Сабақтың түрі: интелектуалдық сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау



Дата16.02.2022
өлшемі339,34 Kb.
#132055
түріСабақ
Байланысты:
Жас электрик. сайыс сабақ


АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



Айтказиева Гульшат Сагындыккызы Ізімов Ғалымжан Қуанышұлы
арнайы пәндер оқытушысы арнайы пәндер оқытушысы
Жас электрик» интеллектуалдық сайысы


Сайыстың мақсаты:
-Студенттердің зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, мамандыққа құштарлығын арттыру, озық ойлы алғыр және тапқыр студентті анықтау.
-Студенттердің электр мамандығы туралы білімдерін толықтыру, мамандыққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.
- Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интелектуалдық сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта/ слайд-презентация/, электротехникалық құрал-жабдықтар
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
II. Сайыс кезеңдері:
1. «Іріктеп алу» (10 мин)
(Оқытушы қорытындысы)
2. « Кім жүйрік» (8 мин)
(Оқытушы қорытындысы)
3. «Көкпар» (12мин)
(Оқытушы қорытындысы)
4.«Іске сәт» (8 мин)
(Оқытушы қорытындысы)
III. Қорытындылау. (5 мин)
Сайыстың барысы:
І кезең – «Іріктеп алу»
. Сайысқа қатысатын 10 студент ішінен «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінен тест тапсырмаларына жауап алып, үздік 6 студентті анықтау.

  1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы ... деп аталады.

А) ток күші; В) кернеу;
С) электр тогы; Д) кедергі; Е)дұрыс жауабы жоқ;

  1. Амперметр электр тізбегіне қалай жалғанады?

А) параллель; В) бір ізді;
С) кейде параллель, кейде бір ізді; Д) аралас; Е) шеңбер бойымен;

  1. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын көрсетіңіз:

А) В)
С) Д) Е) барлық аталғандар



  1. Өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырмасы мынаған тең:

А) В)
С) Д) Е)

  1. Тұрақты токта 1с ішінде тең заряд тасымалданды. Ток күшін анықтаңыз.

А) ; В) ;
С) ; Д) ; Е) 0.258 Кл

ІІ кезең- « Кім жүйрік»
Тест тапсырмаларына үздік жауап берген 6 студент арасынан, жартылай-финалға өтетін 4 студентті анықтау. Сұрақтар арнайы пәндерден қойылады. Ең бірінші қолын көтерген студенттен жауап алынады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Электрлік тораптар деген не?

  2. Әуе желісі мен кабель желісінің айырмашылығы?

  3. Генератор дегеніміз не?

  4. Ток трансформаторы қандай режимде жұмыс атқарады?

  5. Кернеу трансформаторы қандай режимде жұмыс атқарады?



ІІІ кезең- «Көкпар»

Жартылай - финалға өткен 4 студент арасынан 2 үздік студент анықталып финалға өтеді. «Электрлік жарықтандыру», « Қосалқы станцияның электр қондырғылары», «Релелік қорғаныс», «Электрмен қамтамасыздандыру» пәндер арасынан бір бағанадағы ұяшықтарды таңдау арқылы, студент сұрақтарға жауап береді. Ұпай саны таңдалған ұяшықтарға байланысты беріледі.


ІV кезең- «Іске сәт»
Финалға өткен 2 студент арасынан «Жас электрик» анықталады. Бұл кезеңде студеттер тәжірибе барысында берілген қарапайым тізбекті жинақтайды.



Ұпайы аз 1 студентпен қоштасамыз.

Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1 Акимова Н.А. Костеленец Н.Ф., Н.И. Сентюрехин, Н.И. Электрлік және электромеханикалық жабдықты жинақтау, техникалық пайдалану және жөндеу,Мәскеу «Шеберлік», 2002ж

  1. Электр қондырғылары құрылғысының ережелері Атомбаспа, 2003ж

  2. Зюзин М.Б., Трифонов А.Н., Электромонтер-кабельші. М Жоғарғы мектеп. 1989ж

Қосымша:
4. Ө.Матаев., Е.Үмбетқұлов.,А.Абдурахманов. Электр тораптары,


Алматы:Нур-Принт,2015ж
5 Б.Р.Қалықов., Қ,А.Қосыбаев. Өндіріс мекемелерінің электр жабдықтарын жөндеу
және құрастыру. Фолиант.Астана-2003ж
6. И.Мұхити. Электротехника. Фолиант.Астана-2012ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет