Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту



Дата11.03.2017
өлшемі65,38 Kb.
#11413
түріСабақ
Әдебиеттік оқу (ашық сабақ)
Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов
Мақсаты: Білімдік: - «Қыран қанатты» ақын өмірінен мағлұмат беру. - өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына , тіл байлығының артуына ықпал жасау
Тәрбиелік: отансүйгіштікке,сөз өнерін бағалап,туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік,сұрақ-жауап,топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық

-Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық

Рахмет,балалар отыра қойыңдар.
Ендеше,сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық. 

2.Өткен сабақты бекіту

Желтоқсанды неге Тәуелсіздік мерекесі деп атағанын білесіздер ме?

Өйткені, 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері жастар өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін шеруге шыққан. Бейбіт тілекпен шыққан жастарды билікке қарсы шыққан деген сылтаумен аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Олардың қолында қару болмаған еді. Бар алып шыққаны «Өз елін өз көсемі басқарсын!» деген тақырыптағы қағазға жазылған сөздер еді. 2009 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласында Желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіш ашылды. 2009 жылы 1 қаңтарында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан 32 адамға, соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановаға, «Халық батыры» атағы берілді.

4 баладан жаттау сұрау.



3. «Ол ақын еді» Поэзиялық минут
-Ия,балалар,ол ақын да еді.Оның түрмеде қорқып, сескенбестен, алда тұрған асыл міндеттерді жүзеге асыруға үндейтін жігерлі жүрек тебіренісіне толы жазған өлеңдерінен үзінді тыңдап көрейік.

4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
-Балалар,бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз.Ол , халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың.

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданында дүниеге келген.Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын.Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.
Ол-1941-45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.

«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»
5. «Жаңа толқында» Жаңа материалмен танысу

Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
-Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып,танысамыз.

-Өлеңді мәнерлеп оқу
-Өлең ұнады ма,балалар?
-Не туралы айтылған екен?

6. Мәтін бойынша жұмыс

-Қалай ойлайсыңдар, ақын бұл өлеңде не туралы айтқысы келген?
(Қазақстан жерінің кеңдігін,қайнаған еңбекті,қасиетті жерін, халықтың кеңпейілділігін,еркіндігін мақтан еткен.)
-«Бақытты қазақ баласы»деп өлеңнің қай шумағын атауға болады?
-Кім маған мәтіннен ақынның қуанған,шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқып береді?
-Ақын неге қуанып тұр,неге шаттанып тұр деп ойлайсыңдар?
Іштен оқыту
-Ұнаса,енді өзіміз оқып шығайық.

Сөздік жұмысы
Балқаш –Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)
Қас тағдырдың қиқаңы- қиындықтың ауыртпалығы
Кітаппен жұмыс
Сонымен,өлеңге талдау жасап жіберейік,тақтадағы үлгі бойынша дәптерге орындаймыз.

Сергіту сәті. «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдау.

Ән тыңдай отырып,әр топқа бір үлкен жұлдызшалар қойылған.Сол жұлдызшаларға бір сөзбен елімізге тілек жазып, оқиық.



«Кім шапшаң ?»

Мұғалім өлеңнің кез келген жерін оқиды.

Балалар сол жерді тез тауып жалғастырып оқиды.




7. Қызығушылықты ояту.«Мақалды дұрыс оқы» ойны.

1.Отансыз бұлбұл- ормансыз адам     

Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

2.Отан  да ыстық оттан.                       

– Отан оттан да ыстық                           

3.Отан басталады отбасынан              

- Отан отбасынан басталады.

4.Сүйген жанбайды суға,Отанын отқа батпайды.

– Отанын сүйген – отқа жанбайды,суға батпайды.

5.Елдің егемен биік еңсесі 

-Егемен елдің еңсесі биік.

-Жақсы,балалар.Мақалдарды дұрыс оқыдық.



8.Тақырыпты бекіту
1.-Оқулықтарыңның 99-бетіндегі 5-жаттығуға көңіл аударайық.

Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді төмендегі сөздермен тіркестіруге болады?
... жеріміз, ... қазақпыз ... намысы, Азат ... құл ... , ... жанбыз 
2.-Осы сөз тіркестерді Қазақстан сөзімен байланыстырып сөйлем құрап көріңдерші?
(Қазақстан біздің қасиетті жеріміз.Қазақстан кең далалы.т.с.с)
-.Ал,енді осы,Қазақстан сөзін қандай сөзбен алмастырып айтуға болады, тауып көрейікші?
(Отан,туған жер,атамекен...)

 9.Ой толғау

-Бүгінгі сабақтың түйіндемесін қалай жасауға болады?

-Қандай сөздермен  қортындылауға болады?

МЕРЕКЕ,ТӘУЕЛСІЗДІК,БАҚЫТ ,ТЫНЫШТЫҚ.



Алдарыңда жатқан ашықхаттарға  осы сөздерді пайдаланып,құттықтау жазыңдар.Ашықхаттарыңды жазған адамдарыңа беріңдер.

10Үйге тапсырма  «Қазақстан»өлеңін жаттау.
81 бет оқу.

11.Бағалау




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет