ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
Сырымбет
Күн шыға Сырымбетке жеткен жолаушылар Шыңғыс аулында бұрылуға дәті бармай, тау бауырында аттарын шалдырған. Күймелі арбадан қарғып түскен Ақжігіт алды-артына қарамай,Сырымбеттің биігіне өрмелей жүгіріп еді. Жолындағы қалың қарағайды сырғандай екі қолмен алма-кезек жасқап, жалғыз аяқ жолмен еңкеңдей басып жан ұшырған талдырмаш бала жалаңаш шоқыға шыға келгенде көзі жайнап сала берген.
Сырымбет--андағайлап алыстан көз тартар аса биік болмағанмен, етегінде жарқыраған көл,бауырында сылдырап аққан кәусар бұлақ, сыңсыған қалың жынысты әсем шоқы. Ең биігінен қарағанда Көкше даласының көп тұсы алақанға салғандай анық көрінеді. Екі өкпесін қысқандай еңсесін басқан қала қапырығынан,аядай жерде аят оқып, күні-түні сарнап,күңіренген мешіт тірлігінен Ақжігіт жалаңаш төскейге шыға келгенде ,бар азаптан құтылған қамаудағы адамдай тынысы кеңіп сала берді. Ентігін басқан бала айна
көлдерге ,қалың орманға, алыстан мұнартқан көгілдір тауларға дейін тойымсыздана қарап, арқан бойы көтерілген жазғы күндей жүзі жайнап:
-Аһа-һей, а-һей! –деп қалай айғайлап жібергенін аңғармай қалды. Бар алап саңқылдаған бала даусымен жаңғырып,орман ішінде, көл бетінде, сыңсыған бүкіл құс атаулы дүрліге ұшқандай болды.
Сәкен Жүнісов (158 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма : қайталап келу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |