Сабақтың түрі: Ауызша журнал



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#89753
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
музыка

3-оқушы: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен саурған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
4-оқушы : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
5-оқушы: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Ән: Елім менің.
Журналымыздың екінші беті : Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
1-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
2- оқушы: Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет