ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру. Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.
Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.
Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:
Құрылысына қарай
Сұрақтары:Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?
Дара
Заман өзгерген,білім күшейген.
Қазына – халықтікі.
Күрделі
Абай күрсініп қояды.
Олжабек шалқасынан түсе жаздады.
Үйірлі
Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық. Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.
Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар: