б) Жаңа сабақты түсіндіру. Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып,іс-оқиғаның несін білдіреді.Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді.- Сен оқыдың да,білім аддың,ұстаз көрдің.Біз надан өстік. Құнанбай да тысқа шықты. Бұл сөйлемдерде бастауыштар – сен,біз,Құнанбай.Бірінші сөйлемде бастауыш (сен) баяндауыштармен (оқыдың,білім алдың,көрдің) 2-жақта жекеше түрде қиыса байланысқан.Екінші сөйлемде бастауыш (біз) баяндауышпен (өстік) 1-жақта көпше түрде қиыса байланысқан.Үшінші сөйлемде бастауыш (Құнанбай) баяндауышпен (шықты) 3-жақта жекеше қиыса байланысқан.
Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді: