Сабақтың түрі: аралас сабақ .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру. Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын мен себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? Деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сынын білдіріп тұр.
Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер ждағынан пысықтап тұрады. 2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді. 3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары: