Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әңгіме сюжетімен тереңірек танысып, тақырыбы мен жазушының негізгі идеялық мұратын шығармасына сүйенеотырып ашу. Кейіпкерлер жүйесін талдауға жаттықтыру.
Дамытушылық: оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.
Тәрбиелік: әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Көрнекілігі: жазушының портреті, шығармалары жинақталған көрме, кестелер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру
II. Негізгі бөлім
1. Өткен сабақта Ыбырай Алтынсарин туралы айтылды. Енді тірек-сызба жасаймыз. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер? Ол кім? Қандай игілікті істер атқарды? Міне осы туралы ойымызды жинақтап, жазып шығарайық.
2. 87-88 беттерде жазылған сөздер үйге берілген болатын (10 сөз). Сөздік диктант.
1. Белгілі - известный
2. Мүмкіндік - возможность
3. Отансүйгіштік - патриотизм
4. Өрмекші - паук
5. Ғимарат - здание
6. Қарапайым – простой, скромный
7. Құмырсқа - муровей
8. Түйін - идея
9. Қарлығаш - ласточка
10. Қажеттілік - необходимость
3. Үсеннің әкесінің нақыл сөздері – дәптерге көшіріп жазу.
4. Венн диаграммасы
5. Әңгіме – көлемі жағынан шағын, баяндау түрінде қара сөзбен жазылған, оқиғаға құрылған көркем шығарма.
6. Тест сұрақтары
1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы туған?
а) 1840 ж.
ә) 1841 ж.
б) 1842 ж.
2. Оның туған жері?
а) Қостанай облысы
ә) Қызылорда облысы
б) Семей облысы
3. Ыбырай Алтынсарин кім?
а) ғалым
ә) дәрігер
б) ақын, жазушы
4. Ыбырай Алтынсаринның өлеңін тап:
а) «Өлең – сөздің патшасы»
ә) «Менің Республикам»
б) «Кел, балалар, оқылық»
5. Әңгіме дегеніміз не?
а) қара сөзбен жазылған шағын шығарма
ә) өлең түрінде жазылған поэзиялық жанр түрі
б) қызықты да қысқа шығарма
6. Жарлы баласының есімін ата:
а) Асан
ә) Үсен
б) Құрмаш
7. Негізгі кейіпкерлердің саны неше?
а) 6
ә) 4
б) 2
8. Кімнің нақыл сөздерін Үсен есіне түсіреді?
а) атасының
ә) әкесінің
б) әжесінің
9. Неше жаста Ыбырай Алтынсарин Орынбор қаласындағы мектепке оқуға түседі?
а) 7 жаста
ә) 8жасында
б) 9 жасында
10. Ыбырай Алтынсаринды кім тәрбиелеген?
а) атасы
ә) анасы
б) ағасы.
7. Еңбеккер - жалқаулық, бай - кедей туралы мақал-мәтелдер. Аудармасын табыңдар
1. Бақыт кілті – еңбек
|
А) Лень – плохая болезнь
|
2. Еңбек – адамның екінші анасы
|
Ә) Кто не ленится, тот дойдет до цели.
|
3. Жалқаулық – жаман ауру
|
Б) Ключ к счастью – труд
|
4. Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр менен қой жолдас болмас.
|
В) Для богатого ценен скот, для бедного – душа.
|
5. Байдың малы қадірлі, жарлының жаны қадірлі.
|
Г) Бедняк и богач, как волк и овца, не могут быть друзьями.
|
6. Ерінбеген елге жетеді
|
Ғ) Труд – словно вторая мать человека
|
Жауаптары: 1Б, 2Ғ, 3А, 4Г, 5В, 6Ә.
III. Сабақты бекіту.
1. Оқушылардың сабақты түсіну деңгейін анықтау.
2. Үй жұмысы:
3. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |