ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін КеАҚ «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ректоры ___________________ Т. Балықбаев «_____»_____________2020 ж.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың асыл мұрасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу) байқауының ЕРЕЖЕСІ
Алматы, 2020 Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайдың асыл мұрасы» байқауының ЕРЕЖЕСІ
1. Студенттер арасындағы «Абайдың асыл мұрасы» байқауының тұжырымдамасы, мақсаты мен міндеттері, оның ұйымдастырушылары, қатысушылары 1.1. Байқаудың тұжырымдамасы - қазақ және әлем әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының туындыларын студенттердің жатқа білуін қалыптастыру. Байқаудың мақсаты - студенттер Абайдың алуан қырлы шығармашылығымен, аудармашылығымен баулу. 1.2. Байқаудың міндеттері : - дамыту - оқуға дағдыны қалыптастыру, мәтінді терең ұғынудың негізінде эмоционалдық интеллектіні, мәнерлеп оқу машықтарын қалыптастыру; - білім беру - студенттердің оқырмандық ой-өрісін кеңейту; - тәрбиелеу - отансүйгіштікті тәрбиелеу, көп тілділікке ынталандыру. 1.3. Конкурстың тілдері - қазақ тілі, БҰҰ тілдері (орыс, ағылшын, француз, испан, қытай, араб тілдері), сондай-ақ Қазақстанның аумағында тұрып жатқан, Абайдың туындылары аударылған этностардың тілдері. 1.4. Байқаудың ұйымдастырушысы - Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Мансап» орталығы, Студенттік ректорат. 1.5. Байқаудың ғылыми-танымдық қолдау көрсетуді Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Абайтану орталығы» жүзеге асырады. 1.6. Байқауды ұйымдастыруға және өзгертуге жетекшілікті конкурсты ұйымдастырушылардың өкілдерінен қалыптастыратын Ұйымдастыру тобы жүзеге асырады. 1.7. Ұйымдастыру тобы құрамында 5 адам болатын Байқаудың қазылар алқасын бекітеді. 1.8. Конкурсқа қатысушылар - барлық 1-4 курс студенттері. 1.9. Конкурс номинациясы: - Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2. Байқаудың мазмұны мен шарттары 2.1. Қатысушылар Байқауға Абайдың өлеңдерін, Абай шет тілдерге аударылған өлеңдерін түрлі тілдерде бейнебаян форматында жатқа ұсынады. 2.2. Байқауда әр қатысушы дербес шығады және басқа әсіреулерге (фонды музыка, монтаж, театрлық қойылым, этюд) жүгіне алмайды. 2.3. Оқу ұзақтығы - 1-3 минутқа дейін. 2.4. Оқу уақытында музыкалық сүйемелдеуді, декорацияларды, пайдалануға болмайды. Алайда, олардың пайдаланылуы артықшылық болып табылмайды және қосымша ұпайлар берілмейді. 2.5. Байқауға видеоларды 2020 жылғы 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынуы тиіс (Қосымшаны қараңыз). Байқаудың өнімдерін ұсыну мекен-жайы - (+7 747 296 6506, + 7 707 925 53 00,) Ескерту: Хаттың тақырыбы «Абайдың асыл мұрасы», қатысушының аты-жөні, курсы, мамандығы көрсетілуі тиіс. 2.6. Байқаудың марапатталуы – онлайн форматта уақыты - 2020 жылдың 20 қарашасы күні, сағ.15.00. Өткізу орны – Zomm платформасы
3. Бағалау критерийлері 3.1. Төменде көрсетілген критерийлердің әрқайсысы бойынша 5-10 аралығында ұпайлар қойылады - Туынды таңдауы; - Толқудың, көңіл-күйдің, мінездің мазмұнын көрсетуге қабілеттілік; - Дикциясы; - Видеода артық әсірелеудің болмауы
3.2. Төменде көрсетілген критерийлер үшін 1 ұпай шегеріледі. - Оқуға бөлінген 3 минуттан асуы; - Мәтінді туындының мағынасын бұрмалайтындай сәтсіз қысқарту.
4 Конкурстың жеңімпаздарын көтермелеу Ұпайлардың жиынтық саны бойынша қазылар алқасы 1,2,3 орындарды анықтайды, олар Алғыс хаттармен, қомақты жүлде қорымен марапатталады. Жүлде қоры: 1 – орын – 50 000 2 – орын – 30 000 3 – орын – 20 000