Тапсырмада берілген мәндер бойынша есептер шығарады.
2-тапсырма
5 мин+2 мин
Топпен есеп шығару.
Жарық ауадан глицеринге түседі. Түсу бұрышы 300 болса сыну бұрышы неге тең? Жауабы:
Жарықтың кейбір сұйықтағы жылдамдығы 240 000 км/с. Осы сұйыққа жарық ауадан 250 бұрышпен түседі. Жарықтың сыну бұрышын анықтаңыз. Жарықтың ауадағы жылдамдығы Жауабы:
Жарық көзінің түрлері қандай? (Дербес және шағылған жарық көзі)
Жарықтың таралу заңы.
(Біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен түзусызықты тарайды.)
Жарықтың шағылу заңы (1.Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінде шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2.Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.)
Жарықтың сынуы дегеніміз не? (Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде жарықтың бағытының өзгеруі)
Жарықтың сыну заңы қалай тұжырымдалады? (1.Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; 2.Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады)