Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері
|
Толықтауыштың сұрақтары
|
Мысалдар
|
Тура толықтауыш табыс септігінде
|
Кімді? Нені?
|
Жаман – сыйлағанды білмес. Оқушылар емтихан тапсырды
|
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес сптігінде
|
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
|
Күресуге дәрмен жоқ.
Халықта жер бар.
Күштіден істі озды.
Бала тоқсанды беспен бітірді.
|
1.Күрделі зат есімнен,сын есімнен,сан есімнен,етістіктен: Көрсетпе кө жасыңды (нені) Жүз – жиырма беске (неге?) бөлінеді.
2.Негізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылы: Бұл соншалық сенімді айтылған байлау үй ішіне (кімдерге?) мақұл көрінеді.
3.Туралы,жөнінде,жайында шылауларының қатысуы арқылы: Сіз жөнінде (кім жөнінде?) көп естігенмін.
Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.Мысалы: Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға (кімге?),Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда? Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.
Жаттығумен жұмыс: 45-жаттығу. Әке,ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлемдер құраңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік,морфологиялық таладау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 46-жаттығу
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |