Сабақтың түрі: аралас сабақ



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі213,94 Kb.
#16003
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларға салт – сана, дәстүр – ғұрып туралы барынша кеңірек мәлімет беру, таным – түсінік қалыптастыру және тақырыпқа негіз болған Алаш яғни қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен ардагер азаматтарын, өнер мен мәдениет қайраткерлерін таныстыру;
Дамытушылық: балаларды қисынды (логикалық) ойлауға, ес – жадын тұтқырлауға, ой – өрісін кеңейтуге баулу сондай – ақ ағаш үйіміз – исі қазақтың қара шаңырағы киелі киіз үй туралы толық түсінік беру;
Тәрбиелік: халқымыздың салттарына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, салт – санаға сәйкес көрініс, деңгейлік тапсырмалар, ойындар.
Көрнекі құралдар: слайдтар, плакат.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Ұстаз деген – ұлылық,
Күндей ыстық – жылылық.
Қош келдіңіз – мектепке,
Сәлемдестік – иіліп.
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз бәріміз үшін аса қымбат Отан, халық, ел – жұртқа және әрбір халықтың – тірегі, өзіндік ерекшелігі болып саналатын салт – әдеттерімізге арналады.
Отан мен халық дара,
Олар бізге анық ана.
Әдет – ғұрып, салт – сана,
Білуге тиіс бар бала.
Қазақ Елі, Алаш жері – ұлан – байтақ, ұшы – қиырсыз кең, ал халқымыздың салт – дәстүрі – ұшан – теңіз. Жақында салт – дәстүріміздің алтын сандығы – халық ауыз әдебиетінің 100 томдық кітабы жарық көрді, бұл әлемнің ешбір елінде жоқ байлық екен. Міне осы ұлы Отан, қасиетті халық оның дәстүрлері, ойын – тойлары, домбыра, бесік, киіз үй сияқты мәңгілік мұралары туралы не білесіңдер?
1 – бала: Біз халқымызды, салтымызды және қасиетті бұйымдарын сүйеміз, білеміз, ал білмей қалсақ ізденіп, үйреніп жүреміз.
Жұмбақ
Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.
/Киіз үй/


Мұғалім: Олай болса атамыз Алаштың асыл мұрасы, қарашаңырағы – киіз үйге тоқталайық. Сонымен бірге басқа салт – ғұрыптарды да қамтимыз.

1 – бала: Киіз үйдің сүйегі – кереге, уық, есік, шаңырақ ағаштан жасалады.
2 – бала:Киіз үй қой жүнінен басылған киізбен жабылып, өрілген арқан – жіптермен байланады.
3 – бала: Киіз үй көшіп – қонуға оңай. Қыста жылы, жазда салқын.
4 – бала: Жұмыртқадай аппақ киіз үйлер өте әдемі, алыстан көз тартады.
5 – бала: Киіз үйдің ішкі көрінісі де әсем. Ою – өрнектермен көрпе – төсектер, кілемдер, бау – басқұрлар көздің жауын алады.
Мұғалім: Бұл киіз үйдің жалпы сипаттамасы ғой, енді нақты етіп айтыңдаршы.
1 – бала:

Күндіз күн, түнде жұлдыз жамырайды,
Елтаңбада тұр киелі шаңырағы.
2 – бала:
Түріп қойсаң дүниеге терезе,
Қабырғасы киіз үйдің – кереге.
3 – бала:
Үй көтеріп, берген оған биікті,
Мықты дейміз талшыбықтай уықты.
4 – бала:
Халықпыз ғой мол береке, несібі,
Қонақ келсе ашық тұрар есігі.
5 – бала:
Тоқып – тігіп ою – өрнек жүргізді,
Бау – басқұрды көрнекті етіп ілгізді.
6 – бала:
Өсер халық салт – дәстүрін мәңгі ұстар,
Сән – салтанат, кілем, сырмақ таңғыштар.
Мұғалім:Енді балалар «Құрастыру»ойынын ойнап жіберейік. Мына менің үстелімнің үстінде киіз үйдің сүйектері жатыр соны алып бастарымызға киіп тездетіп киіз үйді құрастыруымыз керек. Ал қане бастаңдар.
Бұл тірі бейне, жанды көрініс болды ғой. Жақсы енді Алаш атамыз жас ұрпақты салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа жасынан баулыған ғой. Ол туралы не айта аласыңдар?
Атасы.'>Көрініс: «Ата мен немере»
Атасы. Балам қалаға көшкелі келіп тұрғаның осы, ол кезде кішкентай едің. Қане төрт түлікті атап берші.
Немересі.(Үндемей тұрып, басын сипап)Арыстан, аю, қоян, қасқыр – дейді.
Атасы. Ой, балапаным – ай, өзің білгішсің ғой, тіпті мүдірмедің.
(Сосын слайдтың алдына ертіп келіп)
Мынау түлік төресі – түйе. Олар келе – келе болып жүреді. түйе малдың патшасы. Ал жылқы малдың қасқасы. Олар үйір – үйір болып жүреді. Ер – қанаты ат осы. Бұл болса бір өзі бір үйді асырайтын сүтті сиыр. Олар табын – табын болып жүреді. Ал мынау өнімі көлкөсір – қой, қасындағы түбіт жүнді ешкі. Олар отар – отар болып жүреді. Екеуі бірге жүрген соң бір түлік саналады, түйе, жылқы, сиырды қосып төрт түлік дейді. Енді білдің бе?
Немересі. Иә ата білдім.
Мұғалім:Балалар халық ауыз әдебиеті дәстүрімізді дәріптейтін, салтымызды сақтайтын сарқылмас кен – қазына. Ондағы өлең – жырлар, жұмбақ – жаңылтпаштар бәрі, бәрі бала тәрбиесі үшін арналған. Енді ойындарға кезек береміз. Қане кім білсе қолымызды көтеріп жауап береміз.
Ойын: «Бір санжұмбақ»
1. Қызға (40) үйден тиым.
2. Жігітке (7) өнерде аз.
3. Ер жігіт (8) қырлы (1) сырлы.
4. Ат баспаймын деген жерін (3) басады,
Ер көрмеймін деген жерін (3) көреді.
5.Білекті (1) жығар,
Білімді (1000) жығар.кетеді.
Ал енді «Түсіп қалған сөз» ойынына келеміз.
1. Әке көрген (оқ) жонар,
Ана көрген (тон) пішер.
2. Қыз өссе (елдің) көркі,
3. Әдепті бала (арлы) бала,
Әдепсіз бала (сорлы) бала.
4. Көппен көрген (ұлы) той.
5. Талабы жоқ бала (қанаты) жоқ құс.
6. Бірлігі бар (ел) озады,
Бірлігі жоқ (ел) тозады.
Мұғалім: Балалар енді мен тойлар мен ғұрыптарды қалай біледі екенсіңдер, соны сынаймын.
1. Ұлыстың ұлы күні? (Наурыз)
2.Екі адам, екі домбыра алма – кезек ән айтып отыр? (Айтыс)
3. Атқа мінген көп бала шауып келеді? (Бәйге)
4. Дүниеге келген сәбидің ең алғашқы тойы? (Шілдехана)
5. Көк бөріге таласқан көп атты? (Көкпар)
6. Екі үлкен адамды көтеретін биік бесік? (Алтыбақан)


Наурыз Алтыбақан



Шілдехана Ойын – Бәйге


ғұрыптар

Бесік той Көкпар



Мұғалім: Ал қане киіз үй туралы әлі де айтыла жатар, сонда да бір қорытып қояйық.
Видео: «Киіз үй»
Мұғалім: Балалар тақырыбымыз «Атамыз – Алаш, үйіміз – ағаш» екенін білесіңдер. Ағаш үйіміз – киіз үй туралы біраз айтылды. Енді атамыз Алашқа келейік. Алаш азаттығы үшін арпалысып, сол жолда жанын қиған азаматтар өте көп. Соның ішінде XX ғасырдың басындағы халық тәуелсіздігі үшін жанын қиған «Алашорда» қозғалысының көшбасшы қайраткерлерін атап өтеміз. Мен олардың шығармаларынан, өнер, өмір жолынан бір белгі – сөз айтамын. Кім бұрын тапса қолын көтеріп суретін көрсетеді.
1. Атақты «Оян қазақ» өлеңінің және «Бақытсыз Жамал» романының авторы?(Міржақып Дулатов)
2. «Қырық мысалды» жазған әдебиетші, тілтанушы ғалым? (Ахмет Байтұрсынов)
3. Алошарда қозғалысының көсемі?(Алихан Бөкейханов)
Мұғалім: Өте жақсы. Келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Гүлдерайым»
Қорытынды:
Құрметті ұстаздар, жасы үлкен тәжірибелі – кәсіптестер. Мен еңбек жолын енді бастап келе жатқан жас ұстаз ретінде бірінші рет сыныпта ашық тәрбие сағатын өтіп отырмын. Келіп, қатысқандарыңызға үлкен рақмет. Тағыда бір рет қош келіпсіздер. Сіздермен қайырласа отырып жұмыстарыңызға табыс, жанұяларыңызға бақыт тілеймін. Сау саламат болыңыздар.

Анализ


Қымбатты ұстаздар! Мен жақында қабылдаған сыныпқа алғашқы ашық тәрбие сағатына «Атамыз – Алаш, үйіміз – ағаш» – деген тақырыпты алған едім. Алаш жұрты оның сан қырлы салт – санасы мен әдет – ғұрыптары әлемде теңі жоқ орасан зор дүние. Халқымыздың салт – дәстүрлерін, ұрпақ тәрбиесін халық ауыз әдебиетінің өзі жүз томдық болып жарық көріпті. Мұндай аса мол рухани байлық жер шарындағы ешбір елде жоқ екені қазір анықталып отыр. Ұстаздың міндеті мен мақсаты қыруар құндылықты біртіндеп жас ұрпақтың санасына сіңіру. Сол себептен теңізден тамшы дегендей төменгі сынып шәкірттерінің ұғымына жеңіл болсын деп қарапайым түрде түсінік беруге тырыстым. Егер осынау үлкен міндетті азды – көпті орындай алсам сабақтың өзінің мақсатына жеткені деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет