Сабақтың тақырыбы: Ағашты қыл арамен кесу
І. Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс
« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»
ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс істеудің сарамандық дағдысын игеру.
ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.
V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
• Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин
• Жұмысты орындау реті:
• Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
• Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
• Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;
• Қол арамен кесу.
Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.
Кесу – ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.
Кесінді – дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.
Аралап кесу – әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.
Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.
Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына – жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына – қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.
Жақ тәрізді ара дегеніміз – жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады
Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті – бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті – қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.
Қол ара – жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.
VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,
талқылап бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма:
9-сынып №11сабақ
Сабақтың тақырыбы:Мамандық таңдау. Жұмысшы мамандықтарымен танысу. Мамандық түрлері.(теория)
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып, оларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: қанатты сөздер, слайд, буклет, тірек-сызбалар
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Жоспары:
1. Кіріспе. а) «Мамандық таңдау-өмірді таңдау»
ә) Кеш қонақтарын таныстыру.
2. Негізгі бөлім.
а) «Мамандықтар классификациясы»
б) «Мамандықтар әлемі»
• Қазіргі заманның табысты мамандықтары
• Дипломды қажет етпейтін мамандықтар
• Ауданымызда тапшы мамандықтар
в) "Мен және фигура" психогеометриялық жаттығу.
1.Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
3. Қорытындылау.
9-сынып №12сабақ
Сабақтың мақсаты: Мамандық таңдаудың қыр – сырларын меңгерту; мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Адам өз өмірінің негізгі бөлігін кәсіптік қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры оның қандай мамандықты таңдағанына тікелей байланысты. Мамандық таңдау – қиын міндет.
- Балалар, мамандық таңдау – сендердің жастарыңда ең маңызды шешімнің бірі болып табылады. Сендердің алдарыңда мыңдаған мамандықтардың ішінен өздеріңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ. Таңдаған мамандық адамға ұнауы керек және адамның сол мамандыққа икемі, бейімі болуы керек.
«Бір жылдығыңды ойласаң – егін ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – мәдениетті, білімді ұрпақ өсір» - дегендей, біз мамандықты сапалы таңдауымыз керек. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Неліктен мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек? Мамандық таңдауда қалай қателеспеуге болады?
Біріншіден, таңдаған мамандық адамға ұнауы қажет. Екіншіден, адам сол мамандыққа технологиялық жағынан сәйкес келуі және жұмысты алып жүре алатын қабілеті болуы керек. Сонымен бірге таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие болуы қажет.
Психолог Е.Климов кәсіби ортаны 5 типке бөледі:
Мамандық типтері: Адам – өнер. Адам- табиғат. Адам –адам. Адам – техника.
Адам –белгі –жүйе. Мамандық жіктеулерін сызба түрінде көрсетуге болады.
Мамандық таңдаудағы ең күшті әсер етуші – оның қызығушылығы мен бейімділігі.
Мамандықты өмірлік етіп бір рет таңдайды деген пікір бар, бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені адамдар өмір бойы таңдау жасайды. Адамның өзі, өмірге деген көзқарасы, қабілеті жылдардың өтуімен өзгеріп отырады.
ІІІ. Бекіту
Психологиялық сәт: Психогеометрия
ІV. Қорытынды. Қорыта келе айтсақ, кәсіби маңызды қасиеттерге не жатады? (Ол- белсенділік, шапшаң ойлау, салыстыру, талдау, ұйымдастырушылық, дәлелдеу, байқампаздық, қарым- қатынас жасау, шығармашылық.)
V. Бағалау. Оқушыларды мәнжазба және сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
VI. Үйге тапсырма. §1,2 оқу
9-сынып №13сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сенің шығармашылық әулетің қандай. Тестік сұраққа жауап
IV. Тест
Сенің шығармашылық әлеуетің қандай?
1.Сені қоршаған дүние жақсаруы мүмкін деп есептейсің бе?
А)иә;
Ә)жоқ,ол онсыз да жеткілікті дәрежеде жақсы;
Б)иә,бірақ та кейбір нәрселер бойынша ғана;
2.Сен өзің қоршаған дүниедегі елеулі өзгерістерге қатыса аламын деп ойлайсың ба?
А)иә,көпшілік жағдайларда;
Ә)жоқ;
Б)иә,кейбір жағдайларда ғана;
3.Сенің кейбір идеяларың өзің жұмыс істейтін қызмет саласында істейтін елеулі алға жылжушылық әкелер еді деп есептейсің бе?
А)иә;
Ә)иә,қолайлы жағдайлар болған кезде;
Б)кейбір дәрежеде ғана;
4.Болашақта өте маңызды рөл атқаратын боламын,қандай да бір нәрсені түпкілікті өзгерте аламын деп есептейсің бе?
А)иә,ешбір шүбәсіз;
Ә)бұның болу мүмкіндігі аз;
Б) мүмкін;
5.Сен қандай да бір іс-әрекет жасап көруге шешім қабылдағанда ,өз бастамаңды іске асырамын деп ойлайсың ба?
А)иә;
Ә)шамаң келмейтіні жөнінде жиі ойлайсың;
Б)иә,жиі;
6.Өзің мүлдем білмейтін іспен айналысуға ниеттенуді өз басыңнан өткіздің бе?
А)иә,белгісіздік сені тартады;
Ә)белгісіздік сені қызықтырмайды;
Б)барлығы бұл істің сипатына байланысты болады;
7.Саған таныс емес іспен айналысуға тура келеді.Ол істе кемелденуге қол жеткізуге ниеттенуді өз басыңнан өткіздің бе?
А)иә;
Ә)қол жеткізіп үлгерген нәрсеге қанағаттанғандық білдірсең;
Б)иә,бірақ та егер бұл саған ұнаса ғана;
8.Егер сен білетін іс өзіңе ұнайтын болса,ол жөнінде бәрін білгің келе ме?
А)иә;
Ә)жоқ,сенің ең негізгіні ғана оқып-үйоенгің келеді;
Б)жоқ,сен тек өзіңнің қызығушылығыңды ғана қанағаттандырғың келеді;
9.Сен сәтсіздікке душар болғанда:
А)салауатты ойға қарамастан белгілі бір уақытқа дейін табанды қарсыласасың;
Ә)бұл әурешілікке қолды бірақ сілтейсің,өйткені оның шындыққа жанаспайтынын түсінесің;
Б)кедергілерді бағындыру мүмкін еместігі айқын болған кездің өзінде де өз ісіңді атқаруды жалғастыра білесің;
10.Сенің ойыңша,кәсіпті мыналарға сүйене отыра тыңдау керек:
А)өзіңнің мүмкіндігіңе,болашақта жететін жетістіктерге;
Ә)кәсіптің тұрақтылығына,мәнділігіне,қажеттілігіне ,оған деген сұранысқа;
Б)ол қамтамасыз ететін артықшылықтарға;
11.Саяхатта болған кезде сен жүріп өткен бағыт бойынша бағдарлауды оңай жасай алар ма едің?
А)иә;
Ә)жоқ,жолдан адасып кетуден қорқасың;
Б)иә,бірақ та саған ұнаған және есіңде қалған жерлерде ғана;
12.Сен қандай да бір әңгімеден кейін бірден не жөнінде айтылғандардың бәрін еске түсіре аласың ба?
А)иә,еш қиындықсыз;
Ә)барлығын еске түсіре алмайсың;
Б)өзіңді қызықтырған нәрсені ғана еске түсіресің;
13.Сен өзіңе таныс емес тілдегі сөзді естіген кезде,оның мәнін білместен,сөзді буындар бойынша,қатесіз қайталай аласың ба?
А)иә,ешбір қиналмастан;
Ә)иә,егер де бұл сөзді еске сақтау оңай болса;
Б)қайталайсың,бірақ та толықтай дұрыс емес;
14.Сен бос уақыттарыңда мынаны артық көресің:
А)жеке,өзіңмен-өзің қалып ойлануды;
Ә)топтың ішінде болуды;
Б)топта болу немесе жалғыз,өзіңмен-өзің жеке қалу сен үшін бәрібір;
15.Сен қандай да бір іспен айналысасың.Бұл істі қандай кезде тоқтатуға шешім қабылдайсың?
А)іс аяқталып және ол саған өте жақсы орындалған тәрізді болып көрінген кезде;
Ә)сен аз-маз ғана ризасың;
Б)саған бәрін істеудің сәті әлі де түсе қойған жоқ;
16.Сен өзіңмен-өзің,жеке қалған кезде:
А)тіпті абстрактілі болуы да мүмкін нәрселер туралы армандауды ұнатасың;
Ә)қалай болғанда да өзіңе нақты іс тауып алуға тырысасың;
Б)кейде армандауды,бірақ сенің жұмысыңа байланысты нәрселер туралы армандауды ұнатасың?
17.Егер қандай да бір идея сені жаулап алса,онда ол жайлы ойлай бастайсың:
А)қайда,кіммен бірге болғаныңа қарамастан;
Ә)сен мұны өзіңмен-өзің қалған кезде ғана орындай аласың;
Б)өте шулы болмайтын жерде ғана;
18.Сен қандай да бір идеяны табанды түрде қорғаған кезде:
А)егер пікір айтушылардың сенімді дәйектерін таңдасаң,онда одан бас тарта аласың;
Ә)қандай дәйектерді болмасын шыңдағаныңа қарамастан,өз пікіріңде қаласың;
Б)егер қарсыласу өте күшті болып шықса,өз пікіріңді өзгертесің;
«А»жауабы үшін-3ұпай;
«Ә»жауабы үшін-1ұпай;
«Б»жауабы үшін-2 ұпай;
Жинаған ұпайлардың жалпы қосындысы сендердің шығармашылық әлеуеттеріңнің деңгейін көрсетеді.
9-сынып №14сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби қызмет түрлері.Тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі кәсіби қ Білімділік: Оқушыларға тамақ және жеңіл өнеркәсіп, оның түрлері жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тамақ және жеңіл өнеркәсіптердегі кәсіби қызмет түрлері жайлы білімдерін жүйеге келтіре отырып, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби қызмет түрлерін дұрыс таңдай білуге, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, тест сұрақтары.
Сабақтың көрнекілігі: Тақтамен жұмыс, қабырға газеттері, таратпа материалдары.
Пән аралық байланыс: Тарих, сызу
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
II. Өткен сабақты қайталау-5мин.
III. Жаңа сабақ-10мин.
IV. Сарамандық жұмыс-17 мин.
V. Сабақты бекіту-5 мин.
VI. Қорытындылау-3 мин.
VII. Үйге тапсырма, бағалау-3 мин
Сабақ барысы:
I. Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).
II. Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.
III. Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердегі кәсіби қызмет түрлері».
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені.
Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор шикізат
және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында
дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант
өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады.
IV. Тамақ өнеркәсібі
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері - Петропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан,
ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен
қамтамасыз ету.
Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады.
Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде орналаса беретін саласы» тігін өнеркәсібі.
V. Жалпы, бүгін біз сіздермен тамақ және жеңіл өнеркәсіп түрлерімен таныстық.
Тамақ өнеркәсібі
VI. Сабағымызды қорытындылай келе бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
1) Өнеркәсіп дегеніміз не?
2) Өнеркәсіптің түрлерін атаңыз?
3) Жеңіл өнеркәсіпке не жатады?
4) Тамақ өнеркәсібі немен байланысты?
5) Тігін өнеркәсібі қай салаға жатады?
VII. Үйге тапсырма: Жазған материалды оқу, құрал-жабдық алып келу.
9-сынып №15сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби қызметтерге сипаттама жасау.
Сарамандық жұмыс. (практика)
Кәсіби қызметінің саласы:
Бакалаврдың кәсіптік қызметінің саласы әскери-өнеркәсіптік кешенді, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықты қосқанда, экономиканың барлық салалары, өндіру және тұтыну салалары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау, облысындағы мемлекеттік органдар, экологиялық қызметтер.
Кәсіби қызметінің объектілері:
Бакалаврдың кәсіптік қызметтерінің объектілері: табиғатты құраушылар, техногенді, әлеуметтік, ақпараттық жүйелер мен олардың құрауыштарына әсер ететін кәсіпорындар мен мекемелер; су, жер, биотикалық және өзге ресурстар; өртті, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптіліктерді болдырмауға мүмкіндік беретін тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, технологиялық желістерді, жүйелерді әзірлеуді, енгізуді және қолдануды және же төтенше жағдайларда сақтауды анықтайтын кәсіпорындар мен ұйымдар, жобалау-іздеу институттары, бюролар, әр түрлі меншіктегі фирмалар және т.б. болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін, қоршаған ортаны және төтенше жағдайларда қорғауды қамтамасыз ететін жабдықтар, инженерлік құрылыстар, ақпараттық жүйелер және бағдарламалық өнімдер бакалаврлардың кәсіби қызметі заттары болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
5В073100 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- өндірістік-технологиялық;
- есептік-жобалау;
- ұйымдастырушы-басқару;
- ғылыми-тәжірибилік зерттеу.
Кәсіби қызметінің бағыттары:
Бакалаврдың кәсіптік қызметі әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған.
5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітіруші түлекке «қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
9-сынып №16сабақ
Сабақтың тақырыбы: Құрылыспен байланысты мамандықтар. (теория
Білімділік: оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып, оларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: қанатты сөздер, слайд, буклет, тірек-сызбалар
Алғашқы болып өзім оқып жүрген мамандық – құрылыс туралы ойымды жазбақпын.
Құрылыс... Бұл сөзді естігенде көз алдымызға әрине кірпіш, цемент, құм, қиыршық тас, саз, әк т.с.с. құрылыс материалдары елестейді. Дұрыс, себебі құрылыс материалдарынсыз құрылыс жүрмейді. Тіпті, кез-келген елдің экономикасын құрылысына қарап-ақ білуге болады. Құрылыс жүріп жатса, онда айналым, ақша, жұмыс бар деген сөз.
Құрылысшылар – елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді.
Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу керек.
Қорыта айтқанда, құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламаларымен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты һәм қиындығы да бар, «Әлемнің жеті кереметін» жүзеге асырған «Сәулет өнері және құрылыс» кафедрасына шақырамын, құрметті талапкер! Қосымша ақпарат
9-сынып №17сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |