Қарағанда облысы
Шахтинск қаласы
Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің
бастауыш сыныптар мұғалімі
Каржасова Айман Сериккызы
Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі
Мақсаты:
Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: журнал, слайд, схемалар, суреттер, портреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Сабақтың түрі: ашық альбом
Барысы:
1-слайд
І бет – «Отты жылдар шежіресі»
Мұғалім: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуанышпен мерекенің бұлағы.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.
Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.
Мұғалім: Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.
Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл шежіре аласұрған фашизмнің ашкөз қорқаулығы, қандыбалақ қиянаты, адамдарының баға жетпес қажыры мен қайраты, ерлігі, елдік намысы жыр болған өшпес тарих.
1-оқушы : Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Суық хабар сол күні-ақ әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен тарады. Ұлы Отан соғысы басталды.
2-оқушы : Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
3-оқушы: 41-жылдың июні,
Күндердің қауырт қиыны.
Тарықты елдің базары,
Соқты да соғыс құйыны.
Орман да көкпен таласқан,
Өксіді өмір, ақ аспан.
Қан-жоса боп қара жер,
Қақырап түсті қара аспан.
4-оқушы: Жаныштап ажал ызғары,
Қайғыдан жүрек мұздады.
Қаусатып кетті қарттарды,
Қартайтып кетті қыздарды.
5-оқушы: Үй сайын қайғы, нала, зар,
Таусылып бітті жаны аздар.
Мұржаға қара қарғаша
Үйілді қара қағаздар.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысында 600 мыңнан астам отбасы қара қағаз алып, қайғының уын жұтты.
1-оқушы: Бұлт басты, ашық сәні, қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте
Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.
2-оқушы: Аналар уайымдаса, уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
3-оқушы: Жабады, дала төсін, нала, қайғы,
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып қызыл көлдің бетін, сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.
4-оқушы: Күннің де жүзі қызыл күңіренген,
Иттердің ұлуы көп күндегіден.
Қан шапшып қауызынан райханның
Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.
5-оқушы: Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп-төгіп мұңын берік.
Қоштасу, Тілеу, Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
Мұғалім: Отан Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Көрініс: «Қоштасу»
Ана: - Сен кетсең солды гүлім, өшті үнім,
Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.
Келгенше қайта айналып, кім бар, кім жоқ,
Тапсырдым бір құдайға, қош құлыным!
Бала: - Қайтармын соғыстан қол босағасын,
Сенемін сен үмітпен тоса аласың.
Майданға кіргеннен соң хат салармын,
Жылама қош болып тұр, қош анашым!
Мұғалім: Аналар тілек айтты қол жайысты,
Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.
Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,
Қалың қол табанында жер қайысты.
Ән: О, аналар, осындайсың бәрің де! (Әуеннің 1 шумағы ойнайды)
Мұғалім: Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат.
1-оқушы: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
2-оқушы: Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.
3-оқушы: Қан майдынға шығарып сап ардағын,
Қыз – келіншек түсірмепті салмағын.
Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда
Сай – сүйекті сырқыратқан зардабын.
4-оқушы: Біздердің қазіргі бейбіт күлкіміз үшін, барлық халықтардың бақытты өмірі үшін отқа түсіп, жанын қиған батыр ағаларымыз бен апаларымызды біздер ешқашан естен шығармаймыз!
2-слайд
ІІ бет - «Жеңіс туын желбіреткен жерлестер»
Мұғалім: Соғыс басталысымен мыңдаған Қарағандылықтар әскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың әскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді. Соғыс жылдары майданға барлығы 59935 адам жіберілді.
Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты.
Қарағанды қаһармандары жайлы мағлұмат беру.
Мартбек Мамыраев
(1908-1989)
Мартбек Мамыраев Қарқаралы ауданының қазіргі М.Мамыраев ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданға кірді. Сталинград түбіндегі шайқастарға, 12-гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Димитров қаласын азат ету шайқастарына қатысты. Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені, Қызыл Ту ордені, I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.
Қазыбек Нұржанов
(1919-1945)
Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып істеді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылысәуір айында шақырылды. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Кеңес Одағының батыры, "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |