Ол бүгін келеді.
22 наурызда күн мен түн теңеледі.
Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)
Мекен пысықтауыш
мекен үстеуінен
атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден
Қайда?
Қай жерде?
Қай жақта?
Қайдан?
Әжесі үйде қалды.
Қайсар биыл мектепке барады.
Біз қала маңынан келдік.
Мақсат пысықтауыш
мақсат үстеуінен
-ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден
Үшін шылауымен келген есім сөзден
Кім үшін?
Не үшін?
Неге?
Қандай мақсатпен?
Сәуле зат алғалы келді.
Ол әдейі кірді.
Мен осыны айту үшін сөйлестім.
Амал пысықтауыш
қимыл-сын үстеулерінен
еліктеуіштен
көсемше тұлғалы етістіктен
Қалай?
Қайтіп?
Қалайша?
Жиналыста шапшаң сөйледі.
Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.
Себеп пысықтауыш -өткен шақтық есімшеден
Неліктен? Не себептен?
Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
Мөлшер пысықтауыш - мөлшер үстеулерінен
- мөлшер мәнді сын есімдерден
Қанша?
Қалай?
Сабақта ұзақ сөйледі
Емтиханға жаппай кірді.
Тақтайды ұзын кес.
Жаттығумен жұмыс: 52-жаттығу. Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да, пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.
Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, күмілжіп Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 53-жаттығу
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері Сабақтың мақсаты: а)Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;