б) Жаңа сабақты түсіндіру: Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.Мысалы:
Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлары,шөп суылдады. Көмірден май да шығады,темір қорытатын кокс те шығады.Мен бұл арада үнемдедім және үндеуді қажет те көрмедім. Бастапқы ыңғайлас саласта жүгеннің сылдырлауы мен шөптің суылдауы бір мезгілде болғандығы туралы айтылған.Екінші ыңғайлас салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың екінші жай сөйлемге де ортақ екендігі байқалады және екі сөйлемнің баяндауышы да шығады деген сөз болып тұр.Соңғы ыңғайлас салаластағы жай сөйлемдер істің,оқиғаның жүзеге аспауы жағынан бірыңғай біркелкі айтылған.Мұндағы жай сөйлемдердің баяндауыштары (үндемедім,қажет те көрмедім) етістіктің болымсыз түрімен берілген.
Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,жалғаулық шылаусыз,іргелес тұрып байланыса береді.жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап,ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.
Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді.Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.
Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.Ол кісі ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті,мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім.жастардың қолы қырықтықта,аузы әнде. Ыңғайласа байланысқан кейбір жай сөйлемдер бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Күн батты,тауды қара көлеңке басты.Екі құшақ жүнді Молдақым мен Әндіжан таразыға апарып өлшеп еді,жеті кило он төрт грамм болды. Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.Мұның өзінде да,әрі жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай,олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді.
Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай,құрмаласқан жай сөйлемдердің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.
Мысалы: 1.Олардың негізгі табысы сүттен екен.Сиырдың тұқымы да жақсы,бабы да келіскен екен. 2. Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес. 3. Келгендер арасында Абай бұрынан білетін Дәндібай,Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар. Меңдіқыз Хакімге қарады да,Әлібек Меңдіқыздың бетіне қарады. Және жалғаулықты шылаумен келгенде,әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде,жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.Қалған жағдайларда жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.