Сабақтың түрі: ашық альбом Барысы: 1-слайд І бет «Отты жылдар шежіресі»



бет4/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#1474
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Қалмұқан Исабаев он екі жыл өмірін әскерге берген, соғыстан соңғы жылдарда Берлиннің түбіндегі Иеленау қаласының коменданты қызметін атқарған. Берлиннің бір көшесіне Абайдың атын бергізіп, ескерткіш қойғызуға тікелей атсалысқан. Қырық шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, Қалекең ұшқыр ойлы, сөз тапқыш, қолма-қол қағытпа-қалжыңның шебері.

Мұғалім: Дәлел ретінде республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің Жеңістің 70 жылдығына орай шығарған «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары» кітабынан арнайы бірер әзіл ұсынбақпыз.

ДАРЫМАҒАН ОҚТАР
Даңқты партизан Қасым Қайсеновтың сыйлас інілерінің бірі – өзі де майдангер жазушы Қалмұқан Исабаев екеуіне қатысты хикая көп. Бір күні Қалекең Қаскеңе сәлем бере келіп, әңгімелесіп отырып қалады. Бір кезде Қаскең:
– Қалмұқан, сен осы соғыста жараландың ба? – деп сұрайды.
– Пәле, жараланғанда қандай, – деп даусын көтере созып, аузын толтыра жауап береді Қалекең.
– Жаралансаң, қай жеріңнен жараландың? – дейді Қаскең.
Басымнан
– Ой, сенің басыңда оқ паналайтындай жер жоқ қой, қалай жараланып жүрсің? –деп ағасы әзілге бұрып, Қалмұқанның тақыр, жалтыр басына көз жүгірте қарап. Әзілге жүйрік Қалекең де іркілместен басын бір сипап өтіп:
– Бәсе, Қаске, немістің оқтары ұшып келіп менің басыма тиюін тиіп жататын да ылғи қасымдағылар не өліп, не жараланып қалушы еді. Сөйтсе менің басымнан тайып кеткен оқтар ылғи соларға тиген екен ғой… – деген екен, майдангер жазушы.

Мұғалім: Елді қорғау – ер азаматқа берілген ұлы мәртебе. Соны абыроймен атқара білген ардагерлердің арқасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп келеміз. Есімі елге жақсы таныс сондай жандардың бірі - Әзілхан Нұршайықов.

Отан үшін кеудесін оққа тосқан майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естеліктерінен үзінділер келтіре кетсек:



1-оқушы: - Әкем –Нұршайық, Украинада оққа ұшты, ағайым-Ниғап, Ленинград қоршауында оққа ұшты, менің аулымнан соғысқа аттанғанда 14 бала бірге едік. Бәріміз 22-ші жылғы едік, сол 14 баладан 2 бала ғана аман-есен елге қайттық. Міне, солардың бәрі орны толмас өкініш қой...

Мұғалім: Өмір мен өлім безбенге түскен өзінің майдан даласындағы 786 күнін қарт майдангер жүрегінен жұлып тастай алмайтынын айтады. Қас дұшпанмен қасық қаны қалғанша шайқасып, қаһармандық пен қайсарлықтың қайталанбас үлгісін көрсеткен әр қазақ үшін соғыста «Абай жолы» кітабының орны бөлек болыпты.

2-оқушы: - Жолдастарыма «Абай» романындағы Абайдың Тоғжанмен кездескен сәтін оқып берген уақытта, жұрттың бәрі шаршағандарын ұмытып, күлімдеп:

«Ойпырым-ай, ой-пәлі ай, тағы да оқышы», - деуші еді. Сөйтіп, «Абай» романының қасиеті майданда осындай керемет әсер еткен еді.

Мұғалім: Әзілхан Нұршайықовқа даңқты қолбасшы - Бауыржан Момышұлынан сұхбат алу тапсырылады. Тірісінде, «ноқтаға басы сыймай кеткен» батырдың алдына барғандағы естіген алғашқы айқайы да жадында жаңғырып тұр.

3-оқушы: - «Ол мақаланы саған мен жазуым керек пе? Кругом!», - деді. Сосын мен жалт бұрыла бере, - Бәуке, «дат»- деп, айғай салдым.

«Дат» деген қазақтың бір әдемі, ескі сөзі, ешкімнің аузына түсе бермейтін сөз Бәукеңнің көңілін қозғап жіберді ме, мырс ете түсті де,

- Датың болса, айт,- деді.

Бауыржан Момышұлымен 12 сағат сөйлесіп, 23 бет әңгіме жазып алған жазушы, өзіне тапсырылған 6 беттік мақаланың орнына 160 беттік дүние жазып шығады, толықтыра келгенде, одан 800 беттік роман-диалог туады.



Мұғалім: Қасым Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Партизан соқпақтары» шығармалары, «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар» т.б. кітаптары бар.
Мұғалім: Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!...Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлының жанды даусы

1-оқушы: Жырламай тұра аламын қалай мұны,

Жеріме жолатпаған мұң қайғыны.

Қаһарман, жазушы, ақын, дана азамат,

Бауыржан Момышұлы ел айбыны.



2-оқушы: Бауыржан ата 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында Көлбастау ауылында дүниеге келген.

3-оқушы: Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды.

Бауыржан Момышұлы

4-оқушы: Бауыржан Момышұлы - қара басы,

Халқының болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы – Қазақ деген

Ғаламат ұлы сөздің садағасы.



1-оқушы: Халқындай ол да бағлан, ол да батыр,

Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл.

Қайыспас қара емендей қайран ерді

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.



2-оқушы: Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа,

Сардардың жұта алмайды сөзін оқ та.

Қолпашты көтермейтін өмірінде,

Мақтауға болады енді өзі жоқта.



Мақал-мәтелдері

  1. Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.

  1. Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

  2. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

  1. Тәртіпке бас иген құл болмайды.

  2. Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық.

  1. Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

  1. Именіп жүріп көрген игіліктен,

Қарсыласып жүрген бейнет артық.

  1. Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы.

Қанатты сөздері

  • Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

  • Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

  • Адамның әр харекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

  • Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

  • Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақ халқының кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі.

Әжесі – Қызтумас, шешесі – Рәзияны салған портреттері сақталған.



Ән: «Батыр Бауыржан»

Туындылары

«Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Куба әсерлері», «Генерал Панфилов», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы»



Мұғалім: Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.



ІІІ бет – «Қазақтың қаһарман қыздары»

Сөзжұмбақ

Сұрақтар:



  1. «...Шегініңдер! - деп айқайлаған командирдің даусы естілді. Бірақ ол шегінген жоқ. Әнеки, еңбектеп барып, Қасымбектің беліндегі гранаталарды шешіп алып, жақындап қалған алып танкінің астына лақтырды...» үзінді қай шығармадан алынған?

  2. Мәншүкті анасы еркелеткенде қалай атаушы еді?

3. «Батыр, ер жүрек, жүрек жұтқан» сөздеріне мағыналас сөз.

4. Мәншүктің анасының есімі?



  1. Мектеп ұжымы жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін Әлияны қайда жібермек болды?

  2. Мәншүктің шын есімі? (Мәнсия)

  3. «Тау қыраны» әңгімесінің авторы, Ұлы Отан соғысының батыры? (тегі)

  4. «Тау қыраны» әңгімесі кім туралы?

  5. Рейхстакка ту тікке батыр? (тегі)

  6. Жүз жасаған ақын?

  7. Батыр халық?

  8. Ж.Жабаевтың «Балама хат» өлеңі кімге арналған?

  9. Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» әңгімесіндегі фашистерді шыбындай қырған соғыс құралы?

  10. Әлияның жықсы көріп өсіретін гүлдерінің бірі?



















Ж

а

Қ

и

я










М

о

н

ш

А

ғ

ы

м
















қ

а

Һ

а

р

м

а

н










Ә

м

и

н

А






















А

Р

т

е

к

























М

ә

н

с

и

я






















Ғ

А

б

д

у

л

л

и

н

Т

ө

л

е

г

е

Н




















































Қ

о

ш

қ

а

р

б

а

е

в










Ж

а

м

б

Ы

л
















қ

а

З

а

қ










А

л

ғ

а

Д

а

й






















К

А

т

ю

ш

а
















г

е

Р

а

н

ь

Сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қазақ қыздарының есімі ел есінде қала бермек.



Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан әйелдерiн майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрiнен кездестiруге болатын-ды. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты.

Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін Ана сүтін,

Майданның «Максимменен» ашты есігін.

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.



Ән: «Менің Мәншүгім»

Сөзі – С.Тұрғынбеков, әні – Ә.Бейсеуов.

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды елдің бәрі.

Сол жерде Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет