Ән: «Әлия»
Әні – С.Бейтереков
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылдың 15 мамырында қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Зормата селолық кеңесінде дүниеге келген.
1940 жылы Орал қаласындағы №1 орта мектепті алтын медальмен бітіреді. 1942 жылдың мамыр айынан бастап Х.Доспанованың жастық шағының 3 жылы қанқұйлы соғыс майданында, аспандағы жау ұшақтарымен шайқаста өтті.Неміс фашистері біздің ұшқыш қыздарымызды «Түн перілері», «Түн аждақалары» деп атап, зәре-құты қалмай қорқатын көрнеді.
Қазақтың ұшқыш қызы "По-2» бомбылағыш ұшағымен 300-ден астам әуе шайқастарына қатынасып, жауынгерлік ерлігі үшін «Қанатты қыз» атанған.
Майданда ол ұшақтан 14 рет құлап, төрт мәрте ауыр жарақат алды. Ауыр жарақатынан айыққан соң қайсар қыз әрдайым ұрыс даласына қайта оралып отырды.
Мұғалім: Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
Мұғалім: Отан үшін от кешкен,
Денелерін оқ тескен.
Ұмытпайық бұларды
Ұрпағы үшін жан кешкен...
Хор: Соғыс өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің
Болмасын соғыс, болмасын!
Келешек ұрпақтың тілегі осы.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3Д сынып
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Жалпы мақсаты:
- Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
- Сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;
- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
- табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды,Сәкен шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап
Дереккөздері: Сәкен суреті, қыс мезгілінің суреті,слайд.фишкалар,маркер, стикер
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка
Сабақтың барысы
I.Қызығушылықты ояту
1.Ұйымдастырады
а) Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім,дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
ә) Топ ережесі
Бүгінгі сабақта:
ұстаздың сөзін мұқият тыңдап,
өз білімімізді ортаға салу,
өзімізді және өзгені сыйлау,
жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту
б) Топқа бөлу. Топтар өздерін таныстырып өтеді.
І топ – Желтоқсан
Желтоқсан - қыстың бірінші айы. Бұл айдың атауы «жел» және «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан.
Өйткені жел-тоқсан үш ай желді болады деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі түріктер де бұл айды жел айы деп атапты.
Желтоқсанның 22-інде күн барынша қысқарады. Ол - «күнің тоқырауы».
Қырбастың қызылы. Бұл – желтоқсанның басында болатын алғашқы аяз. Текенің бұрқылы (бұрқағы). Желтоқсанның қатты боран соғатын соңғы онкүндігі.
ІІ топ – Қаңтар
Қаңтар – күннің «қаңтарылып байланатын», одан әрі тұқырып қысқара алмайтын айы болғандықтан осылай аталған.
Қаңтарулы тұрған аттың басы жерге қалай жетпесе, қаңтардағы Күн көзі де одан әрі төмендеп, көкжиекке жақындай қоймайды.
Бұл айдың түс кезінде Күннің көзі аспанның оңтүстік жағында және сол күнгі ең биік деңгейде тұрады.
Қаңтарда күн қысқарып, түн ұзарады.
Қаңтар – аяз айы.
ІІІ топ – Ақпан
Ақпан – «ақ ықпа» сөзінен шыққан.
Ақпандағы ауа-райы аумалы-төкпелі, құбылмалы. Ақ ықпа сол мағынаны білдіреді.
Ақпанда қыс пен көктем белдеседі.
Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады.
Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылады.
Ақпан – жылдың қысқа айы. Кейде 28, кейде 29 күннен бітеді.
«Ақпанда күн ат адым ұзарады».
В) Бағалаумен таныстыру:
-Әрбір дұрыс толық жауапқа бүтін «Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» алып отырамыз, сабақ соңында сол бойынша бағалаймыз
2.Үй тапсырмасын тексеру
Сафуан Шаймерденов «Қар»
Топтарға кезектестіріп сұрақтар беріледі. Топбасшы өзі дұрыс деп тапқан күн бейнесін алып отырады:
Үйге берілген мәтін қалай аталады? Авторы кім? – Мәтін «Қар» деп аталады. Авторы – Сафуан Шаймерденов.
Тұрар есікті жауып қойды да, терезе алдына келгенде не көрді? – Үлкен терезеден күңгірт аспанның бір бөлігін ғана көрді. Қалың қар жауып тұр.
Үлкен қар ұлпалары жерге қалай түседі? – Үлкен қар ұлпалары баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады.
Қар жапалақтары неге ұқсайды? – Қар жапалақтары жұлдыз сияқты ұзын кірпікті.
Жер дүниенің бәрі аппақ, тек қарауытып көрінетін не? – Жер дүниенің бәрі аппақ. Тек терезе тұсындағы бір түп қарақат бұтасының астыңғы жағы ғана қарауытып көрінеді.
Мәтінде алма ағашының бұтақтары туралы не айтылған? – Алма ағашының қалың бұтақтары бір-біріне айқаса иіріліп, неше түрлі өрнек жасаған.
Басына қоқырайта қалпақ кие бастаған не? – Қардан басына қоқырайта қалпақ кие бастаған – шарбақ қадалары. (кейіптеу)
Тұрар жақтауға шығып, желдеткішті ашты. Әрі қарай қандай әрекет жасады? – Терезеден басын қылтитты.Қар жапалақтап басына қона бастады.
«Дыбысы жоқ, салмағы жоқ болса да, денені түршіктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесіңдер? – Денені мұздатарлық салқын, тоңдырарлықтай суық.
Мәтін қалай аяқталды? – Тұрар түшкіріп салды. Содан кейін шешесінің суық тиіп қалады дегені есіне түсті. Ол күндегіше жылы киінді де, далаға шықты.
Түшкіріу қандай қызмет атқарады? – Ағзаның қорғаныс қызметін атқарады. Мұрын қуысына енген ауаның қатты бөліктері түшкіргенде қайта сыртқа шығады. (дүниетанумен байланыс)
Аяз күндері таза ауада серуендегенде қалай демаламыз? – Ауызды көп ашпай, тек мұрынмен демалу керек.(дүниетанумен байланыс)
|
|
|
|
қ
|
а
|
р
|
|
|
|
|
ш
|
ы
|
р
|
ш
|
а
|
|
|
а
|
я
|
з
|
|
|
|
|
|
|
қ
|
ы
|
с
|
|
|
а
|
қ
|
қ
|
а
|
л
|
а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ш
|
а
|
н
|
а
|
|
|
|
м
|
ұ
|
з
|
|
|
б
|
о
|
р
|
а
|
н
|
|
|
|
|
|
|
ш
|
а
|
ң
|
ғ
|
ы
|
|
|
|
|
қ
|
а
|
р
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |