Жаттығумен жұмыс: 105-жаттығу. Жетіспей тұрған тыныс белгілері болса,дәлелдеп қойып шығыңдар.
Шығармашылық жұмыс: 106-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама –қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып,қарсылықты салалас құраңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 107-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Түсіндірмелі салаластан алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |