Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту, Әдісі: түсіндіру,ой қозғау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс



Дата28.11.2016
өлшемі40,81 Kb.
#2741
түріСабақ
Ақтөбе облысы. Хромтау ауданы «Нұрлы-көш» орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Баканова Ләззат Зарлыққызы.
Пәні:Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы: Мен елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Сырбай Мәуленовтің өмірі жайлы айта келіп, шығармаларымен таныстыру,түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық:сөйлемді дұрыс құруға,ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.шығармашылық ойын дамыту.

Тәрбиелік:оқушылардың туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:Жаңа материалды меңгерту,

Әдісі:түсіндіру,ой қозғау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, сызба,түрлі қарындаштар.ақын суреті.

Пәнаралық байланыс:дүниетану,бейнелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу. Сабаққа даярлық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Әрқашанда құрметпен,

Бас иеміз біз.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

Сыныпты топқа бөлу.

Туған жерлдің тасы да,суы да,топырағы да ыстық.Сондықтан бүгінгі топтардың аттарын «Тас», «Су», «топырақ» деп аламыз.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қызығушылығын ояту.Бердібек Соқпақбаев кім? Қандай кітабын, әңгімелерін білесіңдер?Өткен сабақта қандай жұмыс түрлерімен таныстық? «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесінде қандай мамандар жұмыс істейді?

Үй тапсырмасын қортындылау.Ой қозғау.3-оқушыдан сұраймын.

  1. «Тас».тобы.Бұзылған машиналарды таңертеңгі сапарға қалай әзірлейді?

  2. «Су»тобы.Жедел жәрдемнің қызметі не?Өскенде кім болғың келеді?

  3. «Топырақ».тобы.Баспахана қандай жұмыстар жүргізеді?Біздің ауданымызда қандай газет басылып шығады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:Кіріспе:

Сырбай Мәуленов-көрнекті ақын.1922 жылы,.17-қыркүйекте туған

С.Мәуленов 1993жылы 71жасында дүниеден өтті.Сырбай Мәуленовтың «Туған ел», «Ақ түн», «Алыс кетіп барамын» тағы басқа да кітаптары жарық көрген. Соғыс көріп шыңдалды.Сондықтан болар өзгеге ұқсамайтын өзгеше.Өзі жырлағандай «бірде қар,бірде жаңбыр,бірде ашық мінезімен ел есінде қалды.Ақын өзінің туған жері туралы былай дейді. «Сол жылы жоқшылық айдап,біздің үй Торғайдан Сыр бойына көшті.Атымды Сыр бойында туғандықтан Сырбай қойыпты».Ол жастығын соғыс ұрлаған ұрпақтың өкілі.20 жасында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ел қорғады,қан кешті.Ол Тәуелсіздік дастарқанынан дәм татты.1993жылы ақпанда дүниеден өтті.

-Бүгін біз ,сендермен Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінімен танысамыз.

Отан –әр адамның жүрегіне жылы тиетін қасиетті сөз.Отан сендердің туған елдерің,туған жерің,досың,сенің тұратын жерің.Әр адам үшін туған ел,туған жер әрқашан қымбат.Өйткені, сен туған өлке,алтын бесік-Атамекен деп аталады.Отан адам үшін біреу ғана.Отанды анаға теңейді.

.-Туған ел!Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады.Туған жерсіз адамның күні жоқ,-деген жазушы Сырбай Мәуленов.



Топтарға тапсырма.1. Суреттерге қарап Сырбай Мәуленов туралы топтастыру.2.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну.

-Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Біздің Отанымыз қалай деп аталады?

-Астанамыз қай қала?

-Дұрыс-ақ,балалар,ендеше Отан,табиғат,туған жер жайлы жырлайық.

Сергіту сәті.

Түсініктерін анықтау.1.Отан,туған жер туралы білетін мақал-мәтел жалғастыру.

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Отан оттан да ыстық.

Туған жерге туың тік.

Отан елдің анасы,ер елдің анасы.

Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.



ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Шығармадағы негізгі ойды анықта:

  • туған тіл;

  • туған ел;

  • туған жер;

  • «Туған жер» тақырыбына сурет салу.


  • Бәрі де керемет сипат



    Ана әдлиі

    Әже ертегісі

    Жеңге әзілі

    Балғын шақ

    Балалық шақ

    Туғандардың күлкісі




    көгілдір аспан

    көгілдір көл

    көк шөп

    шағала


    құлыншақ

    мөлдір ауасы

    Үйдің табалдырығы





ҮІІ. Бекіту: Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле. Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің? Өз ауылың туралы әңгімелеп бер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

Бағалау.Бағалау парағы арқылы.


Күтілетін нәтиже:

Мәтінді түсініп оқиды,идеясын түсінеді.

Туған жер туралы мағлұмат алады.Топпен жұмыс жасау белсенділігі артады.

Сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.Шығармашылық қабілеттері дамиды.



Рефлексия: Сабақ жайлы алғандарын жазып қалдыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет