Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Одағай сөздер. Қаратпа,қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды.Одағайлар сөйлеушінің сезімін,көңіл-күйін – қуанышын,ренішін,таңдануын,ризалығын – білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па,шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.Жұмысты істеген соң осылай істеу керек,бәрекелді!
Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады.Сөйлемнің басында келеді,кейде сөйлемнің соңында келеді.Одағайдан соң леп белгісі,кейде үтір қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |