Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: аралас сабақ Көрнекіліктері: суреттер, сызба, аспап, үнтаспа Сабақтың барысы



Дата26.06.2018
өлшемі15,27 Kb.
#44817
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Жігер» - күй және симфония

Мақсаты:


А) Білімділік: оқушыларға қазақ кәсіби музыкасының дамуы, оның өкілдері жайлы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: аспаптық музыканы тыңдау, ән айту дағдыларын дамыту;

Б) Тәрбиелік: музыка арқылы өнерге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнекіліктері: суреттер, сызба, аспап, үнтаспа

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

/Оқушылардың сабаққа дайындығы, көңіл-күйін байқау, құралдарын түгендеу/

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Жаңа сабақ.

  • Оқушылар, осы уақытқа дейін сендер көптеген музыкалық

шығармаларды тыңдап, үйрендіңдер. Осы музыкалық шығармалар өзінің құрылымы, мазмұны, орындалу ерекшелігі мен көркемдеуші құралдары арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрі деп атайды. Мысалы: ән, би, күй, опера, балет, симфония, оратория хор т.б. музыкалық жанрлар. Н.Меңдіғалиевтің «Елім-ай» әніне жазылған вариациясы аспаптық музыка жанрына жатады.

  • Осындай көп жанрлардың ішінде ерекше орын алатын жанрдың бірі

симфониялық музыка. Симфониялық музыканың өзі бірнеше жанрларға бөлінеді: симфония, симфониетта, симфониялық поэма, симфониялық картина, оркестр мен жеке аспапқа арналған концерт т.б.

Қазақ композиторларының ішінде симфониялық музыкаға жол ашып, бірінші рет симфониялық музыка жазған композитор Қапан Мусин. Ол өзінің симфониялық шығармаларында халық әндері мен күйлерін алғаш қолданушылардың бірі. /Қапан Мусин жайлы қысқаша мағлұмат беріледі, суреті көрсетіледі/.

Симфониялық музыка-симфониялық оркестр орындайтын музыка.

Симфониялық оркестр-ішекті, үрлемелі, ұрып ойналатын аспаптардан тұратын оркестрдің жетілдірілген түрі. Ол опера, балет, симфониялық шығармаларды орындайды.

Симфония-симфониялық оркестрге арналған көлемді бірнеше бөлімді шығарма.

Симфониялық поэма-халық өмірінен алынып, бостандық үшін күресті немесе табиғат көріністерін баяндайтын бір бөлімді шығарма. Алдын-ала дайындалған тақырыбы бар белгілі бір шығармаларды бағдарламалық музыка деп атайды.

А) «Ақсақ құлан» күйін тыңдату (Күйдің мазмұнын баяндау).

«Ақсақ құлан» күйінің терең мазмұны, көркемдігі тек орындаушыларды ғана емес, сонымен бірге көптеген колмпозиторларды да қызықзтырды. Композитор Ғазиза Жұбанованың «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасында аңыз-күй жаңа қырынан ашылды.

Ғ.Жұбанованың «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасының негізгі тақырыбы –күйші мен күйдің құдіретін көрсету. Поэмада негізгі тақырып виолончель мен контрабаста орындалады. /аспаптардың суреттерін көрсету/

Жұбанова Ғазиза Ахметқызы /1927-1993/ Алматы қаласында туған. Музыканттардың отбасында дүниеге келген Ғазиза қазақ әндері мен күйлерін жастайынан жадына түйіп өсті. Әкесі Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің дирижері, атақты композитор Ахмет Жұбанов.Кішкентайынан осы оркестрді тыңдай жүріп өзінің музыкалық қабілетін дамыта білді. Әуелі Мәскеуде музыкалық училищеде, онан соң консерваторияда оқыды. Оның қаладм тартқан жанрлары: опера, балет, оратория, ән, хорлар т.б.


Ғ. Жұбанова –композитор

Опера балет оратория ән хор


Жаңа ән үйренейік.

  • «Біз – Отанның ұланымыз»Н.Тілендиев – тыңдау, үйрену

  1. Қорытынды .

  2. Оқушыларды бағалау.

  3. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, әнді жатқа орындау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет