Саусаққа-саусақ перкуссиясының методикасы
Плессиметр саусақты ұзына бойына перкуссия жасайтын мүшенің үстіне тығыз орналастырады. Сол қолдың басқа саусақтары плессиметрге және науқас денесіне тиіп тұрмауы керек.
Балға саусақтың соққысы плессиметрдің ортаңғы не шеткі фалангасына 2-3 рет тұрақты ырғақпен перпендикулярлі түсуі керек.
Перкуссиялық соққы (қағу) тек білезік буынның қимылы арқылы іске асырылуы керек.
Перкуссиялық соққы қысқа болу керек. Ол .шін перкуссиялық соққыдан кейін балға саусақты плессиметрден тез алып кету керек.
Әр перкуссиялық соққының күші бірдей болу керек.
Қойған мақсатына қарай күшті, не терең және жай (әлсіз, не тайыз) перкуссия болады. Күшті перкуссияда қағуға белгілі бір күш салынады, ал, жай перкуссияда қағудан пайда болған дыбыс әрең-әрең естілетін болу керек.
Топографиялық перкуссияның мақсаты- әртүрлі органның шегін, мөлшерін және конфиргурациясын анықтау. Топографиялық перкуссия әр мүшенің әр түрлі перкуссиялық дыбыс беретініне негізделген.
Салыстырмалы перкуссияның мақсаты-мүшелерде патологиялық өзгерістерді (элементтерді,орындарды) табу. Дененің сииметриялық нүктесінде перкуссиялық дыбыстың да бірдей болатыны-салыстырмалы перкуссияның негізі. Жалпы салыстырмалы перкуссия тек өкпені зерртеу үшін пайдаланылады. Топографиялық және салыстырмалы перкуссияның өзіндік ережелері бар.
Топоргафиялық перкуссияның жалпы ережелері:
Перкуссияны анық дыбыстан жай дыбысқа қарай жүргізі керек, айқын дыбыстың жай дыбысқа ауысуы, әлсіз дыбыстың айқын дыбысқа ауысқанынан тезірек байқалады.
Плессиметр саусақты анықтайтын шекараға паралель қою керек.
Плессиметрдің анықтайтын шекараға қарай қозғалыс бағыты сол шекараға перпендикуляр болуы керек.
Топографиялық перкуссияда жай перкуссияны пайдану керек.
Шекараны плессиметрдің айқын дыбысқа қараған жағынан белгілеу керек, екінші сөзбен айтқанда «Қай жақтан келдің,сол жаққа белгіле!».
Салыстырмалы перкуссияның жалпы ережелері:
Салыстырмалы перкуссияда симметриялық нүктелер үстінің дыбысын салыстыру керек.
Перкуссиялық қағудың күші екі жақтан да бірдей болу керек.
Салыстырмалы перкуссия үшін күшті де, жай да перкуссия қолданылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |