат күн
жұлдыз Ай
айна
Осы сөздермен Ұстазды байланыстырыңыздар.
МҰҒАЛІМ өлеңі оқылады
Оразақын Асқар
Сөзі бойға ексе білім қуатын,
Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.
Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,
Іс-қимылы аңсар арман – мұратым.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,
Аялаймын олар басқан әр ізді.
Арманым не алабына қадірлі,
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді
Олар үлес қосар сана- ақылға,
Мың алғыс бір сабағына татыр ма?
Болуды мен санаймын ең зор бақыт,
Мұғалімдер армиясы сапында.
1-жүргізуші: Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз, қарым- қатынастарыңыз табысты, жемісті болуы үшін бүгінгі айтылған кеңестерге көңіл бөліп, әрқайсысымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен, жақсы қарым- қатынаста болып, кемшіліктерімізді ақылмен түзете біліп, өз қателіктерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін көріп, алға жылжисыздар.
Егер проблемаңыз көбейсе онда жауабын тек өзіңізден іздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |