Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды,құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді,сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Бірінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса,екінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те,жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені,себебі,сондықтан,неге десеңіз.
Себеп мәнді жай сөйлем
|
Сондықтан
Сол себепті
|
Салдар мәнді жай сөйлем
|
Салдар мәнді жай сөйлем
|
Өйткені
Себебі
Неге десеңіз
|
Себеп мәнді жай сөйлем
|
Қазір ол сақалын да қырған,киімін де өзгерткен,сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.Сен танкіге үйренген адам едің,тракторға кетіп барасың.Жойқын алыптарды үңгірде,көрде тұрғызу – салт-сананың ең ескі түрінің бірі: үңгір – адам баласының ежелгі тұрағы.Кешен,кешене,кесене – қазақ ортасында қолданған сәулет өнерінің бір түрі,өйткені ерте заманда биік жерге салған күмбездердің барлығы «кесене» деп аталған.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса,арасына үтір қойылады. Керісінше,салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса,арасына қос нүкте қойылады.
Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой,өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді:бұл егін дәнін қолымнан менсептім ғой.
Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз.Егер сондықтан,сол себепті деген жалғаулықтар тұрса,себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.
Себебі,өйткені,неге десеңіз деген шылаулар тұрса,салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасып,себеп мәндісі соң орналасқан болады.Мысалы: Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады,сол себепті мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды.Күріш тұқымы суға қолмен себіледі,өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |