Сабақтың типі: Қазақ халқының қоөнері тарихи сипаттама. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Әнгімелеу



бет12/15
Дата25.12.2016
өлшемі2,16 Mb.
#4377
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Сабақтың тақырыбы: Жер шаруашылығымен және мал шаруашылығымен байланысты мамандықтар.(теория)

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері туралы түсінік бере отырып, ата-бабамыздың тарихи жолдары туралы, адамзаттың бай тарихи құндылықтары туралы мағлұмат беру.

2. Оқушыларға қызықты қосымша мәліметтер келтіре отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Тарихи деректерге сүйене отырып, тұжырым жасай білуге дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.

3. Еліміздің төл тарихын жан-жақты толық меңгеруге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, кестелер, іскерлік жұмыстар, ойтолғау, шығармашылық тапсырма, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Жарты шарлар. Қазақстанның саяси карталары.

Пәнаралық байланыс: Ежелгі дүниежүзі тарихы, Физикалық география, қазақ әдебиеті, музыка, өзін-өзі тану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылар, орнымыздан тұрып бір-бірімізбен амандасып шаттық шеңберін құрып, қол ұстаса қоялық

3. Жаңа сабақ «Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен дамуы.

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі»

Жоспар:


1. Мал шаруашылығының түрлері.

2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының себептері.

3. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.

4. Көшпелілердің баспанасы.

Қазақ жері – мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары – қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі – арқар, ал ешкінікі – таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8-7 мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Я, мал өсіру, оны күту қазақ халқына ғана тән ата-бабамыздың қола дәуірінен бастау алып, темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына ұласып,тіршілік көзіне айналғандығын білдік.

Бағалау



Үй тапсырмасы :

9-сынып №21сабақ

Сабақтың тақырыбы: Фермер,агроном,лоборант-эколог,мал шарауашылығы, ма Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.[1

Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.[1]



Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені – көгершін.л дәрігері,Құс шаруашылығы туралы мінездеме жасау. (практика)

9-сынып №22сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуда адамның мүмкіншілігі

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі –кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.

Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамала

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,

2. Жаңа сабақ.

Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.

1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу…)

2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)

4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)

5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?

6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.

Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.

Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.

Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.

Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.

Қауіпсіз жасалатын

Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек

Жасалуы қарапайым

Тез табылатын қымбат емес материалдардан

Ағаш күрек

Әдемі дизайн

Экономикалық шығын көп емес

Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті

Еңбек шығыны да көп емес

Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.

3. Сарамандық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.

Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.

Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.

Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

Үйге тапсырма:

9-сынып №23сабақ

Сабақтың тақырыбы: . Сырлау, еден, паркеттерді және линолеумдарды жөндеу жұмыстары.( (теория)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет