ІІ.Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілері.
Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ,негізінде,үтір қойылады: Ол отқа жақындап келгенде,қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,оның екі жағынан үтір қойылады. жанпейіс үйге кіріп кеткенде,Асқар мен Ержан тыста қалды, - Асқар мен Ержан,Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды.
ІІІ.Аралас құрмаластың тыныс белгілері.
Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгі,негізінен,салаласа және сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерден құралады.
1.Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,ол басқаларынан үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.
2.Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді не себеп мәнді сөйлемдер болса,олар басқаларынан не қос нүкте,не сызықша арқылы ажыратылады.
3.Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |