Сабақтың түрі : қайталау сабағы. Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау



Дата25.08.2017
өлшемі39,9 Kb.
#26926
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты: оқушылардың тұрлаулы мүшелерден алған білімдерін толықтыру, бастауыш пен баяндауыш арасында қандай жағдайда сызықша қойылатындығын меңгерту.



Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып , өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуіне дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу.Өз елін, жерін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын, өршіл, рухты ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қазақ тілі оқулығы.



Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгін балалар, бізде ерекше күн ашық сабақ қазақ тілі пәнінен. Сондықтан өз білгендерімізді көрсетейік.
Кезекші үйге қандай тапсырма берілді?

46-жаттығу (жұмбақты шеш. Бастауыш пен баяндауышты тап.)

І. Алдымен өткен тақырыптарға шолу жасап өтейік.

1. Сөз дегеніміз не? Сөз туралы не білесің?


2. Сөз табының қандай түрлерімен таныстық?
3. Мәтін дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?
6. Сөйлем дегеніміз не? Түрлерін ата?
7. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
8. Бастауыш дегеніміз не? 
9 . Бастауыштың сұрақтарын ата.

10.Баяндауыш дегеніміз не?

11.Сөйлем дегеніміз не?

ІІІ Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.


  • Біздің негізгі тоқталатын тақырыбымыз бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Оқушыларға ережемен таныстырып өтемін.

ІV Жаңа сабақ

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады: Әмір – күйші. Алматы – сәулетті қала.



1.Ой қозғау сұрағы:
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
- Ту,Елтаңба,Гимн.
- Әр рәміздің өзіндік тарихы,мәні бар.Рәміздерге түсінік бере кету. Қазір біз сол рәміздердің бірі Тудың элементтерін құру арқылы сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
- Алдымен тудың матасын жапсырамыз. Ол үшін біз көк түсті таңдаймыз. Ол матаның ұзындығы 2 метр,ені 1 метр болады екен. Оны орындау үшін кітаптағы

47-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазу.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу, әдемі тік етіп жазғызу.

Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, оларға сұрақ қой. Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауштарын салыстыр. Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аудар. Сонда не байқадың?

2. Енді Тудың ортасына күнді орналастыруымыз керек.Күн барлық Қазақстанда тұратын шхалықтарға нұрын шашып,ашық аспанды тілейді. 

48-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз. Зат есімдерден болған баяндауыштардың астын сыз. Оларға қандай сұрақ қойылады? Жаттығудағы аты аталған адамдар туралы білетініңді әңгімеле.

3. Енді қыран құс самғау үшін 49-жаттығуды орындап жіберейік. Мақалды түсініп оқы. Бастауыштар мен баяндауыштарды тап. Бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жаз.

Сергіту сәті.

«Көңілді күн» биін билейді.

4.Енді тудың ою-өрнегін орналастыру үшін 50-жаттығуды орындайық.Жұптық жұмыс. Мәтінді оқы. Бастауыштары мен баяндауыштарын тап. Сызықша қойылған сөйлемдерді теріп жаз.

Тудың соңғы элементін қойдық туымыз да дайын болды.
V Сабақты бекіту.

51-жаттығу. Сирек естілетін атауларды есіңе сақта.

Құмай-тазының бір тұқымы.

Сарымақ-жолбарыстың күшігі.

Арқар-қой тектес жабайы жануар.

Құлжа-арқардың қошқары.

Құралай-киіктің лағы.

Қонжық-аюдың баласы.


«Кім жылдам» ойыны арқылы.52-жаттығуды орындау.

Жаңылтпашты екі қайталап оқып, жатқа айт.

Бұл – бұлбұл,

Бұл – дүлдүл.

Бұлбұл – құс,

Дүлдүл – ат.

Бұлбұлды біл,

Дүлдүлді біл.




 Қорытындылау.
- Сонымен, балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

-Баяндауыш дегеніміз не екен?

-Қандай сұрақтарға жауап береді?

-Баяндауыш сөйлемнің қай мүшесімен байланысады?

Сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Сондықтан Мемлекеттік рәміздердің бірі Туды өте әдемі құрастырдыңдар.Әрқашан қазақ елінің туын биік көтеретін білімді,тәртіпті оқушы болуларыңа тілектеспін.
VІІ Үйге тапсырма.

53-жаттығу.Ережені жаттау.Ту,Елтаңба,Гимннің авторларын жазып келу.



VІІІ Оқушылардың жауаптарына қарай бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет