Сабақтың түрі : жаңа сабақ Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі



Дата09.08.2017
өлшемі126,29 Kb.
#23114
түріСабақ













Тақырыбы: Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы

Мақсаты:   1. Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру

2. Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып тәрбиелеу

 3. Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

І. Амандасу, түгелдеу.

ІІ. Оқу құралдарын тексеру

ІІІ. Оқушылардың назарын толық сабаққа аудару

ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ежелгі Араб мемлекеті қай жылы құрылды?

  2. Мұхаммед пайғамбардың Меккеге жорығы туралы әңгімелеп беріңдер.

  3. Арабтар жаулап алған жерлерінде ислам дінін қалай таратты?

  4. Аббас халифаты қай жылы құрылыды? Халифат қай жылы құлады?

ІІ Негізгі бөлім.

Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.

«Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді[1]. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді[1]. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді

Ислам діні және пайғамбар Мұхаммед (с.а.у)

Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.

Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.

630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз).

Араб елдерінің мәдениеті

Араб мемлекеттері - Египет, Сирия, Палестина байырғы, мәдениеті жоғары елдер еді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Барлық халифат жерінде мектеп-медреселер ашылып, оқу араб тілінде жүргізілді. Мемлекеттік тіл араб тілі болды. Мектептерде Құранды оқытуға басты назар аударылды. Ислам діні рухани қазынаның көзіне айналды. Қолөнер жоғары деңгейде дамыды. Макта мен жүннен жеңіл және жоғары сапалы, мықты маталар тоқылды. Ирандық кілем тоқушы шеберлердің даңқы дүние жүзіне белгілі болды. Сирияда ашық түсті жібек маталар, шыны ыдыстар өндірілді. Дамаск (Шам шаһары) қаласында қару-жарақ жасалды. Олар жасаған семсер, қылыш пен сауыт шет елдерде жоғары бағаланды.

Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шөл далалар мен биік тау асуларын басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкелді. Араб көпестері Батыс Еуропа мен Еділ жағалауларында да жиі болып отырды. Қазақстан мен Орта Азия елдеріне келіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда сауданың дамуына ықпал жасады.

«Адамның ең басты көркі - білім» деді арабтар. халифатта математика, астрономия, география ғылымдары дамыды. Бағдат қаласында үлкен кітапхана жұмыс істеді.

Бағдат пен Дамаскіде обсерватория болды. Күрделі аспаптарды пайдалана отырып, астрономдар жер көлемін есептеп шығара алды, аспан әлеміндегі жұлдыздардың орналасу тәртібін сипаттап жазды.

Арабтар жер-жаһанды аралап, Қытай, Үндістан, Орта Азия және Қазақстан елдерінде болып, көптеген кітаптар жазып қалдырған. Батыс Еуропа елдерінде болғанда жүрген жерлерінің карталарын жасаған. Араб әдебиетінің ең үздік туындысы - бізге келіп жеткен «Мың бір түн» хикаяты. Араб поэзиясы, араб ақындарының өлеңдері күні бүгінге дейін дүние жүзі халықтарына әйгілі.



Араб сәулет өнерінің үздік туындылары адамзатты күні бүгінге дейін таңғалдыруда. Араб сәулетшілері тамаша сарайлар, мазарлар мен қамалдар, мешіттер салды. Мысалы, Иерусалимдегі VIII ғасырдың аяғында салынған атақты Омар мешіті сәулет өнерінің озық туындыларының бірі болып саналады.

Африка мен Пиреней түбегіндегі араб елдерінде ірі мәдени жетістіктер дүниеге келді. Еуропадағы ең жоғары мәдениет ошағы арабтардың иелігіндегі Кордова мемлекепгінде шоғырланды. Мұнда ірі университеттер бой көтерді (Кордова университеті т. б.). Араб ғалымдарының астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін салды. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап калған. Философияның ілгерішіл бағытын осы араб ғалымдары дамытты. Әлем кеңістігі жөніндегі ілімді туғызды. Әлемді «Жаратушының әмірімен ғайыптан пайда болды» дегенді теріске шығарды. Бұл салада кордовалық философ Ибн Рушд елеулі еңбек етті. Мұнда Птолемей еңбектеріне негізделген ғылыми география өркендеді. Араб тарихшысы, географы әл-Масуди «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедия жазды. Араб саяхатшылары Еуропаға, славян елдеріне барып, олар туралы қызықты мәліметтер жинады, көптеген елдер мен теңіздердің карталарын жасады.

Арабтардың үйлері тасқа қашалған ою-өрнектермен, қабырғалары мен едендері жылтыраған кірпіштермен, мозайкамен өрнектелді. Ислам діні адам кейпін, сондай-ақ жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Алайда өнердің тоқыма, зергерлік сияқты түрлері, сәулет өнері биік сатыға көтерілді. Шеберлер нәзік өрнектің неше алуан әсем түрін туғызды. Араб әріптерімен әсемдеп жазу немесе өсімдік және геометриялық пішіндерге негізделіп жасалған күрделі өрнек түрі «арабески» деп аталды. Жоғары дамыған Араб мәдениетінен еуропалықтар көптеген бағалы ғылыми білімдер негіздерін оқып үйренді. Араб математиктері мен астрономдарының еңбектерін ортағасырлық Еуропа ғалымдары басшылыққа алды.

Еуропалықтар арабтардан карталар сызуды, компас пен глобусты пайдалануды үйренді. Ибн Синаның (Авицена) латын тіліне аударылған медицина жөніндегі шығармалары XVII ғасырға дейін Еуропа дәрігерлерінің қолдан тастамайтын кітабы болды.

Еуропалықтар халифат елдерінің мәдениетімен негізінен арабтар жаулап алған Испания арқылы танысты. Кордовадағы университетте араб ғалымдары ғылымның әр саласынан дәріс оқыды. Сол кездегі орасан үлкен кітапханалар осы кезге дейін сақталған. Ежелгі Грекия және Римғалымдары мен жазушыларының еңбектері де араб аудармалары арқылы белгілі болды.

Пысықтау сұрақтары

1. Араб тайпаларының бірігуіне жәрдемін  тигізген қай дін?

2. Ислам  дінінің негізін салушы кім?

3. Қағба бұл қасиетті...

4.  Алланың жердегі елшісі кім?

5. Мұхаммед пайғамбар қай қалада өмір сүрді?

 6. Әлемдік аса ірі діндерді атап бер.

1. Ислам дінінің орталығы қалай аталады?

2. Мұсылмандардың қасиетті  кітабы?

3. Мекке мен Медине қаласы қай жерде орналасқан?

4. Мұхаммед пайғамбардың өмір сүрген жылдары?

5. Сәулет өнеріне қандай құрылыстар жатады?

6. Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз?

Барлығына ортақ тіл – араб тілі 

                                                Мәдениет

       материалдық                                                              рухани

Адам ой- санасымен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтардымәдениет дейміз.

Қол мен ұстап, көз бен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет дейміз.

Қол мен ұстап, көз бен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылдайтын  мәдениет жетістіктерін рухани мәдениет дейміз.



ІІІ. Серпілу слайдтар

ІҮ.   Сөзжұмбақ

Сұрақтар:

1.     VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім?

2.     Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты - императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі.

3.     Грек тілінен аударғанда миссия ( машиах), құтқарушы деп аударылған сөз

4.     Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі.

5.      Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында  Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін



                             Сөзжұмбақ

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Тарих қойнауына ену

 Интерактивтік тақтада карта көрсетіледі. Карта бойынша мұғалім түсіндіруі.



VII ғасыр. Ислам дінінің аумағы Араб түбегін қоса алғанда Солтүстік Африка, Пиреней түбегі, Месопотамия, Иран, Ауғанстан, Кавказ аумағы, Орталық Азия мен Үндістанның солтүстігіне дейін жеткен.

Ислам дінінің ұстанушылар саны шамамен 2 млр-қа жуық.

90%-ы Сунниттер.

Шииттер Иран мен Ирак аймағында ғана кездеседі.

120 –дан астам елде Ислам діні таралған.

Сенушілер әлемінің 35 мемлекеті халқының басым бөлігін құрайды.

Әлемнің 28 елінде ресми дін болып жарияланған.

Халықаралық мұсылмандық сипаттағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар:

1.     1966 жылы Меккеде құрылған Ислам әлемі Лигасы

2.     1969 жылы Ислам конференциясы ұйымы

1973 жылы құрылған Европаның Ислам Кеңесі ұйымы 

ҮІ.  Тест

1.     Дәуіт пайғамбарға түскен кітап

       А)  Құран                В) Інжіл             С) Зәбур                Д) Тәурат



2.     Жаратушының үкімдерін пайғамбарларға жеткізуші періште

      А)  Жәбірейіл        В) Микәйіл         С) Исрафил         Д) Әзірейіл



3.     Исламдағы шариғат негізінің төрт мәселесінің бірі

      А) Ораза ұстау   В) Тәрбие (Аһлақ)   С) Кітаптарға сену 



Д) Қажылық

4.     Ислам діннің бес парызының бірі

      А)  Періштелерге     В) Тағдырға сену       С) Амал       Д) Куәлік сөзін айту

5.     Елшілік міндетті хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) Хира тауының басында Жәбірейлі періште қай жылдың Рамазан айында жеткізді?

      А)  630                        В) 622                     С) 610             Д) 609

     6.  Қазақстанға ислам дінінің таралған жылы?

А)  Ү ғасыр     В) ҮІІ ғасыр      С) ІХ ғасыр      Д) ҮІ ғасыр

     7. Ислам діні әлемде кең таралу жағынан ... орында?  (екінші)

     8.1962 жылы Меккеде  ...  әлемі Лигасы құрылды.  (Ислам)

     9 ... Иран мен Ирак аумағында кездеседі.  (Шииттер)

     10. Әлемнің ... елінде Ислам діні ресми болып жарияланған.  (29)

     11.  Дүние жүзінде Ислам дінін ұстанушылардың 90 пайызы ... .     (Сунниттер)

12. Иерусалимдегі Омар мешіті ..... ғасырда салынды.   (ҮІ ғасырда)

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

2 топтан 2 оқушы шығып, Не білдік? - айдары бойынша әңгімелейді. Оқушыларды толықтырып, мұғалім қорытындылайды.



Бағалау.

VIІІ. Үйге тапсырма беру

Кесте толтыру.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет