Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жаздыру, мәнерлеп оқу



Дата21.04.2017
өлшемі115,19 Kb.
#14496
түріСабақ
6-орыс сыныбы.Қазақ тілі

Лексикалық тақырып: Астана қаласы Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер

Мақсаты: 1. Білімділік: Ел ордасы Астана туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту. Оқушыларға көмекші есімдер туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Оқушының сөздік қорын молайтып, сауатты жазу мен сөйлеуге үйрету, сөйлем құрастыру. Септік жалғауларынан білімдерін тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті сезіндіру. Туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, жаздыру, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі: слайдтар, кесте, суреттер, видеоролик

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру: V модуль. Қайталау

Сұрақтар: 1.Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар? 2. Қазақ септіктерінің сұрақтарын ата.

3. Қалам, дәптер, кітап, бор, бала, оқушы сөздерін септе. 4. Сабақ... кейін кітапхана ... барасың ба?

5. Мен кітап... дауыстап оқимын.

Жаңа сабақ: АСТАНА ҚАЛАСЫ.
1. Астана қаласы туралы айтып көріңіздер. 2. Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

3. - Алматы – Астана ... қашан келеді?


- Бірінші теміржол вокзалына алтыдан жиырма ... кеткенде келеді.
- ... сағат ... шығайық.
Керекті сөздер: үйден, пойызы, бесте, минут.

Жаңа сөздермен танысайық!

Тұрғын – житель Орталық – центр Ғимарат – здание

Бой көтерді – выстроились Қасиетті – священный Танымастай – неузнаваемо

Ұлт өкілдері – представители наций Болашақ - будущее



Түсіндіру:Заттың, нәрсенің атын білдіріп,толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді. Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасырын түрде де көрінуі мүмкін. Мысалы:үйдің маңы,үй маңы,өзеннің жағасы, өзен жағасы, т.б.


қасы

сырты

жаны

асты

іші

Көмекші есімдер

алды

арты

үсті


1-тапсырма. Берілген көмекші есімдерге жатыс септігінің жалғауларының тиістісін жалғап жазыңдар. Үлгі: Үсті – үстінде

Үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, іші, сырты, арасы.



2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар.

Астана.

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.

Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.



Астана – болашағы үлкен қала.

Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар.

Есіл өзені Елбасы Резиденциясы Парламент үйі



3-тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.

Есіл өзенінің

үлкен қала

Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Парламент

өкілдері

Жастар

ортасында

Тұрғын

алдында

Парламент үйінің

бойында

Қаланың

үйі

Ұлт

сарайы

Болашағы

үйлер

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр.Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар.Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр.Саябақтың қасы... Жаңа тұрғын үйлер салынған.Ескерткіштің арты... Үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... Әдемі гүлдер егілген.



5-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Астана – арман қала, Біз оны анамыздай

Бағы бір жанған қала. Сүйеміз шынында да

Тұрады ол жап-жасыл боп, Жүректе сақтап атын,

Мен үлкен болғанда да. Жүретін салтанатым.

Төкті оған нұрын дала, Астана-биігіміз,

Астана – сұлу қала. Биіктер күнге жақын. (Т.Молдағалиев).

6-тапсырма.Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Үлгі: Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі бар.



Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында, саябақтың ішінде, үйдің үстінде, көшебойымен, ауылдың маңында, қала сыртында, үстел басында, олардың арттарынан, теміржолдың үстімен.

Бекіту: 1.Бүгін сабақта саған не ұнады? 2.Өзіңе не аласың?
3.Сөздік қорыңды қалай байыттың? 4.Бүгін алған білімдерің өмірде қажет бола ма?
5.Көмекші есімдерді ата, мысалдар келтір. 6. Астана қаласы туралы не білдік?

Үйге тапсырма: 1.Көмекші есімдерге мысалдар келтіру. 2. 5-тапсырма. Өлеңді жатқа айту.

Ж.М.Кенжегарин

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет