Березняковка орта мектебі
Тақырыбы:
Бір уыс мақта
(ашық сабақ)
Орындаған :Каримова А.А.
2015- 2016 жыл.
Тақырыбы: «Бір уыс мақта» Ыбырай Алтынсарин.
Білім беру саласы: Таным.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Мақсаты: Ы. Алтынсаринмен таныстыру. Автордығ әңгімелерімен таныстыру. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айтып беруге үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринннің портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмыс: Шапан, мақтаның қиқымы, мамық.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, жаңа технология бойынша «алтын жол» (ТРИЗ).
Мотивациялық қозғаушы.
Ұйымдастыру кезеңі :
Шаттық шеңбері.
Ал балалар, шеңберге тұрамыз. Бір – біріне жылы сезім , күлкі сыйлау. Әр баланың төсіне күлімдеген смайликтер тағу.
Ұйымдастырушылық – іздену:
Жаңа сабақ: Сабақты математика сабағымен бастаймыз. Өрнектерді шешу арқылы сөздерді шығару.
1+1=2 (Ә)
2+1=3 (ң)
3+1=4 (г)
4+1=5 (і)
5+1=6 (м)
6+1=7 (е)
7+1=8 (л)
8+1=9 (е)
9+1=10 (р)
«Әңгімелер». Ы. Алтынсариннің портретін көрсету және қысқаша мәлімет беру. Әңгімелерінмен таныстыру, кітаптарымен таныстыру.
Ы. Алтынсарин (шын аты Ибраһим, 1841 – 1889 ж.ж.) – қазақтың тұңғыш аса көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Балаларға арналған көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған жазушы. Әңгімелері: «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Мейрімді бала», «Түлкі мен ешкі» т.б. және бүгінгі танысатын «Бір уыс мақта» әңгімесі.
Әңгімені оқып беру.
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
Балам, дүниедегі жаратылған жанда жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны юолмайды, - деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі матаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
Әже, қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас, - деп.
Шешесі:
Балам, сол жерде қалмайды, - дейді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырады, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті.
Қыз әжесінен:
Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылды? – деп сұрады. Әжесі айтты:
Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді , - деді.
Сұрақ қою:
Әңгіме не туралы?
Қыз бала не істеді?
Әңгіме немен аяқталды?
Сөздік жұмыс: шапан, мақтаның қиқымы, мамық сөздерін ашып түсіндіру.
Шапан – астарына жүн немесе жүн мақта салып, сырып тігілген бас киім.
Қиқым – бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы.
Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.
Дәптермен жұмыс:
Жаңа ТРИЗ технологияны қолдану «Алтын жол».
Суреттер: Қыз, шапан, терезе, мақта, торғай ұясындағы балапандары.Осы суреттегі алтын жолға орналастырып, әңгіме құрастырады. Балалардың іс - рекетің бақылау.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық,
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір,
Орнымызды табайық.
Дидақтикалық ойын: «Кім тапқыр».
Ойыннның шарты: Өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.
Торғай, торғай, торғайсын,
Ұшып, қонып қорғайсын.
Сен өзің қандайсын?
Қарғаға да ұқсамайсын,
Өзің кіші торғайсын,
Түсін қоңыр торғайсын,
Ұяңа мамық тасып ап,
Өзің сондай торғайсын.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру.
5 жасар балаларға суреттегі сөзді атау.
6 жасарларға суреттегі сөзді тауып, жіберілген дыбысты таап, сөйлем құру.
Ал балалалар, біз бүгін кіммен таныстық?
Ол жазушының қандай әңгімесімен таныстық?
Қорытынды: балалардың тақпақтары.
1+1=
2+1=
3+1=
4+1=
5+1=
6+1=
7+1=
8+1=
9+1=
Достарыңызбен бөлісу: |