Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі 1 сынып Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ә дыбысы мен әрпін таныту. Оқушыларға ә дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқып, жаза білуге үйрету.
Дамытушылық: Ә дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,әдемі жазуға ,дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе, Ә дыбысының таңбасы, суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
Тіл дамыту сұрақтары.
/Сәлемдесу, сыныпты түгендеу/.
Жаңа сөздер:
әдемі – красивый
әжім – морщины
бата- доброе пожелание /благословение/
дәрі – лекарство
әткеншек – карусель
- мұғалім оқиды;
- оқушылар қайталайды;
- оқушылар оқиды;
- бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады.
- Бұл не? /интербелсенді тақтада әліппенің суреті көрсетіледі/
- Әліппе.
- Әліппе сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан.
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Ә дыбысы мен әрпі.
- Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты.
- Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады. Әріпті біз жазамыз, көреміз. Әріптің баспа, жазба түрі бар. Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
Дәптермен жұмыс:
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және жазба түрлерін салыстыру.
«Әжім – әженің әрі,
Әженің батасы – дәрі» деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу, дауыстап оқыту.
«Әже, әжім, әрі, дәрі» сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын түсіндіру.
Сергіту сәті: интербелсенді тақтада «Әліппе» әні қосылады, балалар қосылып айтады.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
... ке, ... демі, ... н, д... рі, ...же, ...рі, ...жім, ...теш. Көрнекілікпен жұмыс.
- Ә әрпін көрсету
- Ә әріп қандай ұяшықта орналасқан?
- Қызыл ұяшықтарда орналасқан дыбыстар қалай аталады?
- Дауысты дыбыстарды қалай айтамыз?
- Дауысты дыбыстарды әндетіп, созып айтамыз.
- Ә дыбысын айту (ә-ә-ә)
Сабақты қорытындылау: Әрбір оқушы Ә әрпі бар сөзді айтып шығады.
Үй тапсырмасын жаздыру.
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |