Сабақтың түрі: Дамыта оқыту техналогиясы Сабақтың әдіс тәсілдері : Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік



Дата11.01.2017
өлшемі30,87 Kb.
#6986
түріСабақ
Тақырыбы : Қош келдің , Наурыз !
Мақсаты : Жыл мезгілдеріне тоқтала отырып , көктем мезгіліндегі наурыз

мерекесін балаларға толық меңгерту.

Оқығаннан алған әсерін шығармашылықпен көрсете алу.

Ізгілікті – елжанды дара тұлға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Дамыта оқыту техналогиясы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: Автордың суреті, кластер мерекелерге, «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөйлек» журналдары
Өту барысы :


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың сабаққа әзірленулерін қадағалау. Келген қонақтарға орындарынан тұрып амандасу.


  1. Өткенді қайталау, тексеру, үй жұмысын сұрау.

а) – Бір жылда қанша мезгіл болады ?

- 4


- Қандай ?

- Қыс, көктем, жаз, күз.

- Қазір жылдың қай мезгілі ?

- Көктем


- Үйге қандай тапсырма берілді ?

- Қабыкен Мұқышевтың «Көктем» өлеңін жатқа айту.

ә)- Осы көктемнің қандай мерекелрін білесіңдер ?

- 8 наурыз, 22 наурыз

- Тағы осы екі мерекелерден басқа тағы қандай мерекелерді білесіңдер ? (гүл түрінде кластер құрастыру)

1 – 2 қаңтар Жаңа жыл

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

22 наурыз Наурыз мерекесі

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

9 мамыр Жеңіс күні

30 тамыз Конституция күні

16 – 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні




  1. Жаңа сабақ.

а) Осы мерекенің ішіндегі біздің өтетініміз М. Дулатовтың «Хош келдің , Наурыз !» тақырыбын өтеміз.

ә) Мақсатын айту

б) М. Дулатов кім ?

( Өткен сабақты еске түсіре отырып , автордың өмірбаянына тоқталу.)

в) М. Дулатовтың «Қош келдің , Наурыз !» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізбекпіз сондықтан сендер наурыз жайлы не білесіңдер?

г) Бізде бүгін «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Айгөйлек» журналдарынан кішкентай жазушы , журналистер келіп отыр.

Сендер наурыз мерекесі жайлы қандай ой , мысалдар білесіңдер ? (Әр журналдың атынан үш оқушы қысқаша наурыз туралы үзінді оқиды .)

д) – Ал , балалар енді мәтінді абзацқа бөліп дауыстап оқимыз , тізбектей . (әр абзацты талдау)

- Оқи отырып «түртіп алу» тапсырмасы бойынша сөздік жұмысын жүргіземіз. Қарындашты алып оқулыққа белгілейміз

-- мен үшін түсініксіз

+ мен үшін жаңа ақпарат

? мені таң қалдырды

V білмеймін

е) Мәтін оқылып қортындыланған соң. «түртіп алу» тапсырмасын талдау және дәптерге жазу.

ж) - Сонымен , балалар наурыз жыл басы екенін білеміз. Біз тағы қандай мерекені жыл басы етіп тойлаймыз ?

- Наурыз мейрамы және Жаңа жыл мерекесі

Екі мерекені вендиограммасы бойынша салыстыру.
Жаңа жыл Наурыз мерекесі

мерекесі


з) Салыстыру бойынша кішкене журналистерге сөз беріу


  1. Қорыту , пысықтау.

а) Карточка тарату.

Бес жол өлең жазу.

1 Не?


2 Қандай ?

3 Не істеді?

4 Синонимі

5 Қорытатын бір сөйлем жазу.



ә) Бата айту

  1. Үйге тапсырма.

«Қазақ халқының табиғат құбылысына зор мән беретіні» жайлы ата – анадан сұрап білу.

  1. Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет