Дүниетану
4 сынып
Тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау.
Мақсаты: Оқушылардың су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын
қорғау туралы білімін кеңейту.
Міндеттері. 1 Оқушылар су қоймаларынқорғаудың маңызымен танысады,
білімдерін тереңдетеді.
2. Оқушылар мәтінмен таныса отырып саралау, салыстыру,
талдау жұмыстарын жүргізеді.
3. Оқушылар жеке, топта жұмыс істейді, топта пікір алмасады,
ой бөліседі, бір-бірін үйретеді.
Күтетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
Су қоймаларын қорғаудың маңызын түсініп, оның алдын алу туралы
көзқарастарын білдіре алады.
Оқушылар өзіне жүктелген тапсырманы орындайды, басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.
Нәтижені бағалау, тексеру:
1. Ой ашар «Атомдар мен молекулалар»
2. Үй тапсырмасы: ашық тест.
3. Жаңа сабақты «Жұптасып оқу-қорытынды шығару» стратегиясы бойынша меңгереді.
4. Қорытынды тапсырма.
Қажетті құралдар:Қазақстандағы жануарлар әлемі, Гербарий, қағаздар, фламастерлер, бояу қарындаштар.
Қызығушылығын Сабақ алдында оқушылардың көңіл –күйлерін көтеріп,
ояту топтарға бөліну.
Үй тапсырмасы ашық формадағы тест бойынша тексеріледі.
1. Су қоймалары деген не?
2. Су қоймасындағы ылғалы мол
өсімдіктер аттарын ата.
3. Қамыс – қандай өсімдік?
4. Қоға – қандай өсімдік?
5. Сары тұңғиық қандай өсімдік.
6. Тамыры су түбіне жетпейтін өсімдік қайсысы?
7. Су қоймасының жануарларына не жатады?
8. Инелік қандай жәндік?
9. Су бетінде сырғанай жүгіріп жүретін жәндік?
10. Суаршын күзде, қыста қайда болады?
11.Су қоймасындағы жыртқыш жәндік-
12. Ол немен қоректенеді?
13. Су қоймасында қандай балық түрлері бар?
14. Аңдардан қайсысы бар?
15. Құндыздар үйшікті неден қалай жасайды?
Мағынаны Әр жұпқа бір бөлімнен бөліп, тапсырма беріледі.
тану Тапсырма: Мәтін 4 бөлімге бөлінеді. Топтағы балалар 2-2-
ден жұптасады. 1 бөлімді жұптағы екеуі де оқиды, біреуі
сұрақ қояды, екіншісі жауап береді. Берілген уақыт ішінде
бір-бірінің сұрағымен білмегенін толықтырады. Қай
жұптардың бөлімдері бірдей болса, олар бірігеді. Қағаз беріліп, сол оқығанын қалай түсінгенін қағаз бетіне жазады, түсіреді.Әр топтан бір спикер шығып, жұмысын қорғайды. Қосымша кітаптардан «бақатіс, арал албыртын, қара күзен, жұпар тышқанның» суреттерін көрсетіледі.
Ой толғаныс. Әр топқа тапсырма:
І топ-Қызыл кітапқа енген
жануарларды ата және неге «Қызыл кітапқа»
жазылған?
ІІ топ –Су қоймасына төнген
қауіп қандай? Неден сақтау керек?
ІІІ топ- Су қоймасы өсімдіктері мен
жануарларының пайдасы қандай?
ІV топ- Су қоймасының өсімдіктері мен жануарларын сақтау үшін не істеу керек? Қандай ұсыныс жасар едіңдер?
Үйге тапсырма:Өзіміздің тұрған жерде су қоймалары бар ма? Қорғалжын қорығы жайлы мәліметтер жинап, дәптерлеріне жазып келуге тапсыру.
Бағалау.
Ашық формадағы тест сұрақтары.
Аты-жөні
1. Су қоймаларына жатады.
2. Су қоймасындағы ылғалы мол өсімдіктер:
3. Құрақтың жапырағы
4.Қоғаның жапырақтары
5.Сары тұңғиық
6.Тамыры су түбіне жетпей, тарамданып өсетін өсімдік-
7. Су қоймасының жануарлары:
8.Инелік - жәндік.
9.Су бетінде сырғанай жүгіріп жүретін - . Себебі
10. Суаршын күзде , қыста
11.Су қоймасындағы жыртқыш жәндік -
12. Оның қорегі –
13.Су қоймасындағы балық түрлері:
14.Шағын денелі аңдардан бар.
15. Құндыздар үйшікті жасайды.
Су деңгейі төмендей бастағанда
Дұрыс жауабы-
Қате жауабы- БАҒАСЫ-
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу.
Мақсаты:
а/ Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, мекен үстеуі туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен ажырата білуге үйрету.
ә/ Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру.
б/ Оқушыларды мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: машықтық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Оқушы:
Әрбір адам досым,сыныптасым
Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық
Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену
- Олай болса өткен сабақта не үйреніп білдік? Үстеу дегеніміз не?
- Үстеудің қандай түрлері бар? Мезгіл үстеуіне өздеріңіз мысал ойлап айтыңыздаршы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар үй тапсырмасын оқып, талдайды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мынандай сөйлемдерге назар аударайық.
Құстар жоғары көтеріліп ұшты. Бұл сөйлемдегі үстеу қайсы?
Сыртта жапалақ-жапалақ қар жауып тұр. Бұл сөйлемдегі үстеу қайсы? Енді осы үстеулер туралы не айтар едіңдер?
оқушылар сөйлемдерден ереже шығарып, тұжырым жасайды.
Оқушылардың өз ойларынан сөйлемдер ойлап айтуы.
Жаттығулармен жұмыс.
512- жаттығу.
Артта, алда, оңға, солға, алға, артқа, жоғары, кілт төмен, сыртта, астында.
513-жаттығу.
Онда барып ондай болдым
Сонда барып сондай болдым
Белін буған қылдай болдым. /ши/
Ойын : « Сандар сыры»
Берілген сандардың қазақ тілі сабағына қатысын анықтау.
Мысалы: 9 саны-қазақ тіліндегі тоғыз сөз табын білдіреді. т.с.с.
515- жаттығу.
Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазу, оқу.
ІV. Қорытынды.
Топтық жұмыс
І топ
Ішінде есімдігі бар 5 сөйлем ойлап жазу
ІІ топ
Ішінде сан есімі бар 5 сөйлем ойлап жазу.
ІІІ топ
Ішінде үстеуі бар 5 сөйлем ойлап жазу.
- Балалр бүгінгі сабақтан не білдік? Сабақ не туралы болды? Үстеу дегеніміз не? Қиын болған тапсырмалар туралы не айтар едіңдер? Жаңа ережені кім қайталап айтып береді?
516- жаттығу.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас.
Үйретуден балаға.
Үстеуді тап. Сұрақ қойып мағынасын анықта. Өлеңнің авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
Терме диктант.
Әжемнің үйі ауылдың шетінде. Қыздар оңға, ұлдар солға бұрылды. Көл маңында жоғары шығып сырғанаушылар өте көп екен. Сары балапан анасын төменнен іздейді.
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөздер Мекен үстеу Мезгіл үстеу Сын-қимыл үстеу
Тез барады
Артта
Кешқұрым
V. Үйге тапсырма. 514- жаттығу.
Күшейткіш үстеу
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: күшейткіш үстеуді деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы анықтамасын Оқушылардың өздері табуына бағыт беру;
ә) Дамытушылық: күшейткіш үстеуге
Байланысты денгейлік тапсырмалар беру дамыту, үстеудің басқа түрлерінен ажырата алуға үйрету;
б) Тәрбиелік:оқушыларды тәрбиелеу;
Оқушының міндеті: 1) күшейткіш үстеу туралы толық мағлұмат алады.
2) сөз мәдениеті және сөйлеу қабілеті дамиды.
3) топта жұмыс жүргізе отырып қорытынды шығарады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: арнайы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі:тақта, сурет, оқулық, кесте, карточка, плакат, сызба,тест.
Сабақтың өтілу барысы;1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу,түгендеу
Үй тапсырмасы: Сұрақ-жауап әдісі.Алма ағаштағы алмалардың келесі бетіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды кәрзенкеге жинау;
Сұрақтар:
1. Үстеу дегеніміз не
2. Мезгіл үстеу дегеніміз не
3. Үстеудің мағынасына қарай неше түрі бар
4. Мекен үстеуі дегеніміз не
5. Сын –қимыл (бейне) үстеуі дегеніміз не
6 .Мөлшер үстеуі дегеніміз не
7. Күрделі үстеулер қалай жасалады
8. Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп келеді
9. Үстеудің құрамына қарай неше түрі бар
10. Қайдан? Қайда?Сұрақтары қай үстеудің сұрағы?
ІІІ. Жаңа сабақ: Блум жүйесі
Білім.
Қалай? Қалай?
Өте әдемі, тым биік, әбден шаршаған, мүлдем жүдеу;
Сұрақ 1.Күшейткіш үстеу қандай сөз табымен тіркесіп тұр? Қандай шырай түрін жасауға негіз болып тұр, қимылдың іс-әрекеттің белгісін қалай көрсетеді?
Ереже шығарту: 1. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді.Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады.
2. Күшейткіш үстеудің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Түсіну. Кітаппен жұмыс.
Тақтаға бір оқушы шығады. 285-жаттығу.
Қатты құлпырып алған, мүлдем шаршаған болатын, аса үлкен, ең қадірлі, өте әдемі, мүлдем жүдеу екен, тіпті тірлік белгісі жоқ.
(Қалған оқушылар орнында дәптерге жазып,қалай орындағаның тексереді)
Талдау. Осы жаттығудағы күшейткіш үстеулердің қандай сөзбен тіркесіп тұр-ғанын ажырату. Өте,төмен, ....
ІҮ. Жинақтау.Тақырып бойынша ойымызды жинақтайық. Кубиктің (шаршының) алты жағындағы тапсырманы орындау.
Ү. Пысықтау. (карточкамен жұмыс)
А) Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеуді қойып жаз.
1. Сырмақ тігу өте күрделі, оны құрастырушы шебердің талғамы мен ой-өрісі тым биік болуы керек.
2. Қазақ-аса қонақжай халық.
3. Ерлан - нағыз батыр екен.
4. Камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса сапалы кездемелерден тігіледі.
5. Киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі шаңырақ деп аталады.
6. Айгүл ылғи бестік баға алады.
Ә) Үстеулердің қай сұраққа сәйкес жауап беретіндігін нүктелерді қосу арқылы көрсет.
Ертеден. . Қайда
Төмен. . Қалай
Әрең. . Қашаннан
Бірталай . . Кімше
Балаша . . Қаншама
ҮІ. Бекіту
Семантикалық кесте.
Түсініктеме
«Тест жинағы» орта мектептің орыс тілді 5 – 6 сынып оқушыларына арналған. Оқушының білім деңгейін анықтауда бақылаудың жаңаша түрі – тест, қазіргі заманның талабы және қажеті.
Тестілеудің басты мақсаты – оқушылардың білім дағдысын қалыптастырып, іскерлігін, шығармашылық қабілетін арттырып, ой - өрісін өсіруге, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету, оқу процесінде алған білімін қорыту, қолдану, әрі қарай дамыту.
«Тест жинағы» орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту бағдарламасы негізінде құрылған.
Тапсырмалар әр модуль бойынша қорытынды бөлімінде бақылау жұмыс түрінде оқушылырдың өз білімдерін уақытқа шек қоя отырып, тексерулеріне мүмкіндік береді. 10 тапсырмадан тұратын бір тесті орындауға орта есеппен 15 минут уақыт беріледі.
Осы «Тест жинағы» оқушыларға көмек ретінде қабылданады, болашақта жоғарғы сыныптарда бірыңғай ұлттық тест жүйесін еш қиындықсыз, еркін меңгеруіне мол мүмкіндіктер жасайды.
Жинақ 26 вариантынан тұрады, оның әрқайсысы 10 тест тапсырмасынан құралған.
Тест тапсырмалары үш жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды ұсынады.
Тестердің дұрыс жауаптары кітаптің соңында келтірілген.
«Тест жинағы» мемлекеттік тілді меңгертуде қажет көмекші құрал болып ұстаздарға ұсынылады.
1 вариант
Сөз құрамы
Түбір деген не?
а. жаңа сөз жасайтын бөлік
ә. жалғауы бар сөз
б. сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі
2. Түбірлес сөздерді табыңдар:
а. жазу, жазулар
ә. ән, әнші
б. би, билер
3. «Ұшып көкте, қонып жерде жоқ» деп ... баланы айтады.
а. ұқыпты
ә. ұшқалақ
б. тәртіпті
4. Сөз қүрамына ... жатады.
а. дыбыс, үтір
ә. әріп, сөз
б. түбір, қосымша
5. Түбірлес сөздерді көрсетіңдер:
а. тау, таулар
ә. қала, қалашық, қалалы
б. оқу, оқулар
6. Сөз құрамын анықтаңдар:
Жаңбырлы
а. түбір
ә. түбір, қосымша
б. қосымша
7. Сөз құрамы дұрыс белгіленген сөзді көрсет:
а. талап + ты
ә. тал + ап + ты
б. тала + п + ты
8. Қосымшаны дұрыс жалғандар: «бала»
а. лық
ә. лік
б. дық
9. Түбірлес сөздерді көрсетіндер:
а. дос, достар
ә. Жазу, жазушы
б. қала, қалалар
10. Дұрыс сөйлем құраңдар:
Інім, менің, барады, балабақшаға
а. 1,2,4,3
ә. 1,2,3,4
б. 2,1,4, 3
2 вариант
Туынды сөздерді табыңдар:
а. жұмыс, жұмыстар
ә. ән, әнші
б. ерлік, ерліктер
2. Түбір сөздерді табыңдар:
а. жұмыс, ән
ә. жұмыс, жұмыстар
б. жұмыс, жұмысшы
3. Туынды сөздер:
а. түбір + түбір
ә. түбір + жұрнақ
б. түбір + жалғау
4. Түбірлес сөздерді көрсетіңдер:
а. би, билер
ә. жазу, жазушы
б. ән, әндер
5. Артық сөзді табыңдар:
а. су, сусын
ә. су, сушы
б. су, сулар
6. Дәрі деген сөзге түбірлес сөз табыңдар:
а. дәрілер
ә. дәріхана
б. дәрімен
7. Артық сөзді табыңдар:
а. жұмыс
ә. жазу
б. дос
8. Түбір сөзді көрсетіңдер:
а. өнер, өнерлі
ә. жарыс, табыскер
б. іс, тіл
9. Шы, ші жұрнақтарымен туынды сөз жасаңдар:
а. жыр, күй
ә. тау, сән
б. көңіл, тәрбие
10. Мақалды аяқтандар:
Кітап – алтын ...
а. қор
ә. бесік
б. қазына
3 вариант
Зат есім.
–лар, -лер; -дар, -дер; -тар, -тер -
а. тәуелдік жалғаулар
ә. көптік жалғаулар
б. жіктік жалғаулар
2. Мына сөзге қандай жалғау жалғанады?
Бала
а. – дар
ә. – лер
б. – лар
3. Заттың көп екенін қандай жалғаулар білдіреді?
а. ның, нің, дың, дің, тың, тің
ә.- лар, - лер; - дар, - дер; - тар, - тер
б. мын, сың, сіз, быз, сыңдар, сыздар
4. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар:
... қалың бұтаға кіріп кетіпті.
а. гүлдер
ә. Иттер
б. қойлар
5. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар:
Алдымен ... бағытын білейік, - деді атасы.
а. қойлардың
ә. қарлығаштардың
б. адамдардың
6. Мақалды толықтырыңдар:
1. Жүзден жүйрік, ... тұлпар шығады
а. оннан
ә. жүзден
б. мыңнан
7. Бала, қала, дала, сөздеріне қандай көптік жалғауы жалғанады?
а. –дар
ә. –лар
б. –тар
8. Қалам, адам, сөйлем сөздеріне қандай көптік жалғауы жалғанады?
а. –дар, -дер
ә. –тар, -тер
б. –лар, -лер
9. Кітап, оқулық, ағаш сөздеріне қандай жалғауы жалғанады?
а. –лар
ә. –дар
б. –тар
10. Мақалды дұрыс толықтырыңдар: Ұлы жол үйіңің ... басталады
а. есігінен
ә. ауладан
б. табалдырығынан
4 вариант
1. «Біздін отбасы» өлеңі не туралы?
а. достық туралы
ә. отбасы туралы
б. мектеп туралы
2. Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды қалай атаймыз?
а. көптік жалғау
ә. септік жалғау
б. тәуелдік жалғау
3. Тәуелдік жалғау нені білдіреді?
а. заттың көп екенін
ә. заттың біреуге тән екенін
б. жіктелуін
4. Өлең жолдарын толықтырыңдар:
... менің – қауыншы
а. досым
ә. құрбым
б. әкем
5. Өлең жолдарын толықтырыңдар:
... менің – сауыншы
а. құрбым
ә. әкем
б. апам
6. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар:
Әлия мен Әсеттің ... қалада
а. үйі
ә. кітабы
б. ойыншығы
7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар:
Олардың атасы мен ... ауылда тұрады
а. құрбасы
ә.досы
б. әжесі
8. Мына сөздердің жалғаулары (әжем, атам, кітабым) қандай:
а. көптік жалғау
ә. жіктік жалғау
б. тәуелдік жалғау
9. Тәуелдік жалғауларды белгіле:
а. ның, нің, дың, дің, тың, тің
ә. ым, ың, ыңыз, ы, ім, ің, іңіз, і
б. лар, лер, дар, дер, тар, тер
10. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауды қойыңдар:
Қыз ..., Әсетті көрмедің бе? – деп сұрады әже.
а. ың
ә. ы
б. ым
5 вариант
1. Септік жалғау ...
а. заттың көптігін білдіру үшін
ә. сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек
б. заттың біреуге тән екенін білдіреді.
2. Мына сөз қай септікте тұр?
Баладан
а. атау септік
ә. ілік септік
б.шығыс септік
3. Мына сөз қай септікте тұр?
Әкеде
а. жатыс септік
ә. табыс септік
б. көмектес септік
4. «Арыстан мен тынқан» ертегісі не туралы?
а. отан туралы
ә. байлық туралы
б. тәлім – тәрбие туралы
5. «Көрші ата» өлеңі не туралы?
а. достық туралы
ә. байлық туралы
б. тәлім – тәрбие туралы
6. Септік жалғауларын атаңдар:
а. - лар, -лер, дар,-дер,-тар,-тер.
ә. -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, ы,і
б. –ның, -нің, -дың, -дің, -тің, -ға, -ге, -ды, -ді
7. Мына сөз қай септікте тұр:
Үйге
а. ілік септік
ә. шығыс септік
б. барыс септік
8. Септік жалғауларын атаңдар:
а. ым, ім
ә. дар, дер
б. ның, нің
9. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар:
Арыстан оянып ... ұстап алады.
а. оқушыны
ә. тышқанды
б. дәрігерді
10. Өлең жолын дұрыс толықтырыңдар:
Күндер үйінің қасынан
көрші ... көремін
а. суретті
ә. сатушыны
б. атамды
6 вариант
1. Жіктік жалғауы бар сөзді табыңдар:
а. ағам
ә. Оқушылар
б. жігітпін
2. Берілген сөзге жіктік жалғауын жалғаңдар:
ғалым ...
а. –дар
ә. –нан
б. –мын
3. Зат есімнің жіктік жалғауын табыңдар:
а. –лар, -лер, -дар, дер, -тар, -тер.
ә. –мын, -мін, -сың, -сің, -сыз, -сіз
б. –ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз
4. «Әдемімін» сөзіне қандай жалғау жалғанған?
а. көптік жалғау
ә. жіктік жалғау
б. тәуелдік жалғау
5. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғаңдар:
Сіз ғарышкер ...
а. сіз
ә. сың
б. мін
6. Жіктік жалғауы бар сөзді табыңдар:
а. дәрігерлер
ә. Бауырым
ұшқышпын
7. көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғаңдар:
Сен бала ...
а. мын
ә. сіз
б. сың
8. Мақалды толықтырыңдар:
Ата ... сыншы
а. дәрігерге
ә. оқушыға
б. балаға
9. Жіктік жалғауын жалға:
Сендер мұғалім ...
а. сыз
ә. сыздер
б. сіңдер
10. Жіктік жалғау нені білдіреді?
а. заттың көптігін білдіреді
ә. заттың біреуге тәуелді екенін білдіреді
б. адамның мамандығын, кәсібін, кім екенін білдіреді?
7 вариант
Тәуелді зат есімнің септік жалғаулары
1. Тәуелді зат есімнің септік жалғауда тұрған сөзін табыңдар:
а. әке
ә. әкемде
б. ағаға
2. «Әжемнен» сөзіне қандай жалғау жалғанған?
а. көптік жалғау
ә. жіктік жалғау
б. тәуелді зат есімнің септік жалғауы
3. Мынау қандай жалғаулар?
-м, -ң, -сі, мнің, ңнің, сінің, ме, ңе, т.б.
4. Тәуелді зат есімнің септік жалғауында тұрған сөзді табыңдар:
а. дала
ә. ағаңмен
б. оқушымын
5. Кітабымның сөзіне қандай жалғау жалғанған?
а. көптік жалғау
ә. Тәуелді зат есімнің септік жалғауы
б. жіктік жалғау
6. Өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазындар:
1. ... бәрі бар
іздегенің табылар
а. үйде
ә. мектепте
б. даламызда
7. Өлең жолын толықтырыңдар:
Малы, дәні, кені бар,
Бәрінен де жаксысы –
Кең пейілді ... бар.
а. кітабым
ә. мектебім
б. елім
8. Біздің Отанымызды атаңдар:
а. Ресей
ә. Қазақстан
б. Қырғызтан
9. Қазақстанның рәміздерін атаңдар:
а. кітаптары, Ата заңы, астанасы
ә. туы, елтаңбасы, әнұраны
б. адамдары, ұлты, жері
10. Қазақстанның елордасы қай қала?
а. Алматы
ә. Астана
б. Талдықорған
8 вариант
Етістік
1. «Кітап жазсам» – етістік қай райда тұр?
а. шартты рай
ә. ашық рай
б. қалау рай
2. «Жақсы оқыңдар» – етістік қай райда тұр?
а. шартты рай
ә. Бұйрық рай
б. қалау рай
3. «Еңбек етсең ерінбей» – етістік қай райда тұр?
а. шартты рай
ә. бұйрық рай
б. қалау рай
4. Етістік нені білдіреді?
а. заттың сынын білдіреді
ә. заттың санын білдіреді
б. іс-әрекетті білдіреді
5. Етістік қандай райларға бөлінеді?
а. жекеше, көпше
ә. қалау, ашық, бұйрық, шартты
б. болымды, болымсыз
6. Жаңылтпашты толықтырыңдар:Тақпақ ...жатқа ...
жаттамай жатпа
а. оқы
ә. жаз
б. жатта
7. Өлең жолдарын жалғастырыңдар: Жаутаңдаған көзіңе
жақсы көріп ...
а. барайын
ә. қарайын
б. келейін
8. Өлең жолын толықтырыңдар: Ботақаным – бөбегім,
...өлеңім
а. сөйлейтұғын
ә. шырқайтүғын
б. көретұғын
9. Өлең жолын толықтырыңдар: Мәпелейін, бағайын,
Мойыныңды ...
а. жазайын
ә. көрейін
б. тарайын
10. Етістік қай райда тұр: Жазып отырмын.
а. қалау рай
ә. ашық рай
б. шартты рай
9 вариант
Етістіктің қандай түрі болады?
а. ашық, тұйық, бітеу
ә. жекеше және көпше
б. дара және күрделі
2. Дара етістік неше сөзден тұрады?
а. 2
ә. 1
б. 3
3. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
а. бір
ә. бірнеше
б. жүз
4. Бала кітапты оқып келе жатыр. Сөйлемдегі етістік ...
а. күрделі етістік
ә. дара етістік
б. болымсыз етістік
5. «Отыр» қандай етістік?
а. дара етістік
ә. күрделі етістік
б. болымсыз етістік
6. Өлең сөздерін толықтырыңдар:
Балалар ... көшеде,
Естіліді айқай-шу
а. отыр
ә. тұр
б. жүр
7. Өлең сөздердін толықтырыңдар:
Сен де шықтың, көршіңді
... байқамай
а. түртіп өттің
ә. қағып кеттің
б. шақырып келдің
8. Даладан келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады. Қарамен жазылған етістік қандай?
а. дара етістік
ә. күрделі етістік
б. болымсыз етістік
9. Дара етістікті табыңдар:
а. бара жатыр
ә. бала жатыр
б. ауырып жатыр
10. «Рахмет сабақтан кешікті» сөйлемдегі етістік ...
а. болымсыз
ә. күрделі
б. бала
10 вариант
1. Етістіктің шақтары нені білдіреді?
а. санын білдіріді
ә. мезгілін білдіреді
б. сынын білдіреді
2. Етістік қай шақта тұр? Тұрар Алматыдан кеше келді.
а. осы шақ
ә. өткен шақ
б. келер шақ
3. Етістік қай шақта тұр?
Мен ертең сағат 7-де тұрамын.
а. осы шақ
ә. келер шақ
б. өткен шақ
4. Етістік қай шақта тұр?
Мен бақылау жұмысын жазып отырмын.
а. келер шақ
ә. өткен шақ
б. осы шақ
5. Осы шақ қандай сұрақтарға жауап береді?
а. не істедім? не істедің? не істеді?
ә. не істеймін? не істейсің? не істейді?
б. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
6. Өткен шақ қандай сұрақтарға жауап береді?
а. не істеймін? не істейсің? не істейді?
ә. не істедім? не істедің? не істеді?
б. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
7. Келер шақ қандай сұрақтарға жауап береді?
а. не істедім? не істедің? не істейді?
ә. не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
б. не істеймін? не істейсің? не істейді?
8. Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын қай шақ білдіреді?
а. осы шақ
ә. келер шақ
б. өткен шақ
9. Іс-әрекеттің осы уақытта орындалуын қай шық белдіреді?
а. осы шақ
ә. келер шақ
б. өткен шақ
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар: Дауысы да ілеспес,
Өзі ұшқан қарқынға
Созған шүйке іспеттес
Жол ... артында
а. барады
ә. қалады
б. келеді
11 вариант
1. Болымсыз етістіктер болымдыға ... жалғану арқылы жасалады:
а. ма/ме; ба/бе; па/пе сұраулы шылау
ә. жіктік жалғау
б. ма/ме; ба/бе; па/пе жұрнақтары
2. Етістік ... және ... болып бөлінеді:
а. болымды, жарамсыз
ә. болымды, болымсыз
б. болған, болатын
3. Көп нүктенің орнына керекті жұрнақты жазыңдар:
Жүр ..., айт ..., жаз ...
а. ма, па, бе
ә. ме, пе, ба
б. ме, па, ба
4. Артық сөзді табыңдар:
а. ойла
ә. қара
б. көтер
5. Етістіктің болымсыз түрін табыңдар:
а. көрме жақсы
ә. көне жазба табылды
б. қарсы сөйлеме
6. Әкесі қой баға білмегеннің,
баласы қозы баға білмейді.
а. мақал ма?
ә. мәтел ме?
б. нақыл сөз бе?
7. Етістікті көрсетіңдер:
а. ораза, айт
ә. сөз, тіл
б. айт, сөйле
8. Көп нүктенің орнына керекті жұрнақты жазындар:
шай жаса ..., су әпер ...
а. ма, ме
ә. ме, па
б. ба, пе
9. Артық сөзді табыңдар:
а. ашпа
ә. алма
б. билеме
10. Болымды етістікке па, пе жұрнағы ... жалғанады.
а. дауысты дыбыстан соң
ә. қатаң дыбыстан соң
б. үнді дыбыстан соң
12 вариант
Сын есім
Көп нүктенің орнына керекті сын есімді жазыңдар:
... адам – елдің ырысы
... жер – жанның тынысы
а. жақсы, бай
ә. оқыған, таулы
б. жақсы, жақсы
2. Заттың түрін, сапасын, түсін білдіретін сөздерді ... дейміз.
а. сын есім
ә. есімше
б. зат есім
3. Артық сөзді көрсетіңдер:
а. адал
ә. ақиқат
б. ақкөңіл
4. Төмендегі сөздерден «қандай» сұрағына жауап беретін сөзді табыңдар:
а. ардақ
ә. әсем
б. қой
5. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қай?
ә. қай? қашан?
б. қандай? қайтті?
6. сын есімді көрсетіңдер:
а. ащы, тұщы
ә. жүз, ашты
б. көлді, өзен
7. Дұрыс байланысқан сын есім мен зат есімді көрсетіңдер:
а. асыл жапырақ
ә. биік бәйтерек
б. қысқа келген
8. Дұрыс жазылған сын есімді көрсетіңдер:
а. жаңбырлы
ә. жауын
б. жаңбыршы
9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
а. қандай? неге?
ә. қай? қайтты?
б. қандай? қай?
10. Артық сөзді көрсетіңдер:
а. жақсы
ә. жаман
б. таулы
13 вариант
Дара және күрделі сын есім
Бір сөзден тұратын сын есімді ... дейді.
а. күрделі сын есім
ә. жай сын есім
б. дара сын есім
2. Артық сөзді табыңдар:
а. қызғылт
ә. сары
б. қара көк
3. Дара сын есімді көрсетіңдер:
а. сары ала
ә. көкшіл
б. ақ сары
4. Артық сөзді табыңдар:
а. көк ала
ә. қызыл сары
б. көк шөп
5. Екі не одан да көп сөзден тұратын сын есімді ... дейді.
а. жай сын есім
ә. күрделі сын есім
б. дара сын есім
6. Артық сөзді табыңдар:
а. ақ дидарлы
ә. әсем қала
б. ақ боз
7. Дара сын есімді көрсетіңдер:
а. қызғылтым
ә. қызыл сары
б. ақшыл қызыл
8. Күрделі сын есімді көрсетіңдер:
а. сарғыш
ә. сап-сары
9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазындар:
... көк
а. ақ
ә. боз
б. қара
10. Артық сөзді табыңдар:
а. бозғылт
ә. қара торы
б. ақшыл
14 вариант
Сын есімді табыңдар:
а. жазықтық
ә. жарық
б. бұрын
2. Сын есім ... және ... болып бөлінеді.
а. негізгі, туынды
ә. дара, туынды
б. негізгі, күрделі
3.Сын есімді көрсетіңдер:
а. жаз, оқы
ә. бес, он
б. дарынды, білімді
4. Негізгі сын есім деп ... болған сын есімді айтамыз.
а. жалғау, сөзден
ә. түбір сөзден
б. жұрнақ, сөзден
5. Туынды сын есім ... жасалады.
а. түбір сөзбен
ә. түбір сөз бен жұрнақтан
б. жалғау мен жұрнақтан
6. Туынды сын есімді табындар:
а. көк
ә. әдемі
б. өнерлі
7. Негізгі сын есімді көрсетіңдер:
а. көк
ә. алды
б. ақылды
8. Артық сөзді табыңдар:
а. әдемі
ә. сұлу
б. көрікті
9. туынды сын есім қатарын белгілеңдер:
а. көк, ақылды, жасыл
ә. тәртіпті, аппақ, қызғылт
б. өнерлі, сапалы, таулы
10. Артық сөзді табыңдар:
а. ақ
ә. ағарған
б. ақшыл
15 вариант
Қарсы мәндес сын есімді табыңдар:
а. ұзын, үлкен
ә. ауыр, жеңіл
б. кәрі, егде
2. Үлкен – кіші, арық – семіз қандай сөздер?
а. жаңа сөздер
ә. бір мағыналы сөздер
б. қарсы мәндес сөздер
3. Сын есімді көрсетіңдер:
а. еңбекқор, ғылым
ә. адамдар, көпшіл
б. әдемі, күшті
4. Қарсы мәндес сөздерді табыңдар:
а. биік – терең
ә. үлкен – алып
б. күйлі – көтерем
5. «Зиялы» сөзінің қарсы мәндес сөзін табыңдар:
а. көреген
ә. надан
б. елгезек
6. Артық сөз тобын көрсетіңдер:
а. заман – дәуір
ә. ұзын – қысқа
б. салғырт – сергек
7. Қарсы мәндес жұпты көрсетіңдер:
а. ылди – төмен
ә. асыл – жасық
б. көреген – білгір
8. Артық сөз тобын көрсетіңдер:
а. өнерлі, әдемі
ә. үлкен – кіші
б. биік – аласа
9. «Зор» сөзінің қарсы мәндес сөзін табыңдар:
а. оңай
ә. кіші
б. үлкен
10. Қарсы мәндес сөздерді табыңдар:
а. қызыл, жасыл
ә. мектеп, сабақ
б. терең, саяз
16 вариант
Сан есім
1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а. қандай? қанша?
ә. не? нешінші?
б. қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер:
а. белсенді
ә. есептік
б. бес
3. Сан есім ... болып бөлінеді?
а. есептік, реттік, қатарлық
ә. қатарлық, кезектік
б. есептік, реттік
4. Сан есімді көрсетіңдер:
а. бес, сана, ұйықта
ә. елу бес, жас, кәрі
б. қырық, елу, жүз
5. Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Екінші, бес, алпыс алты
а. сын есім
ә. сан есім
б. есімдік
6. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді ... дейміз.
а. сан есім
ә. сын есім
б. зат есім
7. Артық сөзді табыңдар:
а. жүз, алты
ә. бірінші, сегізінші
б. қырық, алпыс
8. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазындар: Ер ... рет өледі.
Қорқақ ... рет өледі.
а. бір, бесінші
ә. бір, мың
б. бір, көп
9. Жұмбақты шешіңдер: Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
а. ешкі
ә. қой
б. архар
10. Артық сөзді табыңдар:
а. елу сегіз
ә. алты адам
б. көркем сурет
17 вариант
Дара және күрделі сан есім
Бір сөзден құралатын сан есімді ... сан дейміз.
а. күрделі
ә. жай
б. дара
2. Артық сөзді табыңдар:
а. он бес, жиырма сегіз
ә. алты, жетпіс
б. екі, бес
3. Екі немесе одан да көп сөзден құралатын сан есімді ... сан есім дейміз.
а. күрделі
ә. жай
б. дара
4. Артық сөзді табыңдар:
а. жетпіс
ә. тоқсан тоғыз
б. қырық
5. Берілген сан есімдер қандай?
11,63,24,560,89.
а. дара
ә. күрделі
б. реттік
6. Дұрыс жазылған сөзді табыңдар:
а. онтоғыз
ә. жиырма бес
б. отызекі
7. Дара сан есімді көрсетіңдер:
а. алты жүз алпыс
ә. екі мың екі жүз
б. бір
8. Күрделі сан есімді көрсетіңдер:
а. жүз алпыс
ә. жиырма
б. тоқсан
9. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер қалай жазылады?
а. бірге
ә. бөлек
б. дефис арқылы
10. Артық сөз тобын табыңдар:
а. елу бес, сарғыш
ә. сексен алты, бес мың
б. тоғыз жүз елу, әсем
18 вариант
Сан есім болып бөлінеді?
а. көптік, реттік
ә. есептік, реттік
б. септік, жіктік
2. Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сан есімді ... сан есім дейміз.
а. есептік
ә. көптік
б. реттік
3. Артық сөзді табыңдар:
а. алтыншы, тоғызыншы
ә. он, үш
б. сегіз, бес
4. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді жазыңдар:
Бір жылда ... ай бар.
а. он екі
ә. он екінші
б. үш жүз алпыс
5. Реттік сан есім тобын табыңдар:
а. бесінші, төрт
ә. үшінші, оныншы
б. алты, тоғызыншы
6. Есептік сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қанша? нешінші?
ә. неше? Қайда?
б. қанша? неше?
7. Есептік сан есімді табыңдар:
а. жиырма бес
ә. алпысыншы
б. тоқсан екінші
8. артық сөзді табыңдар:
а. елу бес
ә. сексен алты
б. жетпіс жетінші
9. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар:
Ағайын - ..., ана - ...
а. көп, біреу
ә. алтау, біреу
б. біреу, біреу
10. Реттік сан есімнің жұрнақтары:
а. –ыншы, ншы, лау
ә. –інші, тау, ншы
б. –ншы, -нші, -ыншы
19 вариант
Есімдік
Артық сөзді табыңдар:
а. әркім
ә. әсем
б. барлық
2. Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді ... дейміз.
а. етістік
ә. есімдік
б. есептік
3. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті жазындар:
... елің – алтың бесік.
а. осы
ә. барлық
б. өз
4. Мына есімдіктердің қайсысы зат есімнің орнына пайдаланылады?
а. әлдекім
ә. әрқашан
б. қанша
5. Сұрау есімдігін табыңдар:
а. бұл
ә. ешқашан
б. қандай
6. Артық сөзді табыңдар:
а. қандай
ә. қашан
б. сол
7. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті жазындар:
... жақсы болып өсуі бәрімізге байланысты.
а. кімнің
ә. осы
б. оның
8. Есімдікті қөрсетіңдер:
а. біз, біздер
ә. біз, ине
б. түр, тұр
9. Артық сөз қатарын табыңдар:
а. әркім, барлық
ә. әсем, ешқандай
б. осы, мынау
10. Септелетін есімдікті көрсетіңдер:
а. ешбір
ә. бүкіл
б. осы
20 вариант
Жіктеу есімдігін көрсетіңдер:
а. мен, ол, сол
ә. біз, бұл, оған
б. сен, сіз,олар
2. Септелетін есімдікті көрсетіңдер:
а. әлдеқалай
ә. осы
б. қайда
3. «Ол» деген сөзді көмектес септікте септеп көрсетіңдер:
а. оған
ә. оны
б. онымен
4. «Маған» деген сөз қай септікте тұрғанын анықтаңдар:
а. жатыс септік
ә. барыс септік
б. табыс септік
5. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді жазыңдар:
... кітабыңыз қызықты екен.
а. сіз
ә. сенің
б. сіздің
6. «Оны» деген сөз қай септікте тұрғанын анықтаңдар:
а. жатыс септік
ә. табыс септік
б. шығыс септік
7. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті жазындар:
... үйі таудың етегіне жақын екен.
а. оны
ә. сенің
б. оның
8. «Мен» деген сөзді шығыс септікте септеп көрсетіңдер:
а. маған
ә. менен
б. менімен
9. Есімдіктің неше септігі бар?
а. 6
ә. 7
б. 3
10. «Мен, біз» есімдіктері қай жақта тұрғанын көрсетіңдер:
а. 1 жақ
ә. 2 жақ
б. 3 жақ
21 вариант
Үстеу
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын ... дейміз.
а. сын есім
ә. есімдік
б. үстеу
2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай? қашан? қайда?
б. қашан? қай? нелер?
3. Артық сөзді табыңдар:
а. ертегі
ә. ертең
б. ерте
4. Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді жазыңдар:
Аңшылар ... түлкі әкелді.
а. кенет
ә. төмен
б. бүгін
5. Дұрыс жауабын табыңдар:
Әсел қашан келді?
а. дереу
ә. кеше
б. тез
6. Артық сөзді табыңдар:
а. асықпай
ә. бірден
б. таулы
7. Үстеуді көрсетіңдер:
а. туралы, сол
ә. жас, кәрі
б. зорға, әрең
8. Жауабын көрсетіндер:
Сабақты қалай оқиды?
а. асықпай
ә. ертең
б. кешқұрым
9. Үстеуді көрсетіңдер:
а. сыбырла
ә. қараңғы
б. күндіз
10. Артық сөзді табыңдар:
а. тез оқиды
ә. ерте оянады
б. кешке келеді
22 вариант
1. Мезгілді білдіретін үстеулер:
а. қазір, ертең
ә. жоғары, ілгері
б. ақырын, тез
2. Артық сөзді табыңдар:
а. көктемде
ә. бұрын
б. асығып
3. Мекенді білдіретін үстеулер:
а. жолшыбай, асықпай
ә. осында, артта
б. ерте, кеш
4. Сын-қимыл білдіретін үстеулер ... деген сұраққа жауап береді.
а. қашан?
ә. қалай?
б. қайда?
5. Артық сөйлемді көрсетіңдер:
а. әдемі жазды
ә. тез жазды
б. баяу жазды
6. Сын-қимылын білдіретін үстеулер:
а. қатесіз, жылдам
ә. жазғытұры, қыстыгүні
б. оңға, солға
7. Мекен үстеулер ... деген сұраққа жауап береді.
а. қалай?
ә. қашан?
б. қайда?
8. Көп нүктенің орнына керекті үстеуді жазыңдар:
Ол ... күтіп тұр.
а. солға
ә. жылдам
б. төменде
9. Мегілді білдіретін үстеулер ... деген сұраққа жауап береді.
а. қалай?
ә. қашан?
б. қайда?
10. Артық сөзді көрсетіңдер:
а. тауда
ә. таңертең
б. кешқұрым
23 вариант
Шылау
Төмендегі сөздердің ішінен шылау сөздерді белгілеңдер:
а. мектеп
ә. кейін
б. үйге
2. Дейін, шейін, жуық сөздерді қандай сөздер?
а. одағай
ә. шылау
б. қаратпа сөздер
3. Сөздерді дұрыс толықтырыңдар: Қапырық ыстықтан ... бұлт қоюланды.
а. жуық
ә. сияқты
б. кейін
4. Төмендегі сөздердің ішінен шылау сөздерді белгілеңдер:
а. жайында
ә. көгілдір
б. алты
5. Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар:
Көкжиектен батысқа ... батып бара жатқан күн көрінді.
а. жайында
ә. қарай
б. жөнінде
6. Жайында, жөнінде, гөрі, үшін сөздері қандай сөздер?
а. одағай сөздер
ә. қыстырма сөздер
б. шылау сөздер
7. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар:
Дәл осы кезде сұр бұлт арасынан доға ... кемпірқосақ пайда болды.
а. қарай
ә. сияқты
б. жуық
8. Төмендегі сөздердің ішінен шылау сөздерін табыңдар:
а. әрі, бері, жуық
ә. ақ, сары, жасыл
б. санау, жазу, оқу
9. Көп нүктенің орнына керекті шылауды жазыңдар:
Ауа райы күзге ... суытады.
а. гөрі
ә. сайын
б. таман
10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды жазыңдар:
Біздің мектепке мыңға ... оқушы бар.
а. жуық
ә. сайын
б. сиякты
24 вариант
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар:
Сенде компьютер ...?
а. барма
ә. бар ма
б. бар-ма
2. Қосымша сөзбен ... жазылады.
а. бөлек
ә. бірге
б. дефис арқылы
3. Дұрыс жазылған сөзді табыңдар:
а. биікте тұру
ә. биік те тұру
б. биік-те тұру
4. Шылау сөзбен ... жазылады.
а. бірге
ә. бөлек
б. сызықша арқылы
5. Артық сөйлемді табыңдар:
а. біз көлде шомылдық.
ә.
Достарыңызбен бөлісу: |