Сыныбы: __________ Мерзімі:____________ Тексерілді:_____________
Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу.
Мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.
мәтінді пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері, символдарды пішімдеудің пернелер комбинациясы, мәтінді туралау, оны тасымалдау туралы білім беру.
ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, білік-дағдыларын дамыту, машықтандыру. Өз беттерінш жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету алғырлық пен білімділікке, жолдастыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, слайдпен жұмыс, электронды
оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, электронды
оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Топқа бөлу. Психологиялық дайындық
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV. Жаңа тақырып
V.Практикалық жұмыс:
VI. Терминология:
VII. Бекіту
VIII. Қорытынды.
IX. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
- Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударту.
ІІ. Топқа бөлу. Психологиялық дайындық
Үш тілді меңгертудің мақсатында оқушыларға үш тілде ән шумақтары таратылады. Ән шумақтары арқылы 3 топқа бөлінеді. Сабақ алдында оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Берілген ән шумақтары бойынша әр топ ән шырқайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Сұраққа жауап» әдісі арқылы жүзеге асады
-
Paint – қандай редактор?
-
Paint-тың ең кіші элементі.
-
Word pad қандай редактор?
-
Word pad- тың ең кіші элементі.
-
Мәтінді жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.
-
Бас әріпті қалай енгіземіз ?
-
Мәтінді көшіру үшін қай пернені қолданамыз?
-
Мәтінді алмасу буферіне қою үшін қай пернені қолданамыз?
-
Мәтін бөліктерін қалай ерекшелеуге болады?
ІV. Жаңа тақырып: Мәтінді пішімдеу.
Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады:
- контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту
- пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін немесе енгізілгеннен кейін орындалуы керек
Әріптің кескінін мына батырмамен
Әріптердің көлемін, оны үлкейтіп кішірейтуге өзгертуге болады. Келесі үш батырманың қызметі:
Ж- әріптерді жуандатады, Ctrl+В (В-Bold сөзінен)
К- әріптерді қисайтады (курсив деп аталады), Ctrl+І (I-Italic сөзінен)
Ч-мәтіннің астын сызады Ctrl+U
Мәтінді жазғанда дұрыс емес болып қателесіп кеткен жағдайда қобалжымай, жылдам қол жеткізу тақташасынан кері қайту тетікшесін басамыз. Мәтінді толық ерекшелеу үшін Ctrl+5 немесе Ctrl+А пернесін басамыз.
Кестеде көрсетілген түймешіктердің атаулары мен рөлдері туралы ақпаратты төмендегі кестеден көріңіз.
Мәтін жазу ережелерін еске түсірейік:
1.Бас әріпті немесе символдарды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Дефис бос орынсыз қойылады: мысалы: жан-жақты,бетпе-бет.
3.Тырнақшаларға немесе жақшаға алынған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: мысалы: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (Кәзіргі Астана қ.)
4. Enter пернесін абзацтың соңында және келесі жолға түсу үшін пайдаланады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
V.Практикалық жұмыс:
Төмендегі берілген мәтіндерді
Гарнитурасын- Тimes New Roman
Каріп өлшемін- 36
Түсін қызыл түске ауыстыр.
1 топ тапсырмасы:
Бүкіл әлемдік «Универсиада 2017» Алматы қаласында өтті.
2 топ тапсырмасы:
Бүкіл әлемдік « ЭКСПО 2017» көрмесі Астана қаласында өтеді.
3 топ тапсырмасы:
2017 жылы Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады.
Демалыс сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
-
Алақанды уқалау.
-
Қолды қысу
-
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
-
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
-
Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.
VI. Терминология:
№
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
1
|
Мәтін
|
Текст
|
Text
|
2
|
Пішімдеу
|
Редактировать
|
To edit
|
3
|
Перне
|
Клавиша
|
Key
|
4
|
Пернетақта
|
Клавиатура
|
Keyboard
|
5
|
Компьютер
|
Компьютер
|
Computer
|
VII. Бекіту: «Күн шуақ» ойыны арқылы жүзеге асырамыз
-
Ресми құжаттарды толтырғанда мәтінің пішімдегенде каріпін қандай мөлшерде алу керек.
-
Ресми құжаттарды толтырғанда мәтінің пішімдегенде гарнитурасы қандай болу керек.
-
Ctrl+B-пернесін басқанда мәтін қандай болады
-
Ctrl+U- пернесін басқанда мәтін қандай болады
-
Ctrl+I- пернесін басқанда мәтін қандай болады
-
Бас әріпті қалай енгіземіз ?
-
Бас әріптер режиміне толық көшу үшін қандай пернені қолданамыз?
-
Курсордың оң жақтағы орналасқан символдарды қандай перненің көмегімен өшіреміз?
-
Мәтінді тұтастай ерекшелеу үшін пернетақтаның көмегімен қандай пернелердің көмегіне жүгінеміз.
-
«Сақтау,кері қайту» бұйрықтары қай тақташада орналасқан.
-
«Масштаб» қай жолда орналасқан?
-
Enter пернесін қай кезде қойылады?
VIII. Қорытынды. Рефлексия:
Чемодан – Білгенімді ала кетем.
Еттартқыш – Әлі ой-өзегімнен откізуім керек.
Себет – Керегі жоқ тастап кетем.
XI. Бағалау: кестеге жиналған смайликтер арқылы бағалау.
Үй тапсырмасы: «Мәтінді пішімдеу» тақырыбын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |