Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты



бет3/3
Дата21.04.2017
өлшемі367,17 Kb.
түріСабақ
1   2   3
Магнит индукциясы сызықтары – әр нүктедегi жанамалары өрiстiң осы нүктелерiндегi векторының бағытымен сәйкес келетiндей етiп жүргiзiлген бейне сызықтар. Тұрақты магнит орналасқан қағаз бетiне темiр ұнтақтарын сеуiп, магнит индукциясы сызықтарының толық сутеттер көрiнiсiн көзбе-көз көруге болады . Магнит индукциясының сызықтары әрқашан да тұйық және өрiс туғызатын тогы бар өткiзгiштердi қамтиды. Магнит индукциясы сызықтарының тұйықтығы табиғаттағы еркiн магнит зарядтарының бар болуының дәлелденбегендiгiмен түсiндiрiледi. Тұйық күштiк сызықтары бар өрiстердi құйынды өрiстер деп атайды. Магнит өрiсi құйынды өрiс болып табылады. Бiртектi өрiстiң магнит индукциясының сызықтары параллель болады. Магнит өрiсi потенциалды болмайды, яғни тұйық контурдағы зарядтың орын ауыстыруы бойынша магнит өрiсiнiң жұмысы нөлге тең емес. Магнит тiзбегi деп магнит өрiсi жинақталған кеңiстiктiң аймақтары немесе денелердiң жиынтығы аталады. Магнит тiзбегiндегi магнит ағыны электр тiзбегiндегi ток күшi сияқты рөлдi атқарады. Бет арқылы өтетiн магнит ағыны деп магнит индукциясы векторының модулiнiң жазық беттiң S ауданына және және векторларының арасындағы бұрыштың косинусына көбейтiндiсiне тең шаманы айтамыз, мұндағы - жазық бетке түсiрiлген нормаль: (6.3)



  1. СИ жүйесiнде магнит ағынының бiрлiгi ретiнде – бiр вебер (1 Вб) - өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы 1 Кл электр мөлшерi өткендегi кедергiсi 1 Ом электр тiзбегiндегi нөлге дейiн кемiген магнит ағыны алынады.

  • 1 Вб магнит ағыны магнит индукциясы векторына перпендикуляр орналасқан ауданы 1 м2 бет арқылы өтетiн 1 Тл магнит индукциясы бар бiртектi магнит өрiсiнен туады.

  • Ампер күшi – магнетизмнiң негiзгi заңы





    Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.

  • Ток элементiмен α бұрышын құрайтын индукциясы болатын магнит өрiсi тарапынан I тогы бар өткiзгiштiң аз ғана кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнiң модулi F мына формула бойынша анықталады:

  • (6.4)

  • Ампер күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады

  • егер сол қолды магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi.

  • 6 Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (20-25 мин)-



  • а) студенттердің білімін сұрақ-жауап арқылы

  • 1. Ампер күшi - тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң тарапынан әсер етушi күш.

  • 2. Бет арқылы өтетiн магнит ағыны - магнит индукциясы векторының модулiнiң жазық беттiң S ауданына және мен векторларының арасындағы бұрыштың косинусына көбейтiндiсiне тең шама, мұндағы - жазық бетке түсiрiлген нормаль.

  • 3. Вебер - магнит ағынының өлшем бiрлiгi; В.Э.Вебердiң (W.E.Weber) құрметiне аталған. Вб немесе Wb арқылы белгiленедi .

  • 4. Магнит индукциясының векторы - магнит индукциясының күштiк сипаттамасы.

  • 5. Магнит индукциясы сызықтары - әр нүктедегi жанамалары өрiстiң осы нүктелерiндегi векторының бағытымен сәйкес келетiндей етiп жүргiзiлген бейне сызықтар.

  • 6. Магнит тiзбегi - магнит өрiсi жинақталған кеңiстiктiң аймақтары немесе денелердiң жиынтығы.

  • 7. Құйынды өрiс - тұйықталған күш сызықтары бар өрiс

  • 8. Электрондық өткiзгiштiк – электрондардың қозғалысынан пайда болатын өткiзгiштiк.

  • 9. Магнит өрiсi деп - Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн атайды

  • 10. Электронды-сәулелiк түтiкше - термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғы.



  • 6. Сабақты қортындылау (5 мин)- Студенттердің алған білімін есеп шығару арқылы қорытындылау.



  • Есеп 1 Индукциясы В = 0,2Тл бiртектi магнит өрiсiнде бойынан I = 5А ток ағып өтетiн, ұзындығы l = 15см өткiзгiш орналасқан. Өткiзгiшке F = 0,13Н –дық күш әсер етедi. Токтың бағыты мен магниттiк индукция векторы бағытының арасындағы α бұрышты анықтаңыз

  • Бер:

  • В = 0,2Тл

  • I = 5А

  • l = 15см

  • F = 0,13Н



  • α -?





    1. Үйге тапсырма беру (5 мин)



    1. Тақырыбы: Магнит өрісі. Магниттік индукция. Кернеулік.





    2. а) Өзіндік дайындауға арналған сұрақтар:



    3. - Магнит өрісі.

    4. - Магниттік индукция.

    5. - Магнит өрісінің құйынды сипаты.

    6. - Ортаның магниттік өтімділігі.

    7. - Магнит тұрақтысы.

    8. - Магнит өрісінің кернеулігі.

    9. - Магнит өрістерін график түрінде кескіндеу.



    10. б) Үйге есеп шығару: (А.П. Рымкеевич).

    11. Есеп 5 Индукциясы 0,1Тл болатын магнит өрiсiнде ұзындығы магниттiк индукцияның сызықтарының бағыттарына перпендикуляр бағытта айналатын стержень орналасқан. Айналу осi стерженнiң бiр шетi арқылы өтедi. Бет арқылы өтетiн, стержень әр-бiр айналым сайын тудыратын, магнит индукциясының ағынын анықта.

    12. Бер: В = 0,1Тл

    13. l = 15м



    14. .







    15. т/к Ф-?



    16. Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:



    17. Қолданылған негізгі әдебиеттер

    18. 1. Жданов Л.С., Жданов Г.Л. Физика. Учебник для средних специальных учебных заведений .-М.:Наука, 1986

    19. 2. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/.-Алматы: Мектеп, 2006

    20. 3. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. Физика / Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /.-Алматы: Мектеп, 2001

    21. 4. Воронцов-Вельяминов Б.А. Астрономия.- Алматы: Рауан, 1997

    22. 5. Физика. Вселенная./ Перевод с английского языка под ред. А.С.Ахматова.- М: Наука, 1973



    23. Қосымша әдебиеттер

    24. 1. Тұяқбаев С., Насохова Ш., Кронгарт Б., Кем В., Загайнова В. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану–математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/. –Алматы: Мектеп, 2007

    25. 2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992

    26. 3. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2009



    27. WEB сайттары тізімі

    28. 1. www.google.kz

    29. 2. www.fizica.ru

    30. 3. www.e-gov.kz









    Каталог: sabaq-kz -> attachment
    attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
    attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
    attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
    attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
    attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
    attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
    attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету
    attachment -> Модуль №1 Қаныққан көмірсутектер. (8 сағат)


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3


    ©engime.org 2017
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет