Жаттығумен жұмыс: 8-жаттығу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 9 -жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.