Сабақтың тақырыбы: Гүлденген Қазақстан.
Жалпы мақсаты:
Танымдылық: Оқушыларды Қазақстан жеріндегі «гүлдер әлемімен» таныстырып, «панно жасау технологиясын» үйрету.
Эмоциялық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалап, шығармашылыққа баулу.
Әлеуметтік: Оқушыларды көркемдік танымға,жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, эстетикалық жағынан терең жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс, топтық әдіс, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, Дүниетану, бейнелеу, әуез
Көрнекілік: слайд, панно түрлері, нұсқау карта, сызбалар, суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: Қыстырма қағаз, түрлі түсті, мата қиындылары, ПВА желімі, қайшы, қарындаш, өшіргіш.
Мотивациялық кезең:
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын қадағалап, тыныш отыруын талап ету.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, өткен сабақта біз немен таныстық?
Әшекейлі, бет орамалдармен.
Дұрыс, өткен сабақты қайталау үшін «Құлыпты ашу» ойынын ойнайық. Алдарыңда үлкен қақпа. Ол қақпаның ішінде ғажайып нәрсе бар. Ол не нәрсе екенін көру үшін өткен тақырыпқа байланысты құлыпқа ілінген сұраққа жауап бересіңдер, қақпа ашылып, ғажайып нәрсе көресіңдер.
Құлыпты ашқысы бірге үйде тіккен әшекейлі бет орамалды ала шығыңдар.
Балалардың үйге берілген жұмысын тексерген соң, қақпа ашуға рұқсат берілсін.
«Миға шабуыл» әдісі.
Бет орамал не үшін қажет? (Бет орамал тазалықтың кепілі)
Бет орамалдың неше түрімен таныстық? (3 түрі. Тор көзді, кестелі, мережкалы бет орамал)
Бет орамалдардың ішіндегі қайсысы қарапайым бет орамал? (тор көзді бет орамал)
Мережка дегеніміз не? (матаның жиегіндегі жіптерін суырғаннан кейін пайда болған өрнекті жолақтар)
кестелі бет орамал дайындау үшін қандай құралдар қажет? (кесте жіп, жіңішке ине, мата, қайшы, кергіш)
қақпа ашылады. Ішінен «Гүл шоғы» шығады.
-ой, керемет балалар, нені көрдіңдер. Бұл не нәрсе ?
- Бұл гүлдер әлемі.
- Дұрыс айтасыңдар .Балалар, қараңдаршы, сендер гүлдердің әдемі түрін көріп отырсыңдар. Қақпаны ашқанда, гүлдерді көргенде қандай әсерде болдыңдар ?
- Көңіл күйіміз көтерілді, қуандық.
- Дұрыс айтасыңдар, табиғатта өсіп тұрған кезінде жұпар иісі аңқыған гүлдер біздің көңіл күйімізді көтеріп, қуаныш сыйлайды. Осы әдемілігін есте сақтап қалу үшін өнер иелері гүлдерді әртүрлі тәсілмен бейнелей білген.
ІІІ. Мағынаны тану
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Гүлденген Қазақстан» композициясы. «Гүлденген Қазақстан» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар ойға келеді?
бақытты
болашағы зор дамыған
Гүлденген
Қазақстан
Тәуелсіз бай
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет.
Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлдермен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді.
Президентіміз 2005жылы ақпанда Қазақстан халқына Жолдауында «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін студенттер, демалыс кезінде ағаш егу керектігін айтқан. Яғни балалар, еліміз гүлдену үшін, әдемі болу үшін ағаш егіп, оны күтіп, еліміздің гүлденуіне ат салысыңдар.
ІV.Ой қозғау.
Балалар! Гүл дегеніміз не?
Гүл дегеніміз – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл – тек гүлді өсімдіктерге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды. Гүлдің құрылысы: гүл бөлімдері - гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады.
Гүлдер 2 топқа бөлінеді: мәдени гүлдер, жабайы гүлдер.
Мәдени гүлдерге класымыздағы өсіп тұрған гүлдерді жатқызамыз. Олар бізге сән береді, сонымен денсаулық береді. Ал, жабайы түріне даладағы өсіп тұрған гүлдерді жатқызамыз. Ол табиғатымыздың бізге берген сыйы. Кейбір гүлдердің емдік қасиеті бар. Оларды дәрі жасауға пайдаланады. Біздер осы гүлдер сияқты әдемі болып өсіп келе жатырмыз. Сол әдемілігімізді жоғалтпайық.
Біздің аймақ шөл-шөлейтті жерде орналасқан. Біздің аймақта қандай гүлдер өседі? Мысалы: адыраспан, жантақ, шеңгел, қоға.
Біздің ауылымызда егу арқылы шығатын гүлдеріміз бар. Мысалы: астра, хрезантима, кауфман, жабайы роза, итмұрын,т.б.
Гүлдердің түрлері өте көп. Соның ішінде тек ғана қызғалдаққа тоқталайық.
V.Ой толғаныс
Сонымен қатар наурыз, сәуір, көктем айларында қандай гүлдер шығады екен?
Жарайсыңдар, қызғалдақ, сарғалдақтар шығады.
Көптеген халықтың ең сүйікті және құрметтейтін гүлдерінің бірі – қызғалдақ. Қызғалдақ – Жапониядағы Сакура немесе Үндістандағы Лотос сияқты. Қазақстанның белгісі болатындай гүл. Қазіргі кезде ғалымдардың есебі бойынша қызғалдақтың 36 түрі белгілі, оның 18-і сирек кездесетін түрлерге жатады. Бірнеше түрі Еуропаға тарап, әлемге белгілі Голландтық қызғалдақ түрлерінің топтамасына бастама болды. Дегенмен, олардың отаны – Орталық Азия, оның ішінде – Қазақстан. Мұсылмандарда қызғалдақ – жұмақ гүлі болып есептеледі. Қызғалдақтың сирек кездесетін түрлері «Қызыл кітапқа» енді. Қазақ халқының шеберлері жасаған бұйымдарына да қызғалдақ пішінін бейнелеген. Қызғалдақтың түрлері: Альберт қызғалдағы, Алтай қызғалдағы, Бем қызғалдағы, Бузе қызғалдағы, Баршов қызғалдағы, т.б.
VІ.Сергіту сәті
Оқушыларға жаттығу жасату.
Қызыл бояу қызғалдақ,
Сары бояу сарғалдақ
Жасыл бояу жайлауым,
Іздеп барар армандап.
VІІ.Қызықты мәлімет.
Раффлезия – жер бетіндегі ең ірі гүл. Ол көлденеңнен 90см-ге жетеді. Бірақ одан бұзылып, иістеніп кеткен еттің иісі шығады.
Мына гүлдің жапырақтары ерінге ұқсайды. Ол жәндіктерді өзінің кіп-кішкентай әрсіз гүліне жапырақтарымен тартады.
VІІІ.Қызығушылығын ояту
Гүлдерді әр маман иесі өздерінше көрсете білген. Оларға кімдерді жатқызуға болады?
Суретшілер сурет арқылы бояумен бейнелеген.
Мүсінші мүсіндеп көрсеткен.
Ақын өзінің өлеңдерінде сөзбен гүлді бейнелей білген.
Гүл туралы қандай ақынның өлеңінт білесіңдер?
Абайдың «Жаз» деген өлеңі бар.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Озарып өсіп толғанда.
С.Сейфуллиннің «Жазғы дала» өлеңі.
«Кетпе» деп тағы көкшалғын,
Аяғына оралды.
Жібермей, бөгеп алдымды,
Майысып гүлдер бұралды.
Ал композиторлар ән шығарған. Қандай ән білесіңдер?
Топтық жұмыс:
1. Тойыма гүл алып,
Келіп ем қуанып...
2. Ақ гүлдер, көк гүлдер,
Бәріңде гүлдеңдер.
Таңертең азанғы самалмен.
Ал балалар, біз өз еңбегімізбен түрлі түсті матадан әсем гүлдерді бейнелеп, оларды қатырма қағазға желімдеу арқылы панно жасаймыз.
ІХ. Сарамандық жұмыс
Жұмбақ жасырылады. Жауабына сай қауіпсіздік ережелерін айту керек.
Жарқылдаған қос қылыш
Қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
- Қайшыны адамға берерде сап жағымен ұсыну;
- Қайшыны ауызға салуға болмайды;
- Қайшымен қағаз қиғанда, сол қолыңа абай бол.
2. Естіртпе, - деп, ине-жіптің күңкілін,
Бүтіндейді қағаз, кітап жыртығын. (желім)
Желіммен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе;
Желімді аузыңа, көзіңе тйгізбе;
Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.
Х. Нұсқау картасы:
№
|
Жұмыстың орындалу реті
|
Нобай
|
Құрал саймандар
|
1
|
Қатты қағазға қарындашпен қызғалдақ гүлінің суретін салып аламыз
|
|
Қатты қағаз, қарындаш, өшіргіш.
|
2
|
Салынған гүлдің үлгісін дайындаймыз.
|
|
Қатты қағаз.
|
3
|
Дайын үлгіні әр түрлі мата бетіне (гүлдің басын қызыл, сабағымен жапырақтарын жасыл түсті матаға) орналастырып оларды қиямыз.
|
|
Қатты қағаз, әр түрлі мата қиындылары, қайшы.
|
4
|
Қиып алынған үлгілерді қатты қағаз бетінде бейнеленген гүлдің бөлшектерін ауыстырып алмай жапсырамыз.
|
|
Қатты қағаз, әр түрлі мата, желім, қайшы.
|
ХІ.Жаңа сабақты бекіту
«Гүл шоғын дайындау» ойыны.
Гүл бағынан гүлдерді теріп алып, астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, құмыраға салып гүл шоғын дайындайды.
«Серпілген сауал»әдісі.
«Жасыл ел» бағдарламасы қай жылы қабылданды? (2005ж)
Гүлдердің қандай түрлерін білесің? (қызғалдақ, раушангүл, лалагүл)
Гүлдің құрылысын ата. (Гүлдің сағағы, табаны, тостағанша, жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады)
Біздің аймақта қандай гүлдер, өсімдіктер өседі? (адыраспан, жантақ, шеңгел, қоға)
Қызғалдықтың неше түрі бар? (36 түрі бар)
ХІІ.Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау
Үйге тапсырма: Гүл композициясын толықтыр.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Достарыңызбен бөлісу: |