Жаттығумен жұмыс: Бірнеше мақал –мәтел айтып синтаксистік талдау жүргізеді.
Тақтамен жұмыс: Берілген сөздерді бастауыш етіп,баяндауышын әр түрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңдар.
Өзім, олар, бұл, сіз, жер, ел, оралмандар,үшеуміз. Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма:Бес сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасап келеді.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8