Қағазды формаға келтіру түрлері
Әртүрлі үлгіде (формада) дайындалып болған фигураларды қағаз немесе ДВП картон беттеріне орналастыра бастаймыз. Ең алдымен жабыстыратын фигураның астына ПВА желімін жағамыз да еппен дұрыстап фигураны қоямыз. Осылайша барлық фигураларды жапсырып шығамыз. Дайын болған картинаны арнайы рамкаға орналастырамыз.
Іске сәт!
Қорытынды:
Теориялық бөлімді қорытындылау квиллинг туралы білімдерін тексеру мақсатында «Қатесін тап» атты тапсырма жүргізіледі. Тапсырманы оқи отырып жауап қате болған жағдайда жақшаның ішіне дұрыс жауаптарын жазады.
«Қатесін тап»
«Квиллинг» темірмен ( ) орындалатын қолөнердің бір түрі.
Алғаш рет Ресейде ( ) б.з.д 205 ( ) жылы пайда болды деген болжам бар.
Квиллингтің тарихы өте бай. 300 - 400 жылдары күміс және алтын жолақтармен құмыраларды безендірген және осы техниканы пайдалана отырып әшекей-бұйымдар ойлап шығарған. 1500 ( )жылы квиллинг өте әйгілі болған.
1600-1700 жылдары әйелдер көңіл көтеру үшін қолданған. Африка мен Америкада
( ) 1700-1800 жылдары әйгілі болған.
Қолөнердің квиллинг, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері матамен жұмыс
( )жасауға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым мата қалдықтары ( )
Оқушылар пікірі: Оқушылар қолдарына таратылған шағын қағазға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып білім ағашына іледі.
Бағалау: Теориялық білімнің нәтижесі мен шығармашылық жұмыстың сапасын біріктіріп бағалау.
Квиллингтің түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |